Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Ардақ Тұрманов

    Саламатсыз ба Айтқожанұлы Болатқан Сізден сұрайын дегенім үйді жалға алу шарты бойынша алып төлемдерді уақтылы төлемеген жағдайда қандай шара көріледі үйді алып қоясыздар ма

    Қайырлы күн, Ардақ! 

    Шарттың 9-тармағының 9.2-тармақшасына сәйкес, жалдау төлемдерін және/немесе кепілдік төлемді төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда, жалгер жалға берушінің  талабы бойынша кешіктірген әрбір күн үшін  жалдау төлемдерінің және/немесе кепілдік төлемдерінің кешіктірген соманың 0,1% мөлшерінде  өсімақы  төлеуге міндетті.

    Хабарласқаныңыз үшін рахмет! 

  • Сұрақ: Жазира Оспанова

    Салеметсіздер ме? Биылғы жылға Өскемен қ бойынша конкурс болама? Есенберлина??? Әлде болмайма

    Қайырлы күн, Жазира!

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! 

  • Сұрақ: Альбина Утегенова

    Салеметсизбе. Атыраудан жк жеруйык 1\3 уйден 47 патерден уй алганбыз сиздерден. Кіргенімізге 3ж болды бирак жыл сайын крышадан жанбыр жауса кар ерісе су кетеді де тұрады . Осыны қолға алып жасайтын адам болама кім жауапты ? Төбені жасап беруіңізді сураймын сіздерден?

    Қайырлы күн, Альбина!

    "Samruk-Kazyna Construction " АҚ (бұдан әрі – Қоғам) сіздің "Жерұйық" тұрғын үй кешеніндегі (бұдан әрі - Объект) шатырдың ағуына қатысты өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.
    Жұмыстар, материалдар мен жабдықтарға кепілдікті қызмет көрсету мерзімі объекті пайдалануға берілген күннен бастап 2 жылды құрайды.
    Осыған байланысты "Сапа"ПИК объектісін басқару органының күшімен шатырға ішінара жөндеу жүргізілді.
    Сонымен бірге, "тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес пәтер тұрғындары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін өзіне тиесілі пәтердің пайдалы алаңының бір шаршы метріне есептегенде кемінде 0,005 АЕК мөлшерінде ақшаны жинақ шотына ай сайын аударуға міндетті екенін естеріңізге саламыз.
    Бұдан басқа, осы міндеттемелер тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу шартында (ЖП) белгіленген.4.3.3, 4.3.18 шарттар)
    Осыған байланысты, Заңның 50-3 бабына сәйкес, Сізге кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақ шотын ашу қажет.

    Хабарласқаныңыз үшін рахмет! 

  • Сұрақ: Ардақ Тұрманов

    Саламатсыз ба Айтқожанұлы Болатқан Сізден сұрайын дегенім Мен Нұрлы жер бағдарламасы бойынша 2019 жылы Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі 76 үй 87 пәтерден 240 айға жалға алу шарты бойынша үй алғанмын Нұрлы жер бағдарламасы үйді жалға алу және сату бойынша құрылған ба және салынған үй мемлекеттік меншік болып есептелінеді ме әлде меншік иесі Samruk-kazyna Construction болып табылады ма? Жауабыңызға алдын ала рахмет

    Қайырлы күн, Ардақ!

     «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.

    Сіз (бұдан әрі - Жалға алушылар) Қоғаммен Тұрғын үй - жайды сатып алу құқығымен жалға алудың 2019 жылғы 18 қаңтарда №111213865 шартын (бұдан әрі - Шарт) жасастыңыз. Шарт талаптарына сәйкес, Жалға алушыға Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, 76-үй, 87 мекенжайы бойынша орналасқан пәтер (бұдан әрі - Үй-жай) берілді.

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 2 - бабының 22) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына кіретін тұрғын үйлер.

    Сонымен бірге, Жалға алушылар алған үй-жай (тұрғын үй) Заңда көзделген мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйлеріне жатпайды. Жалға алушыларға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) бөлінген тұрғын үйлері Қоғамның меншігі болып табылады. Жалға алушылар Қоғам алдындағы шарттық міндеттемелерін орындағаннан кейін, үй-жайға меншік құқығы Жалға алушыға беру шарты негізінде өтеді.

