Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Ассалаумағалейкум Маулен Зарықұлы! Сізге Атырау қаласы ЖК Жерұйықтан хабарласып тұрмын. Айсайынғы төлем, қанша қалды білейін дегем. Жұмыс телефон ешкім көтермейді.
Жауап
Жарасхан, қайырлы күн!
Жалдау төлемдері бойынша берешекті нақтылау үшін менеджер Таубаева Әселге 8 (7172) 55 90 04 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.
Келіп түскен барлық төлемдер туралы анықтама алу үшін өтінішті жазып поштаға жіберу қажет kense@fnsk.kz (өтініш үлгісі поштаңызға қоса жолданды).
-
Арендный платежды гарантированный платежга салп жибериппин кызылорда каласы жаппасбай батыр 76 дом 84 патер бойынша
Жауап
Анар Сартаевна, қайырлы күн!
Төлемнің мақсатын өзгерткіңіз келген жағдайда менеджеріңіз Ибрагимова Жамиляға хабарласып 8 (7172) 57-07-47 (zh.ibragimova@fnsk.kz), өтініш жазуыңыз қажет.
-
Саламатсызба сіздерден жер ұй алуға болама
Жауап
Мария, қайырлы күн!
Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары бойынша оператор болып табылмайды. Ал бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер толық көлемде сатылды.
-
Сəлеметсізбе. Мен 2022 жылдың қазан айында Номад сақтандыру компаниясы арқылы тұрып жатқан үйді екінші рет қайта 3-жылға сақтандырдым (бірінші рет 2019 жылы қазан айынан бастап 3 жылға сақтандырған болатынмын) жəне САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН Астана қаласына жібердім. Алайда жеке кəбинетте САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН деп тұр, менің жіберген сақтандыру полисім сіздерге жеткізілді ме? Жеткізілген болса неге көрсетіп қоймайсыздар САҚТАНДЫРЫЛҒАН деп? Ал егерде жеке кабинет "тестовом режиме" жұмыс жасап тұрса тым құрығанда электрондық почтама "алдық жетті немесе келген жоқ" деп неге кері хабарлама бермейсіздер? Сақтандыру полисім казпочта арқылы жетті ма сіздерге жауабын берсеңіз??? Ақтау қ 32а шағын аудан, 10 үй
Жауап
Қайырлы күн Алмас!
Өкінішке орай Сіздің сақтандыру полисіңіз біздің Қоғамға жеткен жоқ.
«Қазпошта» АҚ бөлімшесіне барып анығын білуіңізді сұраймыз.
Біздің мекен-жайымыз: Сығанақ көшесі, 17/10 ғимарат AO «Samruk-Kazyna Construction».
Жеке кабинет тесттік режимде жұмыс жасайды. Толық ақпаратты менеджерлерге хабарласып біле аласыз. Ақтау қаласы бойынша менеджер Жолдасов Галым, тел: +7 7172 559004Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Ақтау қаласы 9 дом тұрғынымын. Қыстың қамын жазда ойла дегендей, неге аяқ асты КСК ОСИге ауысты, жақсы ауысқан екен неге жоспарлап дайындалмады? Себебі, қазір біздің үйлерде жылу мүлдем жоқ, үй салқын, адамдар шырылдап ОСИ деп бұл проблема арендаторлардын мойнына ілінді? Сіздің қызметкерлерге ескертілді (Бейбітке айттым мүлдем жауап болмады). ОСИ сайланыпты бірақ біз мүлдем хабарымыз жоқ( кім сайланды? Ол басқару критерийлеріне сай адамба? Ертенгі күні қиндыққа тағы тап болмаймызба деген ой туындауда!). Ендігі мәселе жылу жоқ ! Неге осы ауспалы кезенде бұндай қиындық болды ? Әр түрлі ой туындап, ұрлық, ұрланды деген сөздер естідік. Оған тұрғындар (Арендаторы) өз қалтасынан ақша жинап алуы міндеттеме? Неге біз жинауымыз қажет ? Онсызда үйімздің дамафон т.б. ремонттық жұмыстарын дау - дамайсыз тұрғындар болып жинап жасадық. Қазіргі қымбатшылық уақытта бәрінің қалтасы көтермейді де, келіспейді (айналып ақша жинауға). Бізге осы мәселенің шешімін тауып беруіңізді сұраймыз( жылу келуіне, кск мәселесі). Адал, нақты шешім қабылдайтыныңызға сенімдіміз! Рақмет!
Жауап
Айнура, қайырлы күн!
Ақтау қаласы, 32 «А» шағын ауданы мекенжайында орналасқан №5, №6, №7, №8, №9, №10 үйлер қысқы маусымға дайындығы «Каспий жылу су арнасы» МКК-нен ескертусіз қабылданғанын хабарлаймыз.
