2022 жылғы 19 сәуірде сағат 15:30-да (Ақтөбе қ.уақыты бойынша) Қоғамның Басқарма Төрағасы «Батыс Премиум» тұрғын үй кешеніне барып, онда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалға алушыларымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғын үй кешенінің әрбір жеке үйі бойынша «Мүлік иелерінің бірлестігін» құру қажеттілігі туралы мәселе талқыланды. Тұрғын үй кешенінің аумағын күтіп ұстау, абаттандыру бойынша тұрғындарды толғандыратын сұрақтар, сондай-ақ жалға алушылардың басқа да жеке өтініштері қаралды.

М.З. Айманбетов айтылған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар шараларды жариялады. Атап айтқанда, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қызметкерлеріне Жалға алушылармен бірге ақауларды анықтау және жауапты тұлғалар мен ұйымдарды анықтау мақсатында тексеру актісін жүргізуді тапсырды.

Жиналыс соңында тұрғындар Қоғам Басқармасының Төрағасына «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенін жалға алушылардың қалыптасқан мәселелерін шешуде ұсынылған шаралар үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Төрағасының блогы