    Хабарласқаныңыз үшін рахмет! 

  • Сұрақ: Жазира Оспанова

    Салметсіз бе ? Өскемен қаласы Есенберлина бойынша конкурс болама ?? Осы жылға Болса қашан

    Қайырлы күн, Жазира !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Ельдос Оспанов

    Саламатсызба! Алматы қаласы бойынша тұрғын үйлер беріле ма! Сіздердегі Нұрлы жер Бағдарламасы тоқтады ма?

    Қайырлы күн, Ельдос!

    Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Рахат Ташенова

    Сәлеметсіз бе!? Біз Көкшетау қаласында пәтер жалдап тұрамыз. 4қыз. Студенттерміз. Айына 80.000тг төлейміз+комуслуга 18000ға шығады. Бізге комуслуга ішіне КСК, Капремонт қосады. Оны біз төлеуге міндеттіміз бе? Уйде тышқан мен таракандар бар. Жағдайы жасалмаған. Не істесек болады? Общяга бермид.

    Қайырлы күн, Рахат !

     «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Көкшетау қаласында тұрғын үйлер салынбаған.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Сіздің туындаған мәселеңіз бойынша тұрғын үйдің басқарушы компаниясына жүгінуіңіз керек.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Кыдыр Джумаев

    Договор -112 217874 бойнша пәтердің карызын біліп бересізба сол пәтердің карызын тугелдей төлеп мен сатып алайындеп едим жаңа договор шығартып . Кредитьный историяға,табыска карайма.

    Қайырлы күн, Қыдыр!

    Сіз салыстыру актісін ұсыну туралы өтініш жазып kense@fnsk.kz электронды поштасына жіберуіңіз қажет немесе жетекшілік ететін менеджер Әсел Трумовамен +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады (электрондық поштасы - a.trumova@fnsk.kz).

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Кыдыр Джумаев

    Саламатсызба. Мен Актау каласынан 32а мкр нан пәтер алайындеп едім. Бурынгы пәтер есінің карызы бар екен самрук казнаға,сол карызын мен толыктай төлеп өзі атыма жаңадан график погошение шығартуыма болама. Мениң кредітный историяма,жалакыма карайма.

    Сәлеметсіз бе, Қыдыр!

    Жалға алушы Сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзуға ниет білдірген жағдайда, Қоғамның жылжымайтын мүлікті өткізудің ішкі қағидаларына сәйкес, жылжымайтын мүлік қайталама сатуға жатады. Қоғамның сайтында (https://skcn.kz/) пәтерді сатып алу құқығымен жалға алуға конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру жарияланады. Бұл ретте, осы пәтерді сатып алуға ниет білдірген Өтінім беруші бірінші Жалға алушы жалдау шартын жасасқан кезден бастап жалдау төлемдерінің кестесі бойынша ағымдағы күнге барлық жалдау төлемдерін (оның ішінде алдыңғы Жалға алушының дебиторлық берешегін) өтеуге тиіс. Кредиттік тарих қаралмайды, алайда шарттардың бірі - Өтінім берушінің ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі болып табылады. 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жадыра Уракбаева

    Сәлеметсізбе Болатхан мырза! шымкент қаласы жк Адия үйінің сыртқы фасады сары түсті шуба түсіп қалған. және подъездерде лестницада кафел қойылмаған жасап бересіздерме?2020 ж Николаевич мырза келгенде жасап береміз деп еді. Алайда уже жыл өтті ғой. Ұйдің сыртын 2021 жазда Нұртай мырза келген. ол кісі тендер ойнатып күзге қарай жасаймыз деген. осы мәселені қайта көтеріп нәтижесін айтсаңыз

    Қайырлы күн, Жадыра!

    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. «Әдия» ТК құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасында баспалдақ марштарының кафель тақтайшаларын орнату қарастырылмаған.
    Сонымен қатар, Қоғам «Әдия» ТК қасбетінің анықталған ақаулары бөлігінде «Әдия Групп Тұран» ЖШС құрылыс салушысына қатысты сот талқылауына бастамашылық етті. Қабылданған шешім туралы қосымша хабарланатын болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!