Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ:
    Пәтерді сатып алу құқығымен жалға алу үшін жалдау төлемінің ең жоғары сомасын төлеуге қабілеттілікті қалай есептеуге болады?

    Өз мүмкіндіктеріңізді мына есеп бойынша алдын ала бағалауға болады: егер ресми жиынтық кіріс пен барлық шығындар арасындағы айырма ең жоғары ай сайынғы жалдау төлемінен төмен болмаса, онда өтінім беру үшін төлем қабілеттілігі жеткілікті болып есептеледі.

    Өтінім берушілер Интернет арқылы өтінім беру кезінде төлем қабілеттілігін есептеу үшін www.fnsk.kz сайтындағы калькуляторды пайдалана алады. Бұл үшін тұрғын үй кешені мен пәтер үлгісін (1, 2, 3-бөлмелі) анықтау қажет, себебі әрбір үлгідегі пәтерге өзінің төлем қабілеттігі көзделеді. Бұл ретте өтінім беруші отбасы мүшесі ретінде берген және кірісі өтінім берушінің (тең өтінім берушінің) жалдау төлемінің ең жоғары сомасын есептеген кезде ескерілген адам өз бетінше өтінім беруге және тұрғын үйді үлестіруге өтінім беруші ретінде қатысуға құқылы емес немесе өтінім қанағаттандырылмаған немесе өтінім берушіні тұрғын үйді алуға қатысушылар қатарынан алып тастаған (қатысудан бас тартқан) немесе аталған отбасы мүшесі өтінім берушінің тізімінен алынып тасталған жағдайларды қоспағанда, оны басқа өтінім берушіде отбасы мүшесі ретінде көрсетуге болмайды.

    Қосымша ақпарат «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz.сайтында орналастырылған. ЖЖТ есептеу жөнінде консультацияны «ФН Менеджмент» ЖСШ  8 (7172) 91 90 70 телефоны арқылы алуға болады.

  • Сұрақ:
    Өтінімді Интернет арқылы қалай беруге болады?

    Өтінімдер қабылдауға дейін 1 ай бұрын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ сайтында өтінімдер қабылдау мерзімі туралы жарияланады. Өтінімдер тұрғын үй кешенін таңдауға және өтінім қалдыру мүмкіндігі бар «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz веб-сайтында интернет арқылы қабылданады. Уақытты босқа жоғалтпау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, жүйеге күні бұрын тіркелу және пәтерді таңдау     қажет.

    Өтінім берілгеннен кейін автоматты түрде тіркелу уақыты, күні мен реттік нөмірі беріледі, солардың негізінде өтінім берушілердің кезектілігі қалыптастырылады. Пайдаланушылар жылжымайтын мүлік объектісімен, оның жайғасымымен егжей-тегжейлі таныса алады. Өтінімдер қабылданғаннан кейін өткізілетін объектіде тұрғын үй алуға ниет білдірген, тіркелген азаматтардың толық тізімі жарияланады. Содан кейін әлеуетті сатып алушы қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсынып, шарт жасай алады.

  • Сұрақ:
    Жалға берілетін тұрғын үйлерге өтінім беруге жасқа байланысты шектеулер бар ма?

    Жасқа байланысты шектеулер жоқ. Бағдарламаға ресми түрде расталған кірісі бар барлық  кәмелетке толған азаматтар қатыса алады. Басты өлшемшарт – төлем қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігінің жеткілікті болуы өтінім беруші мен оның жанұясы алуға ниеттенген пәтерге (пәтердің үлгісіне, алаңына) байланысты болады.

  • Сұрақ:
    Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайлар қандай мерзімге беріледі?

    Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайлар, мемлекеттік бағдарламада өзге шарттар көзделмесе,  5, 7, 10 және 15 жылға беріледі.

  • Сұрақ:
    Жалдау төлемінің құрылымына мүлікті күтіп-ұстау төлемдері кіре ме?

    Сатып алу құқығымен жалға беру шарты жасалған кезде, мүлікті күтіп-ұстау төлемдері (коммуналдық және пайдалану қызметтері, күрделі жөндеуге, мүлікті сақтандыруға, Жылжымайтын мүлік қорының мүлікке салынатын салық төлеумен байланысты шығындарды өтеуге жиналған қаражат) жалдау төлемінің құрылымына кірмейді және жалға алушы оларды өз бетінше төлейді.

  • Сұрақ:
    Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша өткізу қағидалары мен тәртібі туралы қайдан білуге болады?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидаларымен «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz веб-сайтының «Тұрғын үйлерге өтінім берушілерге» бөлімінде танысуға болады.

  • Сұрақ:
    Тұрғын үйді «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша сатып алуға кімнің құқығы бар?

    Жалдау төлемдерін және жалға алушының негізгі шығындарын төлеу үшін жеткілікті және расталған кірісі бар Қазақстан Республикасы барлық азаматтарының жылжымайтын мүлікті сатып алуға құқықтары бар.

  • Сұрақ:
    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде алынған бір пәтер болса, пәтерді сатып алу құқығымен жалға алуға қайта үміттенуге бола ма?

    «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидаларына сәйкес (бұрын – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) жеке тұлға сатып алу жолымен тұрғын үй-жайды иелену құқығын бір рет қана іске асыра алады. Бағдарлама бойынша тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу немесе сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғалар, сондай-ақ кірістері ЖЖТ есептеген кезде ескерілген олардың Тең өтінім берушілері Бағдарламаға қатысу құқығын іске асырған жеке тұлғалар болып есептеледі.

  • Сұрақ:
    «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу үшін әлеуетті өтінім берушілерге (құрылыс компанияларына) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қарауына қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу бойынша қарауға ұсыну қажет құжаттар тізімі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz веб-сайтының «Құрылыс салушыларға» тарауында орналастырылған.

  • Сұрақ:
    Жалға берілетін тұрғын үйлерге кезекке қалай тұруға болады және ол үшін қандай құжаттар қажет?

    Жалға берілетін тұрғын үйлерге кезекке тұру үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажет, себебі тұрғын үйлерді «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша Жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша өткізу бірінші кезекте төлем қабілеттілігін растаған, тұрғын үйді кейін сатып алумен жалға алушылар тізімін қалыптастырып, Жылжжымайтын мүлік қорына жіберетін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы жүзеге асырылады. Бұдан әрі ЖАО арқылы үйлестірілмеген Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері одан әрі жалдау төлемдерін төлеу үшін жеткілікті кірісін растаған, баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдарға артықшылық көрсету қағидатын сақтай отырып, сатып алу құқығымен жалға беру жолымен интернет арқылы өткізілуге жатады.

    Құжаттар тізімімен, қатысу қағидаларымен және жалға берілетін тұрғын үйлерді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  желісі бойынша өткізу тетіктерімен www.fnsk.kz корпоративтік сайтының «Тұрғын үйлерге өтінім берушілерге» - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібі бөлімінде танысуға болады.