(03.08.2022 ж. 2022-2023жж. жылу беру маусымына дайындық актісі поштаңызға жіберілді).
Жылудың болмағаны бойынша: қалалық жылу желілеріндегі жеткізу және қайтару желілері арасында қысым айырмашылығы жоқ, бұл өз кезегінде тұрғын үйлердегі жылту құрылғылары айналымына әсер етті.
Сондай-ақ, қаланың көрсетілген шағын аудандарында да жылу жетіспеушілігіне қатысты мәселелер орын алғанын хабарлаймыз:
ш.а. №27, 15, 21, 37, 40, 49, 54, 57 үйлер
ш.а. №28, 31 үй
ш.а. №18, 18-19-20-21 үйлер
ш.а. №16, ТК «Еуразия», 40 үйлер
ш.а. №31, 12 үй
ш.а. №31б, 17, 18, 30, 31, 32, 32/1, 32/2 үйлер
ш.а. №12 «Жас қанат» әкімшілік ғимараты, 62 үй,
(Бұл ақпарат Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми телеграмм каналынан алынды).
№5, №6, №7, №8, №9, №10 тұрғын үйлерді басқару нысанын өзгерту туралы мәселе бойынша 2022 жылғы 22 қарашада «Жастар» сарайында өткен жалпы жиналыста тұрғын үйлерді Жалға алушылар (тұрғындар) қызмет көрсету ұйымын өзгерту және Жай серіктестік құру туралы шешім қабылдады.
Жай серіктестіктің сенімді өкілі – Диханбаев Талғат (мамандығы бойынша электромеханик);
Үй Кеңесі:
Жылқыбаев Тобышбай Тұрғынбайұлы (№10 үйдің №100 пәтердің иесі);
Сариева Құралайгөз Махсұтқызы (№5 үйдің №33 пәтерді жалға алушы);
Шандиева Жамал Қалдыбайқызы (№10 үйдің №89 пәтерді жалға алушы).
Барлық операциялық мәселелер бойынша Жай серіктестіктің сенімді өкілі Диханбаев Талғатқа 87758866427 хабарласуға болады.
Жалға алушылар қаражат жинау мәселесі бойынша: «Каспий жылу су арнасы» МКК-ге үйдің ішкі жылыту желілерін магистральдық желілерге тікелей қосу ұсынылды, өйткені жылу алмастырғыштардың жұмысының тиімділігі үшін қалалық трассадан жеткізуші және кері желі арасындағы қысым айырмашылығы қажет.
Тұрғын үй-жайды сатып алу арқылы жалдау шартының 4.3.18-тармақшасында жалпы үй мүлкін ұстау жөніндегі міндеттер Жалға алушыларға жүктелетіні көзделеді. Осылайша, Жалға алушы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы және күрделі жөндеуге қаражат жинау үшін тұрғын үйді, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдалану және күтіп-ұстау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ міндетті жарналарды уақтылы төлеуге міндетті.
Қазіргі уақытта «Каспий жылу су арнасы» МКК ұсынымына сәйкес жылу барлық үйлерде бар.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «ҚАЗЭКО-ЕХРО» ЖК мен сенімді тұлға Т.Диханбаев арасында көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін қабылдау-тапсыру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз, онда «ҚАЗЭКО-ЕХРО» ЖК тарапынан ұрлық фактілері анықталған жағдайда тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына өтініш жасалады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Биз толеп жаткан акшаны калай коре аламыз
Жауап
Куандык, қайырлы күн!
Төленген төлемдер бойынша ақпаратты алу үшін өтініш жазып kense@fnsk.kz электрондық поштасына жолдау қажет (өтініш үлгісі көрсетілген поштаңызға жіберілді).
Жетекшілік ететін менеджер өтінішіңізге жауап ретінде, Келісім шарт бойынша түскен барлық төлемдер туралы анықтаманы Сізге ұсынады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Кеш жарық!Шұғыла 341/3,6 корпус кешеден бері подвалда канализацияның трубасы бітеліп,подвалды су басып жатыр.Күнде ертең келеміз деп,2 тәулік өтті,кск тиісті шара қолданбай отыр.Оларды тексеретін орталық бар ма,өзі?Ай сайын ақшасын уақытында төлеп отырмыз.Кімге айтамыз?Қайда барамыз?
Жауап
Қайырлы күн Асем!
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің (КПТҮ) жалпыүй инженерлік желілері КПТҮ басқару органының жауапкершілігі аясында қызмет көрсететін және ұстайтын ортақ үй мүлкіне жатады. Осыған байланысты Мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) Төрағасымен авариялық жағдайларды жою жөніндегі мәселелерді кейінге қалдыруға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні КПТҮ №6 корпусының жертөлесінде кәріз жүйесінің бітелуі жойылды, дезинфекция жүргізілді.
