Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ:
    «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу үшін әлеуетті өтінім берушілерге (құрылыс компанияларына) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қарауына қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу бойынша қарауға ұсыну қажет құжаттар тізімі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz веб-сайтының «Құрылыс салушыларға» тарауында орналастырылған.

  • Сұрақ:
    Жалға берілетін тұрғын үйлерге кезекке қалай тұруға болады және ол үшін қандай құжаттар қажет?

    Жалға берілетін тұрғын үйлерге кезекке тұру үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажет, себебі тұрғын үйлерді «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша Жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша өткізу бірінші кезекте төлем қабілеттілігін растаған, тұрғын үйді кейін сатып алумен жалға алушылар тізімін қалыптастырып, Жылжжымайтын мүлік қорына жіберетін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы жүзеге асырылады. Бұдан әрі ЖАО арқылы үйлестірілмеген Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері одан әрі жалдау төлемдерін төлеу үшін жеткілікті кірісін растаған, баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдарға артықшылық көрсету қағидатын сақтай отырып, сатып алу құқығымен жалға беру жолымен интернет арқылы өткізілуге жатады.

    Құжаттар тізімімен, қатысу қағидаларымен және жалға берілетін тұрғын үйлерді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  желісі бойынша өткізу тетіктерімен www.fnsk.kz корпоративтік сайтының «Тұрғын үйлерге өтінім берушілерге» - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібі бөлімінде танысуға болады.  

  • Сұрақ:
    Тұрғын үйді міндетті түрде сақтандыру қажет пе және сақтандыру рәсімі қанша тұрады?

    Бағдарламаның талаптарына сәйкес Жалға алушы сатып алу құқығымен жалға беру шартының бүкіл қолданылу мерзімі бойы тұрғын үй-жайдың зақымдануынан немесе жойылуынан келтірілген зиянды өтейтін мөлшерде Жылжымайтын мүлік қорының (пайда алушының) пайдасына сақтандыру төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін мүлікті сақтандыруды жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.  Сақтандыру төлемініңі жалпы сомасы Жылжымайтын мүлік қорының сақтандыруы сәтіне тиісті тұрғын үй-жайдың негізгі құнының сомасынан төмен болмауы тиіс.

  • Сұрақ:
    Пәтерді мерзімінен бұрын сатып алған жағдайда, қалған сома қайта есептеле ме?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібіне сәйкес (бұрын - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) тұрғын үй-жайды мерзімінен бұрын меншікке алуға мараторий мерзімі (3 жыл) аяқталғаннан кейін ғана сатып алу құқығымен жалға берілген тұрғын үй-жайларды мерзімінен бұрын толығымен сатып алуға болады. Тұрғын үй мерзімінен бұрын толығымен сатып алынған кезде, жалға алушы жылжымайтын мүлік құнының қалған сомасын тікелей сатып алу бағасымен төлейді. Қалған кезең үшін жалдау төлемдері есептелмейді.

  • Сұрақ:
    Кепілдік төлемдер қандай жағдайларда есептен шығарылады? Кепілдік төлем бірінші 3 айдың жалдау төлемі ретінде есептеле ме?

    Сатып алу құқығымен жалға алу шартының 5-тарауына сәйкес кепілдік төлем тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға берудің бірінші 3 айының жалдау төлемі ретінде есептелмейді. Кепілдік төлем осы Шарттың бүкіл қолданылу кезеңіне төленеді және сол Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе осы шарттың талаптары сақталған кезде шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін  Жалға алушыға қайтарылады немесе жалға алудың соңғы 3 (үш) айының жалдау төлемі есебіне алынады.

    Мынайдай жағдайлардың бірі немесе жағдайлар жиынтығы орын алғанда: 

    • Жалға алушының жалдау төлемінің сомасын уақытылы (күнтізбелік 5 (бес) күннен артық мерзімі кешіктірілген қарыз) төлемеуі;
    • Жалға алушының коммуналдық төлемдерді уақытылы (күнтізбелік 5 (бес) күннен артық мерзімі кешіктірілген қарыз) төлемеуі;
    • Жалға алушының пайдалану қызметтері үшін төлемдерді уақытылы (күнтізбелік 5 (бес) күннен артық мерзімі кешіктірілген қарыз) төлемеуі;
    • Жалға алушының Үй-жайларға және/немесе ортақ пайдалану орындарына зиян (Жалға алушы зиян келтірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келтірген зиянды өз еркімен жоймаған жағдайда) келтіруі;

    Жалға алушының осы Шартта көзделген өзге міндеттемелерді орындамауынан Жалға алушыда Жалға беруші немесе үшінші тұлғалар алдында Үй-жайларды пайдаланумен және иеленумен байланысты ақшалай міндеттемелердің пайда болуы Кепілдік төлімді есептен шығару үшін негіз болады.

