Өткен демалыс күндері «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ұжымы табиғатқа шығуды өткізді. Тимбилдинг «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 2022 жылға арналған әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бекітілген кешенді іс-шаралар жоспары шеңберінде ұйымдастырылды.

Корпоративтік саяхат өткізу идеясы компанияның жаңартылған ұйымдық құрылымын ұсыну, ұжымға жаңа қызметкерлерді үйлесімді енгізу, коммуникациялық дағдыларды жетілдіру қажеттілігінен туындады.

Қоғамның Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетовтың айтуынша, осындай іс-шаралар ұжымды дамыту мен біріктірудің тиімді құралы болып табылады.

Тимбилдинг барысында таза ауада физикалық және зияткерлік сайыстар өткізілді, бұл саяхатты қызметкерлер үшін қызықты етті. Осылайша, іс-шараның басты құңдылығы топтық жұмыс және өз ұжымына сенім артудың маңыздылығы болды.

М.З. Айманбетов барлық қызметкерлерге белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, жұмыстарыны табыс тіледі!

Төрағасының блогы