Сонымен қатар, бітелудің себебі жүйеге бөгде заттардың түсуі екенін атап өткен жөн.
«Шұғыла» ТК басқару, күтіп ұстау, сондай-ақ пайдалану қызметтері бойынша өзге де мәселелер туындаған жағдайда төмендегі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. «Шұғыла 341/3,341/5» МИБ Төрағасы Әзімбеков Бауыржан 87773851105Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен жалға алушы Махмутов Сабит, Қызылорда қаласы Е.Демесинов көшесі 77в үй тұрғынымын. Маған 4 қазан 2022 жылы жалға алу төлеміне қарыз екенім көрсетілген, бірақ мен төлемді бір ай ерте төлеп отырмын, барлық төлем чектері бар және үйге 3 жыл бойы үйдің салығы төленбеген деп жазылған. Үйді алу барысында жыл сайын үй салығын төлеп отыру керектігі айтылып, түсіндірмеді және қайда төлеп отыру керектігі көрсетілмеген. Неге 3 жыл өткесін хабар беріп отыр, неге жыл сайын қарыз болған жағдайда бірден хабар берілмейді. Қазір дамыған цифрлық заманда барлық хабарлама жіберу жолдары қарастырылған. Сосын төлем жасаған чектерді кіммен тексертеміз. Қызылорда қаласында филиал немесе офис барма?
Жауап
Қайырлы күн Сәбит Биімбетұлы!
Жалдау шартының 4.3.28 тармағына сәйкес Жалға алушы мүлік салығын төлеу бойынша шығындарды өтеуге міндетті, бұл ретте өтеу кезеңділігін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) анықтайды. Пәтердің иесі бола отырып, Қоғам мүлік салығын төлейді, ал Жалға алушы бұл соманы Қоғамға өтейді, өйткені ол пәтерде тұрады және пәтерді кейіннен сатып алу үшін төлемдерді төлейді. Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша өсімпұл есептелмейтінін хабарлаймыз.
Өкінішке орай, Қоғамда Жалға алушыларды хабардар ету жүйесі автоматтандырылмаған, қазіргі уақытта өңірлерде Қоғамның өкілдері жоқ, алайда Жалға алушыларға ыңғайлы болу үшін колл-центр жұмыс істеп тұр.
Жіберілген анықтаманы тексеру үшін 55-90-04 (ішкі 152) телефоны бойынша жетекші менеджер Аминова Аселге хабарласуыңызды сұраймыз. -
Саламатсыз ба мен 1 ай алдын ала төлеп келемін бірақ маған үйге хат келді төлемей жатырсын деп мен негізі халык банк приложениесі арқылы төлеп келемін квитанция бәрі бар айма ай төлегені жөнінде енді Қызылорда қаласасында филал жоқ дейді квитанцияны кімге жіберсем болады нақты кімге жіберіп есептесемін
Жауап
Қайырлы күн Багдат!
Біздің есебіміз қолмен жүргізіледі. Егер Сіз хабарламамен келіспесеңіз, келіп түскен барлық төлемдер туралы анықтамаға өтініш (үлгісі поштаңызға жіберілді) жазуыңызды сұраймыз. Біз Сізге бухгалтерлік есеппен салыстырылған анықтама жасап, кейін Сіздің төлемдеріңізді түбіртегіңізбен салыстырамыз. Егер қандай да бір төлеміңіз біздің анықтамада көрсетілмесе, біз ол бойынша іздестіру жұмысын жасаймыз. Ақша банк жүйесінде ілулі болатын жағдайлар бар.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Менің ұйым 10.28. Конкрустан өтіп тұр, өкінішке қарай доход сұрап менің атым а әлі өткен жоқ. Бірінші алған адам доход пен алған, екінші адамға доход сурамай атына өткізген, менен даход сұрап тур. Мен зейнеткермын менде доход жоқ. Маған осы пәтерді егер мүмкін болса жылын узартсаныздар да төлем акысын азайтып доходсыз келісім шарт жасап бере аласыздар ма?
Жауап
Қайырлы күн Базаркул!
Бұл пәтер өтініш берушілердің кірістерін растай отырып, сатудың бірінші кезеңінде сатып алумен жалға берілді.
Бірінші Жалға алушы жалдау төлемінің ең жоғары сомасын (ТЕЖС) есептей отырып, банктен анықтама ұсынды. Осыған байланысты, іске асыру тәртібіне сәйкес, егер Жалға алушы Сізді үшжақты қайта беру шартын жасасу үшін өзінің үміткері ретінде ұсынған болса, Сізге ТЕЖС есебімен банктің ресми бланкісінің (Банк Центр Кредит) түпнұсқасын ұсыну қажет. Шарттың мерзімдері мен жалдау төлемінің мөлшері бойынша бастапқы шарттарды өзгерту мүмкін емес.