Samruk-Kazyna Construction басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына аттанып, құрылысқа дайындық барысымен танысу мақсатында отырыс өткізді. Жиынға Жамбыл облысы мен Түркістан облысының солтүстік және оңтүстік бөліктеріне жауапты өңірлік өкілдер де қатысты. Әр маман ұлттық жобаның іске асырылу процессіне тоқталып, шешімді талап ететін өзекті мәселелерге тоқталды.

Қазіргі таңда құрылыс алаңдарында жайлы мектептерді тұрғызуға дайындық бойынша жұмыс аяқталуда. Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан шыққан соң мердігерлер ауқымды іске көшетін болады. Бұл ретте Басқарма Төрағасы учаскедегі техникалық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне баса назар аударды. «Аталған сұраққа бей-жай қарауға болмайды»,- деп атап өтті Мәулен Айманбетов.

Болашақ оқу орындарының аумағында атқарылып жатқан жұмыспен танысқан Samruk-Kazyna Construction басшысы күн тәртібіне тағы бір өзекті сұрақты шығарды. Ол жер учаскелерін абаттандыруға қатысты, атап айтқанда ауыр техника қатынайтын жол мен жұмысшыларға арналған «тротуарға» инертті материал төсеу керек.  Құрылыс мәдениеті алаңдарда қатаң ұстануы тиіс. Сондай-ақ Мәулен Айманбетов бейнебақылау жүйесіне қатысты сын айтты. Камераларды қазаншұңқырдың төрт жағынан орнату қажет.

Жалпы жиын барысында Шымкент қаласы мен Түркістан, Жамбыл облыстарында салынатын 50-ге жуық жайлы мектептің жүзеге асырылу барысы қарастырылды. Оқу ошақтарын 2024 жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Төрағасының блогы