«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының волонтерлік әлеуметтік-қайырымдылық жобасына кіретін Қоғам қызметкерлері 1 қазанда Қарттар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында 50 қарт адамға азық-түлік себетін таратты.

Еріктілер санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шараларын (қашықтықты сақтау, медициналық маскалар мен қолғаптар кию) сақтай отырып, азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды қарттарға жеткізді.

Адресаттар тізіміне жалғыз басты зейнеткерлер, тыл еңбеккерлері, мүгедектер мен соғыс ардагерлері сияқты көмекке мұқтаж адамдар ғана кірді.

Көмек алған қарт адамдар барлық еріктілерге ризашылықтарын білдірді!

Төрағасының блогы