Samruk-Kazyna Construction компаниясы үшін әр маманның өмірі аса бағалы, сондықтан оның қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.

 Ағымдағы жылдың қарашасында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ активтерді басқару департаменті алғашқы медициналық көмек көрсету, жүрекке массаж жасау және жасанды тыныс алу бойынша оқытуды бастады. Адамның демін, көздерінің қарашығын тексеру, реанимация жасауға арналған «нүктені» анықтау, қолдарды дұрыс орналастыру. Бұл дағдылар инфаркт, инсульт және анафилактикалық шок кезінде адамның өмірін құтқаруы мүмкін. Меңгерген ақпаратты компания қызметкерлері іс-жүзінде қолданып көрді.

 Оқыту не үшін ұйымдастырылды?

 Төтенше жағдайларда іс-әрекетке жедел көшу

  • Инфаркт және басқа да медициналық төтенше жағдай кезінде көмек көрсету мүмкіндігі
  • Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мүмкіндігін арттыру

 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ активтерді басқару департаменті «Жасыл аула» бизнес орталығында орналасқан барлық ұйым қызметкерлерін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқытумен қамтуды жоспарлап отыр. Жұмыс 2023 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізіледі. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қызметі бағыттарының бірі – ғимараттарды, оның ішінде «Жасыл аула» көпфункционалды әкімшілік ғимаратын техникалық жарамды күйде ұстау арқылы басқару, жан-жақты қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Төрағасының блогы