Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Саламатсыздар ма? Мен ЖК Шығыс тұрғыны Дауетаева Гулзина Ашимхановна Сідердің мына тел неге үнемі сөндірулі ? электронно менеджерге хат жазамыз оқымайды! Мен ЕНПФ счетымдағы ақшаны аудару үшін Асел деген қызға 1 Ай болды құжаттарым әлі дайын емес рукаводствода подпистте жатыр дейді ! Уже 1 Ай болады! Телефондарыңыз үнемі істемейді Неге? Сонда мен құжаттарды алу үшін Президентке хабарласуым керек пе? Мына номер 87172559004 Шығыс тұрғындарымен жұмыс жасайтын қыздар неге жұмысына дұрыс қарамайды халықпен дұрыс жұмыс атқармайд? Менің құжаттарымды алу үшін тағы 1 ай күту керек пе?Примите меры!
Жауап
Қайырлы күн, Гулзина!
Сіздің өтініміңіз дайын және 2021 жылғы 16 ақпанда сізге қолма-қол жіберілді. Біздің менеджерлеріміздің жұмысына қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.
Туындаған жағдай үшін кешірім сұраймыз!
-
Ассалаумағалейкум Болатқан Айтқожанұлы мен Аймахан Нұрлан Қазуллаұлы иин.820627300882 Қызылорда қаласы Демесінов көшесі 77А _4 пәтер тұрғынымын. Мен осы үйді САМРҰҚ арқылы 20 жылға ипотекаға алған болатынмын. Ендігі жерде президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ артық артылған ақшаны байдалануға болатын бағдарламасына орай қазіргі таңда өзіме тиісілі ақша ТҰРҒЫН ҮЙ ЖИНАҚ БАНКІНЕ 1312776,00 теңге түсіп тұр . Осыған орай Самрұқ info@fnsk.kz сайтына для ЧАСТИЧНОГО ПОГАШЕНИЯ туралы ЗАЯВЛЕНИЕ жазып жіберген болатынмын. Ендігі жерде ешқандай хабар айтпай отыр ,звондасам телефон жауап берілмейді 55-90-04 .Өтініш дұрыс жаздымба ,дұрыс толтырылды ма білмей отырған жайым бар КӨМЕК БЕРСЕҢІЗ. РАХМЕТ СІЗГЕ.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Нұрлан!
Сіздің өтінішіңіз біздің электрондық поштамызға келіп түсті, алайда оны тіркеу мүмкін болмады, өйткені өтінішке қоса берілген файлдар (құжаттар) бүлінген және оларды ашу мүмкін болмады. Өтінішіңізді қайта жіберуді сұраймыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Актаудағы самрук казынамен алған уй сапасына бағасы сай емес. Сол жөнінде камися сайлап тексеруді өтінем. Және көптеген нарушениялар бар.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Мұрат!
Сіз бас менеджердің электрондық мекенжайы b.yessim@fnsk.kz бойынша, өтінішіңізде қозғалған мәселелер бойынша толығырақ ақпаратты көрсетуіңізді сұраймыз.
Қызығушылық танытқандарыңыз үшін рахмет!
-
Құрметті Болат Айтқожанұлы! Бүгінгі таңда, "Самұрық Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ-мен 2019 жылы 11 наурыз үйді жалға сатып алу туралы №113213905 келісім шарт жасаскан болатынмын. Мемлекеттік зейнетақы қорынан өзіме тиесілі қаражатты алуға өтініш беріп қазіргі кезде қаражат Отбасы банк шотына түсіп отыр, ары қарай қаражатты мақсатты пайдалану үшін Сіз басқарып отырған кәсіпорыннан берешекті өтеу туралы анықтама алу қажеттілігі туындап отыр. Ал сіз басқарып отырған кәсіпорыннан аталған анықтаманы алу бүгінгі таңда қарапайым жеке тұлға үшін азаппен тең, себебі арыз 15 жұмыс күн ішінде қаралады, ЕНПФ порталына түскен өтінімнің қарау күнін ескерсек Сіздің кәсіпорыннан анықтама алғанша өтінім уақыты өтіп кетері сөзсіз. Осы ғылыммен техниканың дамыған заманында осы процедураны жеңілдетуге болмайды ма? ЕНПФ 11 566 058 есеп-шотқа қызмет көрсетеді екен, зейнетақы қорына берген өтінішім 3-5 күн аралығында қаралып сапалы қызмет алдым. Менің Сіздің атыңызға берген өтінішім 11 ақпанда жолданғанына қарамастан, + 7 7172 57 55 44 телефонындағы тұлға арыздың түскенін қуаттай алмай отыр, info@fnsk.kz электрондық адресіне жолданған арыздың осы уақытқа дейін түспеуі мүмкін емес, ал бүгін түс уақытынан соң ол телефонмен хабарласу тіпті мүмкін емес. Ұлттық әл-ауқат қорына қарайтын кәсіпорын неге клиенттеріңіздің өтініштерін жылдам қарай алмайды, Бірыңғай зейнетақы қорына келіп түсетін арыздардың жанында Сіздерге келіп түсетін арыздардың саны салыстыруға келмейтін шығар, құрметті Болат Айтқожанұлы, Президент айтқандай "Сапалы қызмет заман талабы" деген қағиданы басшылыққа алып азаматтардың проблемаларын шешуді қолға алсаңыз екен.
