Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Мөлдір Жұмағалиева

    Сәлеметсіз бе! Өскеменде Самұрық қазынаның үйлеріне конкурс қашан болады?

    Сәлеметсіз бе!
    Бүгінгі күні Өскемен қаласында І.Есенберлин даңғылы бойынша Тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Аталған кешендегі пәтерлерді сату 2020 жылғы 4-тоқсанға жоспарланды.

  • Сұрақ: Айнур Байрамбаева

    Саламатсыз ба?! Жылжымайтын мүлікті Қазақстанның кез келген облысынан алуға болады ма екен?

    Сәлеметсіз бе!
    Қазіргі уақытта Ақтау және Алматы қалаларында пәтерлер өткізіліп жатыр. 2020 жылғы 4-тоқсанда Өскемен қаласының І.Есенберлин даңғылы бойынша Тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату жоспарлануда.

  • Сұрақ: Айжан Иманкулова

    Самрук бағдарламасы бойынша 3бөлмелі квартира алуға Актау қаласы 32А бөлімшесіне барып едім.Мен бастықпын деп Жанар есімді адаммен сөйлестім.Жанардан 3бөлмелі кв.көрсетуін сұрап едім,бастық болғандықтан болар дөрекі сөйлеп, кілттің өзін 30мин іздеп,тапқаннан кейін барып қараңыз деп шығарып жіберді.Квартира қараймын деп үйлерді айналып жарты сағат жүрдім.Бағасын сұрап едім ол сізге не керек деп қатты, дөрекі жауап берді.Сонда қалай болғаны , меннен кейін тұрған адамдар тіпті үйді қарамай да кеттіп қалды.Осының бəрін кім қадағалайды,жауабын күтемін.

    Қайырлы күн Айжан!
    Осы жағдай бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Болашақта  мұндай жағдай қайталанбайды. Сізден кешірім сұраймыз!

  • Сұрақ: Асем Курбанова

    Салеметсіз бе, Болаткан Айткожанович. Мен Ақтау қаласынан қазан айында 32а шағын ауданынан жалдамалы пəтер алған болатынмын. Енді қаңтар айында ай сайын қаржыны төлей алмауыма байланысты, үйді кері тапсыруға мəжбүр болғанмын. Сату бөліміне осы айда кемінде 6-7 рет бардым. Соның барлығы сол жердегі Касымова Айгерім деген жұмыскердің дұрыс анықтама бермеуінен болды. Жұмысына немқұрайлы қарайды. Телефондарын шамалыға көтермейді. Халықпен жұмыс жасағасын, бұл жұмыстың оңай емес екенін біліп, жауапкершілікпен қарау керек деген ойдамын. Дұрыс жауап бермейді, толық ақпарат жоқ. Бір жерге он рет жүргізеді. Соған орай шара қолдансаңыздар. Рахмет!

    Сәлеметсіз бе, Әсем!
    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ақтау қаласындағы өкілі жұмыстан босатылды.Қазіргі уақытта өкілдікте біздің қызметкеріміз жұмыс істейді. Сіздерге көмек көрсетуге дайынбыз.

  • Сұрақ: Арайлым Сарбасова

    Құрметті Болатхан мырза. 2018 жылы қыркүйекте Алматы қаласында Восточка тұрғын үй кешеніне өтініш берген едік. 2019 жылы үйді пайдалануға беру керек еді, бірақ әлі құрылыс аяқталған жоқ. Бізге Бауыр Девеломент үйдің шаршы метрін 260мыңгемен сатып, Тұрғын үй жинақ банкі арқылы келісімге отырдық. Құрылыс компанияның уәдесі бойынша биыл жаз айында үйді қолданысқа береді, бірақ бағасын көтеріп 300ге көтереді деген ұсыныс бар екен. Біз баспана сацты арқылы конкурстан өтіп, 260мыңға келісіп, келісімшартқа отырған едік. Құрылыс компаниясының дағдарысқа ұшырауы, доллардың көтерілуі салымшыларға әсер етпеу керек деп ойлаймын. Біз кішкене үйде ата -анамызбен Талғар ауданында тұрамыз. Жұмысымыз қалада. Өз үйімізді 1.5 жыл күтіп жүргенде бағасын көтергені дұрыс емес. Келісімшарт бойынша келіскен бағаны өзгерту дұрыс па? Осы жылы жазда пәтерімізге кіре аламыз ба?

