Тәуелсіз директорлар – Samruk-Kazyna Construction Директорлар кеңесінің мүшелері SKCN өкілдерімен бірлесіп өңірлердегі жайлы мектептердің құрылыс алаңдарын аралауда.

     Мониторинг шеңберінде олар Астана қаласы, Ақмола облысы, сондай-ақ Шымкент, Түркістан қалалары мен Түркістан облысындағы білім ошақтарының құрылыс барысымен танысты. Көшпелі мониторинг барысында олар құрылыс алаңдарындағы ахуалды бағамдап, Samruk-Kazyna Construction өңірлік өкілдері және мердігер ұйымдардың өкілдерінің алдында мектептерді уақтылы пайдалануға беруге байланысты мәселелерді көтерді.

     «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру SKCN тәуелсіз директорларының ерекше және тұрақты бақылауында.

     Мерекелік демалыстардан кейін Директорлар кеңесінің мүшелері өңірлерге жұмыс сапарларын жалғастырады. Алматы қаласында, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында салынып жатқан нысандарға бару жоспарланған.

Төрағасының блогы