Құрметті сатып алушылар, алаяқтық  іс-әрекеттер туралы бірнеше рет түскен өтініштерге байланысты, хабардар етеміз!

Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде Өскемен қаласының Ілияс Есенберлин даңғылындағы 13/1, 13/2, 13/3, 13/7, 13/8-үйлердің құрылысын аяқтады.

Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а.         2018 жылғы 31 шілдедегі №540 бұйрығына сәйкес Тұрғын үйлерді өткізу қағидалары мен Тәртібін басшылыққа ала отырып, Тұрғын үйлерді тек қана Қоғам өткізеді.

Өткізудің негізгі тетігі – кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру.

25.09.2020 ж. Қоғамның «skcn.kz»  корпоративтік сайтында конкурстың шарттары мен өтінімдерді қабылдау мерзімі (2020 жылғы 5-7 қазан аралығында) туралы хабарландыру жарияланды.   

Конкурс электронды ұтыс ойыны арқылы «dom.fnsk.kz» порталында өткізіледі, қосымша бағдарламалар орнату жолымен нәтижелерге әсер ету мүмкін емес. ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру дербес деректердің жоғалуына, басқа да қаржылық шығындарға, сіздің атыңыздан кредит алуға және алаяқтық әрекеттерге әкелуі мүмкін.

Қоғам риэлторлық және/немесе консалтингтік компаниялармен ешқандай шарттық міндеттемелері жоқ екендігі және консультациялық қызметтер үшін ақшалай комиссия алмайтыны туралы қайта хабарлайды!

Алаяқтық әрекеттер туралы бірнеше рет жасалған мәлімдемелерге байланысты, өтінімнің түпнұсқалығы және жалдау төлемінің ең жоғары сомасының (ЖТЖС) есебі мұқият қайта тексерілетін болады.

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінім берілген кезде бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қоғам көрсетілген өтінімдерді қабылдамайды, ал Сіздің деректеріңіз жосықсыз өтінім берушілер тізіміне енгізілетін болады.

Сондай-ақ Қоғам Объектіде Сату бөлімін ұйымдастыратын болады. Өскемен қаласындағы ресми өкіл Жұмақанов Әлібек Тұрсанғалиұлы (тел.: +7 (778) 808 88 04).

Тұрғын үйлерді өткізу жөнінде консультация алу үшін байланыс деректері: +7 (778) 808 8804, +7 (701) 270 90 96 немесе электрондық пошта: info@fnsk.kz.

Үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттердің барлық жағдайлары туралы келесі телефон нөмірлері: +7(7172) 57-01-98, +7 (7172) 55-90-09 немесе келесі электрондық пошта арқылы: info@fnsk.kz Қоғамның Қауіпсіздік департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Алаяқтықтан сақ болыңыздар!

Төрағасының блогы