Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ:
    Тұрғын үй құрылысы жобасын қарау және оны одан әрі қаржыландыру үшін өтінім беру кезінде қандай құжаттар қажет?

    Тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыру шарттарына, сондай-ақ қажетті құжаттар тізіміне қатысты ақпаратпен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ www.fnsk.kz веб-сайтының «Құрылыс салушыларға»-Жобаларды іріктеу және қарау қағидалары тарауында танысуға болады.

  • Сұрақ:
    Астана қаласында кейін сатып алу құқығымен берілетін пәтерлер қашан өткізіледі?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында «Шығыс» ТК 1А, 1В тұрғын топтарының құрылысы жүргізілуде. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша пәтерлерді өткізуге қатысты ақпаратты www.fnsk.kz сайтының жаңалықтар тарату айдарына жазылып алуға болады.

  • Сұрақ:
    Астана қ. коммерциялық жылжымайтын мүлік «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша қашан өткізіледі?

    Астана қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы шеңберінде «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша «Алтын Шар» ТК, «Nova City» ТК, «Комсомольский» тұрғын алабындағы тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланды.Бағдарлама шарттарына сәйкес «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Құрылыс салушылармен тұрғын үй құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде ұйымдастырады.

    Құрылыс салушыларға жобадағы пулын толығымен еркін нарықта өткізу құқығы берілді. Осыған орай, Құрылыс салушылардың сату бөлімдеріне тікелей жүгінуге болады. Объектілер мен Құрылыс салушылар туралы барлық ақпарат www.fnsk.kz сайтындағы «Біздің объектілер» тарауында орналастырылған.

  • Сұрақ:
    Тұрғын үй комиссиясы құжаттарды неше уақыт ішінде қарайды?

    «ФН Менеджмент» басқарушы компаниясы/Жылжымайтын мүлік қоры құжаттарды қабылдау және қарау нәтижелерін құжаттарды қабылдау және тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, сол мақсатта құрылған Тұрғын үй комиссиясына жолдайды. Тұрғын үй комиссиясы              5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Түпкілікті кезектілікті бекіту туралы шешім қабылдайды, слнымен қатар Негізгі және Қосымша кезектіліктің Өтінім берушілерін  алып тастау жағдайларының барлығын тіркейді. «ФН Менеджмент» басқарушы компаниясы/Жылжымайтын мүлік қоры Түпкілікті кезектілікті Тұрғын үй комиссиясы бекіткеннен кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды.

    Тұрғын үй комиссиясы Негізгі және Қосымша кезектілікте тұрған тұлғалардан құжаттарды қабылдау мерзіміні ұзартуға, сондай-ақ Өтінімдері күту режимінде тұрған тұлғалардан, соның ішінде олар құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде қабылдау мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берген жағдайда, құжаттарды қабылдау туралы жариялауға  құқылы. 

  • Сұрақ:
    Пәтерді таңдау және қарау туралы хабарландыру қанша уақыт өткеннен кейін жарияланады?

    The proposal for inspection and selection of apartments, as well as the inspection schedule and the apartment selection terms, shall be posted not later than 5 (five) calendar days before the start of apartment inspection and selection. The term for apartment inspection and selection, which shall not exceed 10 (ten) calendar days from the date of the proposal, as well as posting apartment selection schedule, shall be established for apartment inspection and selection for all Applicants.

    During this period, each Applicant, in accordance with the queue and time specified in the posted apartment selection schedule, shall select a living quarter, by submitting a written application, or refuse from selecting a living quarter in writing. Otherwise, upon the expiration of the time established by the schedule, the priority of apartment inspection and selection of the Applicant shall be canceled and the right of selection shall be transferred to the following Applicants as per the queue.

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева
    Курметти Арман Шарипбайулы Менин кояр сурагым мынадай: Шыгыс тургын уйинин 1А жане 1Вблогына курылыс журип жатыр ма? Курылыс журип жатса каншалыкты рас, жане 1мамырга дейн халыкка пайдалануга берилетини рас па? Халыкка кандай умит бересиз? Кудай ушин шындыкты айтсаныздар екен!Улкен умит кутемиз!

    Сәлеметсіз бе, Гүлзина! Сізді мәселеңіз бойынша 8 (7171) 55-90-04 телефон арқылы кеңес алуыңызды немесе  010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10 «Қазына Тауэр» ғимараты, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ кеңсесі (кеңсенің тел.: +7(7172)57-55-44) мекенжайына ресми хат жолдауыңызды сұраймыз.

  • Сұрақ: Батыргалиева Гулжайнат Жардемовна
    Салематсыздарма "Самурык казыра " коры Мен Батыгалиева Гулжайнат Жардемкызымын. Батыс Казакстан облысы Орал каласынын тургынымын. Озим жалгыз басты анамын. Улым Батыргали Кайрат 6 айлыгында онкология ауруымен ауырып Алматы каласындагы НЦПиДХ деген емхандан ем алды, 3 блок химия терапиясын котере алмай комага кетти. 45кун комада жатып оянганда дцп деген ауруга ушырады. Казирги танда онкология бойынша Орла жане Алматы каласындагы онколог-гемотологтарында тиркеуде турмыз улым оздигинен не отыра ,не журе алмайды. Жасы 4ке толады сауир айынын 8де. 2016жылы болган телемарафонга улымнын фотоларымен ауруы туралы аныктама кагаздарын жибергенмен ешкандай комек ала алмадым. Улымнын ауруына ем издеп соган комектесулеринди сурагым келеди. Ата-анам ауылдык жерде турады. Мен улымнын ауруына байланысты калада патер жалдап турып жаткан жайым бар. Улымнын пенсиясы патериме жане анда-санда ауырып калганда алып беретин дари-дармегине кетеди. Улым онкология ауруымен ауыргасын оган тумаумен ауруга болмайды.Сиздерден акшалай комек етулеринди отинемин немесе шетелде ем алуга комектесулеринди отинемин.Байланыс телефоным :87056012708,87754601558

    Сәлеметсіз бе, Гүлжайнат Жәрдемқызы!

    Көмек алу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының атынан халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына жүгінуіңізді сұраймыз. Мекенжайы: Астана қаласы, 010000, Қонаев көшесі, 8, Б-блогы, «Зүбаржат орамы» БО, 32-қабат, 3257-кеңсе. Кеңсе: + 7 (7172) 576898, info@sk-trust.kz