2022 жылғы 17 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын үй объектілерін пайдалану мәселелері бойынша жетекшілік ететін бас менеджері Н.М. Жұмабеков Қарағанды қаласындағы «Жанұя» тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясының өкілімен кездесу өткізді.

Кездесуде тұрғын үй кешенін басқару және күтіп ұстау мәселелері талқыланды. Жұмыс сапары аясында Жай серіктестік (ЖС) құру үшін тиісті құжаттар ресімделді. Осылайша, Жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасына кондоминиумды тіркеу және есептілікті жасау бойынша тапсырмалар берілді.

Айта кету керек, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Меншік иелері кооперативі (МИК) жұмысын тоқтатады. Олардың орнына Жай серіктестіктер (ЖС) және Мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) келеді.

Төрағасының блогы