2022 жылғы 10 маусымда Атырау қаласына жұмыс сапары аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов «Французский квартал» тұрғын үй кешенінің аяқталу жұмыстарымен танысты.

Аралау барысында Қоғам Басқарма Төрағасын бас мердігер ұйымның Басшысы объект бойынша құрылыс жұмыстарын көрсетті. М.З. Айманбетов ішкі әрлеу, сыртқы қасбет, тұрғын үй объектісінің аумақғын абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кейін Қоғамның Басқарма Төрағасы «Су дайындау» және ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілерінің бас мердігерімен кеңес өткізді, онда жұмыстардың іске асырылу барысы мен ағымдағы жағдайы талқыланды.

Төрағасының блогы