2022 жылғы 19 сәуірде сағат 17:00-де (Ақтөбе қ.уақыты бойынша) Қоғамның Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінің Меншік иелері бірлестігінің (МИБ) өкілі Овчаренко Янамен кездесу өткізді.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Бірінші Басшысы тұрғын үй кешенін абаттандырудың ағымдағы жағдайы туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, кездесуде жаяу жүргіншілер тротуарлары мен ойын алаңдарын орнату қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.

Мәселен, М.З. Айманбетов «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінің аумағын жеке қарап шығып, Қоғамның тиісті қызметкерлеріне инвестор құрылыс салушымен мәселелерін пысықтау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Төрағасының блогы