Жасанды интеллектіні ендіру процесі 2024 жылдың мамырына дейін аяқталуы керек. Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов корпоративтік басқару қызметінің басшысы Дина Шахмановаға осындай тапсырма берді.

Айманбетовтың сөзінше, компания заман ағынынан артта қалмауы керек. Технологиялық жаңашылдықтарды кезең-кезеңмен ендіру маңызды. Алайда, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдалану қызметкерлерге қосымша ауыртпалық түсірмеуі керек, керісінше, жұмыс процестері мен есептілікті жеңілдетуге ықпал етуі шарт.

Сондай-ақ, Төраға корпоративтік басқару қызметіне есептілікті қысқартуды тапсырды, өйткені қажетсіз бюрократияның орнына қызметкерлер нақты істермен айналысуға тиіс.

Тәуекелдерді басқару қызметі де есеп берді. Оның басшысы Ғалия Төлеуованың айтуынша, 2024 жылға арналған тәуекелдердің тізілімі мен картасы және тәуекелдерге төзімділік деңгейі бойынша барлық құжаттар бекітілген. Тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру бойынша жұмыс жалғасуда, компанияның әрбір құрылымдық бөлімшесінде тәуекелдер бойынша үйлестірушібектіліп, олармен оқыту семинарлары өткізілді.

Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша қолданыстағы тәуекелдер тізілімін өзектендіруді тапсырды. Жаңа сыртқы және ішкі тәуекел факторларын ескеру қажет, оның ішінде әр аймақ бойынша тәуекелдерді жеке-жеке анықтау керек.

Төрағасының блогы