Назар аударыңыз!

Мердігер ұйымдарға ұлттық жобаның екінші кезеңін іске асыру шеңберінде «Жайлы мектептерді» жобалау және салу бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен тікелей шарт жасасу мүмкіндігі туралы үшінші тұлғалардан ұсыныстар келіп түсуде.

Мұндай ұсыныстарға сенбеңіздер! «Samruk-Kazyna Construction» АҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Ұлттық жобаның екінші кезеңі аясында 2025 жылдың соңына дейін 151 мектеп салу жоспарлануда. Мердігерлер ашық конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша айқындалатын болады. Қазір дайындық жүргізілуде, яғни бастапқы деректер жиналып, жер учаскелері рәсімделіп жатыр. Конкурстың басталғаны туралы Қоғамның ресми ақпарат көздерінде қосымша жарияланады.

Компанияның жобалары мен құрылыс мерзімдері туралы тексерілген әрі шыншыл ақпарат алу үшін тек ресми ақпарат көздеріне жүгініңіз:

Қоғамның сайты https://skcn.kz/

Instagram @samrukkazyna_construction_sk

Telegram https://t.me/samrukkazynaconstructionofficial

Алаяқтыққа жол жоқ! Егер сізге жоғарыда аталған күмәнді ұсыныстар түссе немесе жалған ақпарат тарату фактілеріне тап болсаңыз, бұл туралы дереу «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қауіпсіздік департаментіне, жергілікті атқарушы органдарға немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Байланыс үшін:

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ қауіпсіздік департаменті 8 (717) 257-35-91

e-mail: info@fnsk.kz, info@jaily-mektep.kz

Сақ болыңыз және тек тексерілген ақпарат көздеріне сеніңіз!

Төрағасының блогы