2022 жылғы 18 ақпанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы («Самұрық-Қазына» АҚ) Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті, онда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар кеңесінің құрамы туралы мынадай шешімдер қабылданды:

1) «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2) «Samruk-Kazyna Construction»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болатхан Айтқожаұлы Сандықбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

3) Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына келесі тұлғалар сайланды:

- Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен (№17/21 хаттама) белгіленген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі болып сайланды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

- Қорабаев Елжас Қайратұлы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен (№17/21 хаттама) белгіленген «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып сайланды.

Төрағасының блогы