Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Қызылорда қаласы Е.Демесинов көшесінен (Набережная ) нақты ақшаға демек сатып алуға пәтер бар ма? Немесе қәзіргі таңда ипотекасын уақытында кешіктіріп төлеп отырған тұрғындардан бар ма? ұялы тел: 87059519188 хабарласу.
Жауап
Қайырлы күн, Шолпан!
Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Кызылорда қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын-үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.Алайда, жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін.
Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпаратты skcn.kz сайтының "мәзір" бөлігінен алуды ұсынамыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсизбе толемди қалай кейинге шегере аламыз көрсетілген тел ном звандасам жауап бермейді
Жауап
Қайырлы күн, Дархан!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін енгізу туралы» 2020 жыл 15 наурыздағы № 285 Жарлығының негізінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 30.03.2020 ж. бастап 13.04.2020 ж. дейін қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Осыған байланысты жалдау ақысын төлеу үшін келесі электрондық пошта мекенжайлары бойынша жетекші менеджерге хабарласуыңызға болады, тізіммен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://skcn.kz/ru/news/news/408. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет -
Сәлеметсізбе сұрақтарым бар еді??? Өскемен қаласынан Самұрық қазынаның үйлерінен без первоначального взноса квартира алайыншы деп едим... 1) Өскемен қаласындағы обьектілерге конкурс қай айда қай күні сағат нешеде басталады??? 2) Қандай банкпен несие аламыз ??? 3) кв,м2 канша мын тенге ? точнее 3х комнатный уй каншага шыгады? канша процентпен алганда канша переплата болады? неше жылға беріледі ?ай сайынгы платеж канша болады??? 4) Сіздердің үйлеріңізді алып берем деп услугасына ақша сұрап жүрген реалторлар қаншалықты сенімді???
Жауап
Қайырлы күн, Назерке!
Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Өскемен қаласындағы И.Есенберлин көшесінде тұрғын үй кешенін салуда. Тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін, Қоғамның уәкілетті органы пәтерлерді сату әдісі туралы шешім қабылдайды яғни тікелей сатып алу немесе сату арқылы жалға беру және шаршы метрдің бағасын орнатады, содан кейін сату әдісі мен орнатылған баға туралы ақпарат Қоғамның skcn.kz сайтында орналастырылады. Тікелей сату әдісі қабылданса, пәтерді несие арқылы сізге қолайлы екінші деңгейлі банктердегі ипотекалық бағдарламасы арғылы сатып алуға болады. Ай сайынғы төлемді екінші деңгейлі банк есептеп бере алады. Біздің Қоғам Өскемен қаласындағы риэлторлармен және басқа консалтингтік компаниялармен жұмыс жасамайтындығын хабарлайды. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Ассалаумагалейкум мен Актау каласынан 32а ш а 2болмели патер алдым жасым 24 те отбасылымын 3 балам бар бир кызым асмамен ауратын болгасын кызым ушин алып едим сизге отинишим бар ай сайынгы толемди кыскартыпи жылын узартуга болмайма 87028078821
Жауап
Қайырлы күн, Біржан!
Жалға алу арқылы сатып алу келісім шартының максималды мерзімі - 13 жыл, мерзімін ұзарту мүмкін емес. Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) басшылығы жалгерлерге (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) жылжымайтын мүлікті сатып алу құқығымен жалдаудың бұрын жасалған шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 01 маусымға (қоса алғанда) дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынды. Жалгерлер көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдерін 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін төлеуі тиіс. Шарттарда көзделген өсімпұл мен айыппұл санкциялары есептелмейді, сондай-ақ кепілдік төлемнен есептен шығарылмайды. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Саламатсызба! Менде өтініш! Елімізде төтенше жағдайға байланысты, кейбір банктер кредиттерге кешіктіріп төлеуге рұқсат беріп жатыр, соған байланысты, ай сайынғы арендный төлемге сіздер кешіктіріп төлеуге жағдай қарастыра аласыздарма?
Жауап
Қайырлы күн!
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақста?0қстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байла?0 16 наурыздан бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) басшылығы жалгерлератып алу құқығымен жалдаудың бұрын жасалған шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 01 м=D? шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 01 маусымға (қоса алғанда) дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынды. Жалгерлер көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдерін 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін төлеуі тиіс. Шарттарда көзделген өсімпұл мен айыппұл санкциялары есептелмейді, сондай-ақ кепілдік төлемнен есептен шығарылмайды. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Менің сұрағым Алматы қаласы бойынша Банк Центр Кредит МСАП-ты есептеуден отказ беріп жатыр не үшін?
Жауап
Қайырлы күн, Адиль!
Алматы қаласында МСАП есептеу бойынша екінші деңгейлі банктермен 2020 жылға келісімшарт құрылмаған. Тиісті келісімшарт жасалғаннан кейін қоғам сайтында skcn.kz қосымша хабарлайды. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсизбе Болатхан Айтхожанович! Менің есімім Жанар Нуржауовна мен акт сверка сұрағаныма екі айдың жүзі болды,бірақ әлі күнге дейін 06.03.20 ж жауап жоқ. Қоңырау шалып шаршадым. Астана қаласындағы Е 10 көшесінде орналасқан бас офистеріңізде өзімнің сұрансымды 12 қаңтар күні қалдырған болатынмын. Мен Алматы облысы Іргелі ауылы ЖК Асыл армандағы пәтерім бойынша толық қанды мағлұмат алғым келеді. Осы мәселені шешңп беруіңізді сұраймын. Алматы филиалындағы жұмысшыларыңыз өте дөрекі сөйлеумен тұрмай ешкандай сұраққа жауап бере алмайды. Телефон тұтқасын тастай салады. Бүгін мен 6 рет қонырау шалып, маған дұрыс жауап қатпай өз аты жөнін айтудан бас тартып телефон тұтқасын тастай салған жұмысшыңызды жазаға тартуды сұраймын. Не болмасы іскерлік этика сабағынан курсқа оқуға жіберіп сауаттарын ашуыңызды сұраймын. Менің жеке нөмірім 87026782989 . Рахмет.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Жанар!
Жалдау ақысы төлемдері туралы анықтама сіздің электрондық поштаңызға 2020 жылдың 11 наурызында жіберілді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7272) 44-92-33 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Ассалаумагалеикум курметти Болаткан ага Шымкентте адия туран молтек ауданында 2020 уилер бериледи мекен отиниш жауап берсениз ага
Жауап
Сәлеметсіз бе!
2020 жылы Шымкент қаласында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй кешендерін салу жоспарланбаған. -
Саламатсызба.Шымкент каласында тұрғын үйге онлайн өтініш берген едім қорытындысы қашан дайын болады 2- ай болды күтіп жүргеніме?
Жауап
Сәлеметсіз бе!
Барлық конкурстар жайындағы нәтижелерді skcn.kz сайтымыздың «мәзір» бөліміндегі «Нәтижелер» бөлімшесінде алуды ұсынамыз.
-
Саламатсыз ба Болаткан Айткожанович!Атырау каласынан сиздер аркылы калай уй алуга болады.
Жауап
Сәлеметсіз бе!
2020 жылы Атырау қаласында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа тұрғын үй кешендерін салу жоспарланбаған.