2022 жылғы 11 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Бірінші Басшысы М.З. Айманбетовтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында жақын арадағы перспективаға арналған жұмыс жоспары айқындалып, Басқарма төрағасының орынбасарлары мен Қоғам департаменттерінің директорларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Мәселен, жауапты тұлғалар өңірлер бойынша хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы есептер, ағымдағы инвестициялық жобалар бойынша талдауды, қайталама сатуды іске асыру және жалдау төлемдерін есепке алу туралы ұсыныстарды, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Жаңа даму стратегиясын әзірлеу кезеңдері туралы есептілікті, мегаполистердегі ескі, авариялық тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламаларын іске асыру механизмдерін, ақпараттық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және тұтынышылармен тікелей байланысты болдырмау мақсатында бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру, тұрғын үй кешендерінде Мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) және Жай серіктестік (ЖС) құру мәселелерін шешу, Қоғамның типтік шарттарын жасасу тәртібін жетілдіру және т. б. міндеттемелер қойылды.

Төрағасының блогы