Атырауда «Бейбарыс» көпфункционалды тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Ол Сұлтан Бейбарыс даңғылының бойында орналасқан. Бизнес санатындағы жаңа тұрғын үй бұрынғы қонақ үй ғимаратын реконструкциялау нәтижесінде пайда болды. Құрылыс 2023 жылдың маусым айында басталып, қарашасында аяқталды.

Жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын жоба «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қатысуымен іске асырылды. Тұрғын үй кешенінің құрылысына Қоғам өзінің инвестициялық қызметі шеңберінде 800 млн теңгеден астам (34,5%) қаражат құйды. Бүгінгі таңда пәтерлерді сату жүріп жатыр.

«Бейбарыс» тұрғын үй кешенінде барлығы 40 пәтер бар. Олардың жалпы ауданы 3600 м² болады. Сондай-ақ 15 орындық паркинг және жалпы ауданы 4,1 мың м² болатын коммерциялық үй-жайлар бар. Құрылыс салушылар -  «Direct CONSTRUCTION SERVICE» ЖШС және «Yerkin Management Group» ЖШС (сату бөлімі +7 705 522 38 82).

Samruk-Kazyna Construction компаниясына инвестиция тартуға дайын коммерциялық жобасы бар құрылыс компаниялары жүгіне алады. Қоғам үш бағыт бойынша жобаларға қаражат құяды:

  • тұрғын үй кешендерінің құрылысы;
  • ескі тұрғын үйді жаңарту (реновация) бағдарламасы;
  • импортты алмастыру мақсатында құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндіретін зауыттар салу.

Барлық үш бағыт бойынша 2023 жылы Samruk-Kazyna Construction 10 млрд теңгеден астам инвестиция салды.

Инвестициялық жобалар келесі критерийлер бойынша таңдалады:

  1. инженерлік желілерге қосылуға қолданыстағы техникалық шарттары бар жер учаскесінің және мемлекеттік сараптамадан өткен дайын жобалық-сметалық құжаттаманың болуы;
  2. компанияда I және II санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік лицензияның және қажетті еңбек ресурстары мен техникасының болуы.
  3. салықтар бойынша берешектің болмауы;
  4. құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі кәсіпорындардың жобалары үшін импортты алмастыру, технология трансферті және инновация басымдық болып табылады;
  5. Тұрғын үй кешендерінің құрылысы бойынша жобалар үшін құрылыс компаниясының Астанада және мегаполистерде соңғы 3 жыл ішінде жалпы ауданы кемінде 18 мың м² болатын нысандарды салу тәжірибесі болуы қажет. Өңірлерде бұл көрсеткіш кемінде 9 мың м² болуы тиіс.

 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ серіктесті болу артықшылықтары:

  1. компанияның инвестициялық жобаларға қатысу үлесі жоба құнының 50–80% құрайды;
  2. Samruk-Kazyna Construction инвестиция сомасының 50% дейін аванс береді;
  3. қаражатты қайтару бойынша жеңілдік кезеңі бар;
  4. кепілмен қамтамасыз ету бойынша икемді шарттар ұсынылады.
Төрағасының блогы