2020 жылғы 07 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы («Самұрық-Қазына» АҚ) Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті, онда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәселе мынадай өзгерістер бөлігінде қаралды:

  1. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директолрлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі - Ержан Бексұлтанұлы Тұтқышевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
  2. Жанәділ Ернар Бейсенұлы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, "Самұрық-Қазына"АҚ мүдделерінің өкілі болып сайланды.
  3. Мұратбаев Аният Қайыпбергенұлы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі болып сайланды.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің толық құрамын мына сілтеме бойынша: https://skcn.kz/ru/news/sostav табуға болады.

Төрағасының блогы