«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Мәулен Айманбетов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Айманбетов Мәулен 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтының Алматы жалпы техникалық факультетін автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар агроном, экономист дипломы және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1990 жылы «Алматықалақұрылыс» тресінің ҚМБ-2 шебері болып бастаған. Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары Автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы бойынша Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары (автожолдарды жобалауға жетекшілік ету), Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі (ҚР ПІБ объектілерін жобалау және салу) болып жұмыс істеді.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, жайлы қалалық ортаны дамыту (табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу) басқармаларына, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментіне жетекшілік етті.

Төрағасының блогы