2022 жылғы 18 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов Жезқазған қаласындағы «Самға» ЖШС темір-бетон конструкцияларын шығару жөніндегі өндірістік зауытқа барды.

Аралау барысында зауыт Директоры Байділдаев А.Б. кәсіпорын қызметі туралы айтып, арматура өндірістік желілерімен, ұсақ даналы бұйымдар, сондай-ақ құрама темірбетон өндірісімен таныстырды.

Инвестициялық қызмет аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ішкі нарықты дайын және қолжетімді өніммен қамтамасыз ету үшін құрылыс материалдарының импортын алмастыруға бағытталған. Осылайша, құрылыс процестерін индустрияландыру Қазақстандағы түпкілікті құрылыс өнімінің өзіндік құнын реттеуге мүмкіндік береді.

Төрағасының блогы