Ағымдағы жылғы 8 маусымда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов Активтерді пайдалану және сату департаментінің барлық қызметкерлері мен мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.

   Кеңес барысында Департамент қызметінің өзекті мәселелері талқыланып, жауапты тұлғалар алдына бірқатар талаптар қойылды.

   Атап айтқанда, Қоғамның тұрғын үй кешендерінде Мүлік иелері бірлестігін (МИБ) және Жай серіктестіктерді (ЖС) тіркеуді жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді. Тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсету бойынша шығындарды бөлудің барлық мәселелері бойынша тұрғындардың (меншік иелері мен жалға алушылардың) жалпы жиналыстарына қатысуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

   М.З. Айманбетов коммуналдық қызметтермен жылыту маусымына дайындықты мұқият пысықтау қажеттігін атап өтті.

   Кеңес барысында Қоғам Басқармасының Төрағасы тұрғын үй қоры объектілерінің аумағындағы ақауларды жою және абаттандыру бойынша тапсырмалардың орындалу барысын тексерді.

   Қоғам Басқармасы Төрағасы қызметкерлердің бастамаларын, ұсыныстаррын және проблемалық мәселелерін тыңдап, өзінің жеке бақылауына алды.

 

 

Төрағасының блогы