Жауап
Қайырлы күн, Ахад!
Біздің менеджерлер Сіздің сұрау салуыңызды кезек тәртібінде өңдеп, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша жауап береді.
Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Құрметті Болат Айтқожанұлы!Саламатсыз ба? Мен Жұмағұлова Айнагүл Қуанышбайқызы "Самұрық Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ-мен 2015 жылы 27 шілдеде үйді жалға сатып алу туралы №104206244 келісім шарт жасаскан болатынмын.. Жылжымайтын мүліктің мекен жайы; Ақтөбе қаласы Юнис Сити Бокенбай батыр 155/7 пәтер 332 үй. Енді осы үйді толықтай ақшасын төлеп сатып алғым келеді ол үшін не істеуім керек ? Өтініш жазу керек пе? Қандай мүмкіндік бар?
Жауап
Қайырлы күн, Айнагүл!
Жылжымайтын мүлікті мерзімінен бұрын сатып алу тәртібі "Сатып алу құқығымен жалдау" шартының 6-бөлімінде айқындалған.
Сізге info@fnsk.kz электронды поштасына толық сатып алуды жүзеге асыру туралы өтініш жазып жіберу қажет.
Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі бойынша менеджер Әсел Аминоваға хабарласуға болады.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Ассалаумағалейкум, Болатхан Айтқожанұлы! Мен, 2019 жылы Ақтау қаласынан жалға алу бағдарламасы бойынша пәтер алған болатынмын. Енді, зейнетақы қорын пайдаланып, мерзімінен бұрын ішінара жабқым келеді. Осы орайда келісімде көресетілген 20%дық штраф бойынша сұрайын деп едім. Инфляция көлемін ескере отырып, мен сияқты көптеген адамдарда өз зейнетақы қорын пайдаланып, ішінара мерзімінен бұрын жабқысы келетін болар. Осы арада 20%дық штрафты алып тастау және мерзімін қысқарту бойынша өтініш жасағым келеді.
Жауап
Қайырлы күн, Қанат!
Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы Жер»мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды «сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты жалдау шартының талаптарын қайта қарау мүмкін емес.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салематсызба!!!Мен Актау каласынанмын .32 а мкр да уйлерди тапсырып жатыр деп естигенмин содан маган 3 ханалы уй алыуга комектессениз.операторларыныз дурыс жауап бермейди.
Жауап
Қайырлы күн, Эльвира!
Бүгінгі таңда Ақтау каласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды. Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады, немесе толық ақпаратты менеджер Таубаева Әселден келесі байланыс деректері арқылы білуге болады:
Тел.: +77172575511э. пошта: a.taubayeva@fnsk.kz.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Шымкент қаласынан 2018 жылдың желтоқсан айында сіздерден үй алғанбыз. ЖК"Əдия"дан 2019 қаңтардан бастап тұрып жатырмыз жəне ай сайын төлемақыны төлеп отырмыз. Бізге сол төленген қаржының историясын алуға болады ма? Əлі қанша уақыт берешегіміз бар сол жайлы ақпаратты біліп отыратын интернет-банкинг секілді бірдеңе бар ма? Көріп бақылап отыратын.
Жауап
Қайырлы күн,Талғат!
Біздің www.skcn.kz сайтымызда жалға алушыларымыз үшін жеке кабинет қарастырылған. Сіз ЭЦҚ арқылы тіркеліп, жеке кабинетіңізге кіре аласыз. Жеке кабинетте Салыстыру актісін қарау функциясы арқылы сіз барлық төлемдеріңізді салыстыра аласыз.
