99 пәтерден тұратын «Tumar Deluxe» тұрғын үй кешені қаладағы Қанай би көшесінің бойында салынуда. Нысан 2024 жылдың шілдесінде тапсырылады.

     Заманауи 12 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс салушысы – «Әдемі холдинг» ЖШС.

     Бұл барлық жағдайлар жасалған тұрғын үй кешені ғана емес, сонымен қатар Көкшетау қаласының сәулеттік келбетін көркейте түсетін әдемі ғимарат болмақ.

     Жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын жоба «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қатысуымен іске асырылып жатыр. Баспананың құрылысына компания өзінің инвестициялық қызметі шеңберінде жоба құнының 60% көлемінде инвестиция салды. Қалған 40% - бұл құрылыс компанияларының өз қаражаты.

     Бүгінде Samruk-Kazyna Construction ел бойынша осындай заманға сай тұрғын үй кешендерінің құрылысына белсенді түрде инвестиция салуда, өйткені бұл қазақстандықтар үшін сапалы әрі арзан баспана қолжетімді етеді. Бұған дейін біз Өскемендегі «BRICK TOWN» ТК құрылысы туралы айтқан болатынбыз. Бұл жобаға Samruk-Kazyna Construction 4,2 млрд теңге инвестиция салды.

     Тұрғын үй кешенінің болашақ тұрғындары армандаған пәтер кілтін уақытында алып, қоныс тойын тойлауы үшін Samruk-Kazyna Construction құрылыстың сапасы мен мерзімдердің бұзылмауын күнделікті қадағалап отыр.

Төрағасының блогы