    Сәлеметсізбе Арайлым!                                                                                                                                                                               

    Қоғам  Құрылыс салушымен жасалған Инвестициялау шартына сәйкес құрылыс объектісін  қаржыландыру бойынша өзіне міндеттемелер қабылдады. Құрылыс салушы, өз кезегінде, объектіні салып пайдалануға енгізуге, сондай-ақ Қоғамға қаржыландыру сомасын қайтаруды жүзеге асыруға міндеттенді. Бұл ретте, инвестициялау шартының талаптарына сәйкес, Құрылыс салушының үшінші тұлғалармен пәтерді өткізу бағасын белгілеу бойынша талап қою бөлігінде қарым-қатынастарына Қоғамның араласу құқығы көзделмеген. Сонымен қатар,  Құрылыс салушы Қоғамға қаржыландыру сомасын қайтару бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін ескере отырып, пәтерлерді өткізетінін назарға алу қажет.     

  • Сұрақ: Арайлым Сарбасова

    Алматыдағы Восточка тұрғын үй кешені қашан аяқталады? Оның 2жылдан бергі проблемасы қашан шешіледі?

    Сәлеметсізбе Арайлым!                                                                                                                                                                                                              

    "Восточка" тұрғын уй кешенінің  құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзімі: 2020 жылы маусым-қыркүйек айлары. 

  • Сұрақ: Аноним Аноним
    10 үй 239 пәтерде тұратын квартиранттар әбден мазамды алды. Нақты шара қолдануыңызды сұраймын

    Қайырлы күн!

    Сіздің өтінішіңізге орай, «Асыл Арман» ТА, 10-үй, 239-пәтерде тұратын жалға алушы А.А. Өтеғалиевпен тұру жерінде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында алдын ала әңгімелесу өткізілетіндігін хабарлаймыз.

  • Сұрақ: Лаззат Танабаева
    Құрметті басқарма төрағасы! Алматы қаласындағы "АСЫЛ АРМАН" тұрғынымын. Пәтердің ай сайын төлемін КАСПИЙ.КЗ арқылы төлеуге ауыстыруыңызды сұраймыз. Бізге өте ыңғайлы каспий.кз арқылы төлеген. Қаладағы үлкен кептелістен шаршап жүрген халықтың ұсынысын қарастырып, шешетініңізге сенеміз.

    Сәлеметсіз бе, Ләззат!

    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Каспийбанк» АҚ-да шоты жоқ. Жалға алушы жалдау төлемдерін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның кез келген бөлімшесінде немесе терминалында, «Қазпочта» АҚ-да немесе homebank.kz немесе post.kz сайттарында  онлайн төлей алады

  • Сұрақ:
    «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй операторы болып кім табылады?

    2017 жылдан бастап Қазақстанда тұрғын үй құрылысы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.

    «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асырудың бас операторлары «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық компанимясы» ИҰ» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

  • Сұрақ:
    «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша қалай қатысуға болады?

    «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Нұрлы Жер» бағдарламасы операторының бірі ретінде «Коммерциялық тұрғын үй» (бұрын – «Нұрлы Жол» бағдарламасы) және «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» (бұрын – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысының жобаларын инвестициялайды.

    Тұрғын үйлерді «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша өткізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

    • төлем қабілеттілігін растаған, тұрғын үйлерді кейін сатып алумен жалға алушылар тізімін қалыптастырып, Жылжжымайтын мүлік қорына жіберетін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы;
    • ЖАО арқылы үлестірілмеген Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері одан әрі жалдау төлемдерін төлеу үшін жеткілікті кірісін растаған, баспанасы жоқ адамдарға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдарға артықшылық көрсету қағидатын сақтай отырып, интернет арқылы сатып алу құқығымен жалға беру жолымен өткізілуге жатады. Тұрғын үйлерді ЖАО немесе интернет арқылы үйлестіру шарттарымен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ fnsk.kz сайтында танысуға болады.

    «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша құрылысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде жүзеге асырады. Құрылыс салушыға еркін нарықта  тұрғын үй пулын толығымен өткізу құқығы беріледі, яғни азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін құрылыс салушыға тікелей жүгіне алады. Объектілер мен Құрылыс салушылар туралы ақпарат «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  www.fnsk.kz.сайтында орналастырылған.