Жобалау департаментімен кеңес бүгін сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Бірінші басшысы М.З. Айманбетовтың төрағалығымен өтті, отырыс барысында құрылымдық бөлімше қызметінің есептері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, 2022 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде есеп нысанында инвестициялық жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеушілер туралы кеңейтілген ақпарат ұсынсын және жергілікті сметалар мен жиынтық сметалық құн бойынша баға белгілеуге тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.

Басқарма Төрағасы жұмыс жүргізу кестесі бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысына бақылауды күшейтудің, сараптамадан өту мерзімдерінің бұзылуына жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.

Төрағасының блогы