2022 жылғы 18 наурыз айында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы Петропавл қаласының тұрғын үй қорын реновациялауға Қоғамның ықтимал қатысуын айқындау мақсатында Петропавл қаласына барды.

Жаңарту бағдарламасы ескі тұрғын үй иелерінің әл-ауқат деңгейін арттыру, өңірдің келбетін жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

Қоғам басшылығы өңір әкімшілігімен және құрылыс салушылармен бірлесіп, өнімі үйлердің жылдам құрылысы кезінде пайдаланылатын ірі панельді үй құрылысы зауытына барды.

Жұмыс сапары аясында Қоғам басшылығы Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен, Петропавл қаласының әкімімен, сондай-ақ құрылыс бойынша жауапты тұлғалармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында құрылыс саласын дамыту, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Петропавл қаласының тұрғын үй қорын жаңартуға қатысуы, әлеуметтік бағдарламаларға қатысуы, құрылыстағы инвестициялық әлеует мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Қоғамға Петропавл қаласының құрылысына инвестор ретінде белсенді қатысуды ұсынды.

Төрағасының блогы