  • Сұрақ:
    Тұрғын үйге өтінім беру кезінде ата-анамды тең өтінім берушілер ретінде көрсетуді жоспарлап отырмын. Ата-анам зейнеткерлер. Мұндай жағдайда не істеу керек?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібіне сәйкес (бұрын - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы)  отбасы мүшелері тең өтінім берушілер бола алады. Отбасы мүшелеріне күйеуі (әйелі) және олардың ата-анасы, Өтінім берушінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, атасы, әжесі, немерелері, некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) жатады.

    Өтінім берушінің немесе отбасы мүшенің күйеуі (әйелі) онымен бірге тұратынына/тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшесі ретінде көрсетіледі, бағдарламаға сәйкес жасқа байланысты шектеулер жоқ. Осылайша, зейнеткерлер болып табылатын ата-аналар ЖЖТ есептеген кезде Тең өтінім берушілер ретінде қатыса алады.

  • Сұрақ:
    Пәтер Әкімдік арқылы алынған және ай сайынғы төлем 107 мың теңгені құрайды. Мүгедектер (жағдайы төмен, толық емес отбасылар) бұл соманы қалай төлейді?

    Төлем қабілеттілігі - Бағдарламаның негізгі өлшемшарттарының бірі болып табылады. Жылжымайтын мүлік қорымен сатып алу құқығымен жалға алу шартын жасау үшін Өтінім беруші жалдау төлемдерін, жалға алынатын үй-жайды күтіп-ұстауға негізгі шығындарды және Өтінім беруші мен оның отбасы мүшелерінің өзге де шығындарын төлеуге жеткілікті кіріс жиынтығының мөлшерін растауы тиіс.

    Өтінім  берушінің кірісі екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) есептейтін ЖЖТ-мен расталады. Өтінім берушілер Интернет арқылы өтінімді берген кездетөлем қабілеттілігін есептеу үшін  www.fnsk.kz  сайтындағы калькуляторды пайдалана алады. үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу шартына қол қою алдында өтінім беруші жалдау төлемдерін кесте бойынша төлеу мүмкіндігін растауы тиіс. ЖАО арқылы жалға берілетін үйлерді сатып алу туралы шешімді кезекте тұрған адамдар өздері қабылдайды. ЖАО төлем қабілеттілігін растаған одан әрі сатып алатын тұрғын үйлерді жалға алушылардың тізімін жасап, Жылжымайтын мүлік қорына жібереді.

  • Сұрақ:
    Пәтерлер қалай әрленіп өткізіледі?

    Пәтерлер таза әрлеуде өткізіледі.

  • Сұрақ:
    Тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты сұрақ: мысалы, Қарағанды қаласында менің 1-бөлмелі пәтерім бар, 3-бөлмелі пәтер алу үшін не істеу керек?

    Бағдарлама шарттарына сәйкес егер отбасының әрбір мүшесіне пәтер алаңының 18 ш.м. аз шықса, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу бағдарламасына, баспанасы жоқ адамдар да, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдар да қатыса алады. Тұрғын үй жағдайын тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу жолымен жақсартуға мұқтаж адам өз мәртебесін пәтердің техникалық паспортының нотариалды расталған көшірмесімен, мекенжай анықтамасымен, отбасының бірге тұратын әрбір мүшесінің тұрғын үйінің бары/жоғы туралы анықтамалармен растауы тиіс.

    Кейіннен тұрғын үй-жайды алуға мүдделі тұлға ЭЦҚ пайдаланумен Жылжымайтын мүлік қорының сайтында тіркеледі және интернет-ресурс арқылы өтінім беріп, баспанасы жоқ адамдар өтетін шарттармен тұрғын үйді интернет-ресурс арқылы өткізуге қатыса алады. Өтінімдер қабылдау басталатын белгіленген мерзімде тұрғын үй-жайларды сатып алуға Өтінім беру мүмкіндігі өзінің ЖСН және алған пароль көмегімен Өтінімдерді беру жүйесіне кіріп тіркелген барлық тұтынушыларға бір мезгілде беріледі.

  • Сұрақ:
    Жас отбасы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша жылжымайтын мүлік сатып алуға ниеттенді, ал күйеуі/әйелі жұмыссыз. Өтінім беруші (күйеуі/әйелі) тең өтінім беруші ретінде некеде тұратын ағасын немесе апасын көрсете ала ма?

    Бағдарлама шарттарына сәйкес, отбасы мүшелері тең өтінім берушілер бола алады. Отбасы мүшелеріне күйеуі (әйелі) және олардың ата-анасы, Өтінім берушінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, атасы, әжесі, немерелері, некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) жатады.

    Өтінім берушінің немесе отбасы мүшесінің күйеуі (әйелі) онымен бірге тұратынына/тұрмайтынына қарамастан, отбасы мүшесі ретінде көрсетіледі. Осылайша, заңды түрде некеде тұратын ағалары мен апалары Тең өтінім берушілер ретінде қатыса алмайды.