Құрметті Отандастар!

 

Баршаңызды жарқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – жаңғыру, бірлік, даналықтың символы. Наурыз адамдарға оптимизм мен ең қымбат тілектердің орындалуына үміт береді.

Қазіргі уақытта мен Қоғам жалгерлерінің нақты жағдайын зерттеу мақсатында ел өңірлерін аралау бойынша жұмысты бастадым. Біз жалға алушылардың жағдайын түбегейлі жақсартуға бағыт алдық.

Бұдан басқа, Қоғам азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және өңірлерде тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған тұрғын үй саясатын іске асыруға, оның ішінде инвестициялау арқылы белсенді қатысуға ниетті!

Наурыз мерекесі қарсаңында барлық жалға алушылар мен серіктестерімізге шын жүректен амандық тілеймін!

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ болашаққа оң көзқараспен қарауда. Біз Қазақстанның құрылыс индустриясын дамытуына елеулі үлес қосатынымызға сенеміз!

Төрағасының блогы