Сонымен қатар, менеджерлермен +7 (7172) 55-90-04 телефоны арқылы байланысуға немесе жетекшілік ететін менеджер Журтекина Камилаға k.zhurtekina@fnsk.kz электрондық поштасына сұрау салуға болады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Құрметті Болатхан Айткожанович! Мен ЖК Шығыс тұрғын үй тұрғынымын. Мен 2 ай болды Сіздердің менеджерлеріңізден бір анықтаманы ала алмай,ЕНПФ ға счетымнан арендаға алған үйіме пенсионныйымдағы ақшамды аудару үшін Сіздерден погашение туралы график және анықтама керек десем Менеджер маған мен оны 5 күнде де дайындай алмаймын деп грубо жауап берді! Сонда мен график погашение последний датамен анықтаманы қайдан аламын.Сіздердің жұмыс істегісі келмейтін менеджерлеріңіден анықтаманы қалай аламын тіпті бір анықтаманы 5 кунде жасамаймын деп кесіп айтты. Маған кім береді?заявление жаз дейді неге формасын бермейді тіпті мы по удаленному по всему мира пандемия деп грубо жауап берді Справка погашение график не обещаю деді ?Что за отношение? 87172559004 осы номердегі Менеджер ЖК Шығыс тұрғындарына жауап бертін менеджер!Мен график погашение мөрі басылған анықтаманы қайдан аламын!Маған көмек керек !
Жауап
Қайырлы күн, Гулзина!
Азаматтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануы туралы заң күшіне енгендіктен, Сіз info@fnsk.kz. электрондық поштасына жазбаша сұрау салу арқылы қажетті анықтаманы ала аласыз.
Сіздің сұрауыңызды біздің менеджерлер өңдеп, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша жауап береді. Менеджерлермен тиісті жұмыс жүргізілді. Бұл қызметкер өз жұмысына қатысты ескерту алды. Толық ақпаратты сілтеме бойынша біле аласыз:https://skcn.kz/kz/news/news/627Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
-
Бүгін, яғни 18.01.2021 жылы, Нұрсұлтан қаласы, Е-10, 17/10 мекен жайына, Алматы облысы, Карасай аудан, Іргелі елді мекенінде тұрған ЖК "Асыл Арман" кешенінен алған пәтердің келесім шартын бұзу бойынша барған болатынмын. Кіре беріс жерде орналасқан ақпарат беретін маман ешқандай сұраққа жауап бере алмады. Онымен қоса 55-90-04 телефонына жауап берген Камила Журтекина есімді маман, өте дөрекі сөйлесіп, төмен деңгейлі маман екенін білдірді. Айттатын сөздері карантин адам кабылдамаймыз, арыз өткізу ішін копия почтаға жіберіңіз деген сөзден баска нақты акпарат айткан жок және келісім шатты бұзу бойынша кандай жұмыстар жүргізілу керектігін білмейді. Неге ондай мәдениеті төмен, білімі жок мамандар Сіздің мекемеңіщде жұмыс істейді??? Неге ол мамандар, жоғарғы деңгейде түсіндіріп жауап бермейді??? Телефонды тастай салу деген ешкандай мемлекеттік мекемелерді жок деп айьуга болады, карантин болса неге арыз калдыруға болатын жәшіктер орналастырылмайды? Самрук Сонстаршэннің бірде бір мамандарымен сөйлесу мүмкіндігі болған жоқ. Құрметті Болатқан Айткожанұлы, Сіздің мекемеңізден кез келген Министрлік қызметкерлерінен акпарат алу және арыз шагым калдыруға ынгайлы!!! Мемлекет басшысы Қасым Жомар Кемелұлы Тоқаевтың халық үніне құлақ асатын мемлекет болу туралы айткан тапсырмасы Сіздің мекемеңізге катысы жок па? Заңда көрсетілген мерзімде маған жазбаша жауап беруіңізді сұраймын.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Азамат!
Сіздің атыңыздан 21.01.2021 жылы сенімхат бойынша жалдау шартын бұзуға өтініш қабылданды. 27.01.2021 жылы Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15.00-де сіздің пәтеріңізді екінші рет өткізуге конкурс аяқталады. Конкурс нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлікке талап ету құқықтарын басқа жалгерге беру үшін, үшжақты шартын жасасу рәсімі жүргізілетін болады.
Менеджер Журтекина Камилаға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз!