2022 жылғы 30 сәуір, сенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін "Samruk-Kazyna Construction" АҚ (бұдан әрі-Қоғам) Басқарма Төрағасы құрылыс салушылармен жиналыс өткізді.
Кеңеске Базис-Астана, "Bestbuilding" ЖШС, "Ayt Housing Complex" ЖШС, "Stream energy company" ЖШС, "Bavaria Construction" ЖШС, "Smart Stroy 2050" ЖШС, "Дорстройстрест" ЖШС, "Evergreen" ЖШС және "D&J group"ЖШС басшылары қатысты.
Кеңес барысында құрылыс салушылар Қоғам Басқармасының Төрағасына атқарылған құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы ақпарат берді. Мәселен, белгілі бір объектілер бойынша өндірістік жұмыстардың бекітілген кестесінен артта қалушылықты анықтай отырып, М.З. Айманбетов қарқынды жеделдетуді тапсырды. Атап айтқанда, қолайлы ауа-райы жағдайларын пайдалана отырып, қосымша еңбек ресурстарын тарта отырып, тәулік бойы жұмыс режимін ұйымдастыру. Егер құрылыс салушылар 10 күндік мерзімде кестеге сәйкес қарқынын арттырмаса, олармен жасалған шарттар бұзылып, инвестициялық қаражат кері қайтарылады.
Сондай-ақ, құрылыс салушыларға сыртқы инженерлік желілер бойынша жұмыстарды уақытылы орындау, абаттандыру, көгалдандыру және балалар алаңдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Қоғамның Бірінші Басшысы құрылыста қолданылатын құрылыс материалдарының жоғары сапасына қатысты техникалық қадағалау сарапшыларына қатаң талаптар қояды. «Жаңа қоныстанушылар тұрғын үйлердің сапасына риза болуы үшін үйлерді өзіңіз тұратындай салып тұрғызыңыз», - деп атап өтті Айманбетов. Мәселен, өзіне қабылдаған міндеттемелерді жосықсыз орындаған жағдайда ҚР заңнамасында көзделген тиісті шаралар қабылданатын болады.
Төрағасының блогы