«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 369 орта білім беру нысаны салынады.

Samruk-Kazyna Construction тапсырысы бойынша 208 мектеп – 2024 жылы, 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.

10 мектеп жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша, оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын нысанды сатып алу тетігі арқылы салынады.

Осылайша, ұлттық жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңіне енген барлық 208 мектептің мердігерлері (консорциум жетекшілері) мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ арасында ЕРС-шарттарға қол қойылды.

"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы аясында салынатын 369 нысанның тізбесі 30.01.2024 жағдай бойынша

Төрағасының блогы