Об этом в ходе рабочего совещания со вторым дивизионом заявил председатель Правления Маулен Айманбетов. Бумажная волокита на данный момент препятствует некоторым важным процессам. Глава Samruk-Kazyna Construction поручил оптимизировать процедуры и ускорить работу.

Бұл туралы Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов екінші дивизионмен өткен жиын барысында мәлім етті. Бүгінде қағазбастылық бірнеше маңызды процесстердің іске асырылуына кедергі келтіруде. Samruk-Kazyna Construction басшысы процедураларды оңтайландырып, жұмысты тездетуді жүктеді.

Кросс-платформаны толтыруда да қағазбастылыққа жол бермеу маңызды. Портал құрылысты бақылау үшін ғана емес, сондай-ақ цифрландыру үшін де енгізілген болатын. Мәулен Айманбетов әр мердігерлік ұйымға бір маманды платформаға есепті жүктеу бойынша үйретуді тапсырды. Жүйеде күн сайынғы шаруа көрсетіліп, жаңартылып тұруы тиіс.

Жиын барысында жайлы мектептердің өндірістік жұмыс кестесін де жаңарту қажеттігі айтылды. Екінші дивизионға Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстары мен Алматы қалаларында бой көтеріп жатқан 48 білім ошағы кіреді. Оқу орындарының 28 ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданысқа тапсырылмақ. Мердігерлермен жасалатын жұмыс кестесінде шаруа түрі және мерзімі ғана емес, учаскедегі құрылысшылар мен техниканың саны да көрсетілуі тиіс. Бұл күнделікті бақылауды күшейтуге сеп болады.

Жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптама порталына жүктеу ісіне де қарқын қосу қажет. Екінші дивизион бойынша негізгі ЖСҚ оң қорытынды алғанына қарамастан, бұл іске әлі дайын емес бірнеше жоба бар. Дивизион жетекшісі мен өңірлік өкілдерге шаруаны бақылауға алу тапсырылды. Дедлайн мамырдың 15-іне дейін бекітілген.

Төрағасының блогы