«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы                   16 наурыздан бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) басшылығы халықты, бизнесті қолдауға және әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру туралы шешім қабылдады.

Осы мақсаттар үшін Қоғам жалгерлерге (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) жылжымайтын мүлікті сатып алу құқығымен жалдаудың бұрын жасалған шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 01 маусымға (қоса алғанда) дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынды. Жалгерлер көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдерін 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін төлеуі тиіс.    Шарттарда көзделген өсімпұл мен айыппұл санкциялары есептелмейді, сондай-ақ кепілдік төлемнен есептен шығарылмайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда және қажетті түсініктемелер алу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: +7 (7172) 55-90-04, +7 (7172) 57-55-11. Пошта: info@fnsk.kz.

Төрағасының блогы