Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Галия Адильшеева

    Сәлеметсіздер ме, өздерің білесіздер Асыл Арман Тұрғын үй кешені қоршалған кешен. Бірақ ішінен осы былтырдан бері базарлар ашылып жатыр, НЕГЕ деген сұраұтарымызға, Акиматқа барыңыздар деп жауап берген. Акиматтың жауабы: Ол жерлер Асыл Арманға, яғни Самруққа тиесілі емес, жеке адамның жерлері деді. Біздің сұрақ. Онда неге ол базар ашылған жер Асыл Арман кешенінен сыртта тұрмайды, неге ішінде қалып қойған. Неге басқа базарлар сияқты кешеннен сыртта тұрған жоқ. Бізге әлі де, мына адам жауапты деген жауапты ешкім айтпады. Олардан қоқыс көп шығады, Ол қоқысты біздің контейнерлерге төгеді. Жауап күтеміз

    Сәлеметсіз бе, Галия!

    Сіздің "Асыл Арман" тұрғын алабының аумағымен шекарадағы орналасқан базар туралы өтінішіңіз қаралды.
    "Асыл Арман" ТА жанында орналасқан базар жеке аумақта орналасқанын хабарлаймыз.
    Бұл ретте, "Сервис Комфорт" ЖШС басқарушы компаниясына "Асыл Арман" тұрғын алабы тарапынан базар аумағына өту жолын жабу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жазира Сайлауова

    Салеметсиз бе! Сиздерде ай сайынгы толенетин акша сомасы график бойынша калай толенеди, ай сайынгы толем озгериссиз бир толем бе, ай сайынгы толемдерге сыйакы бериле ме, график арендных платежей тусиндирип берсениз.

    Қайырлы күн, Жазира!

    Келісім-шарттың 3.2. тармағына сәйкес, жалдау төлемдері кестесінің (№2 қосымша) 3-бағанында көрсетілген кезеңге арналған жалдау төлемінің мөлшері кезең ішіндегі Сатып алу бағасынан (4-баған) және кезең үшін сыйақыдан (5-баған) тұрады.
    3.3. тармағына сәйкес, сыйақы мөлшері жылдық 10 % құрайды. Сый ақыны есептеу ай сайынғы негізде жүргізіледі.
    3.4. тармағына сәйкес, кезең үшін жалдау төлемін төлеу кезінде төленген кезеңнен кейінгі Жалдау төлемдері кестесінің (№2 қосымша) 6-бағанында көрсетілген Сатып алу бағасы төленген жалдау төлемі кезеңіне арналған сатып алу бағасының мөлшеріне азаяды.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Лариса Калдыбекова

    Сәлеметсіз бе! БЖЗҚ қорындағы артық ақша сіздердің шоттарыңызға жіберілді. Түскен немесе түспегенін қалай білуге болады? Жаңа кесте жасалынып, келісімшарт беріле ме? Келісімшарт нөмірі 105207456

    Қайырлы күн, Лариса!

    Жалдау шартыңыз бойынша ақша қаражаты түскен жоқ.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Асель Коржикова

    Саламатсыз ба kense@fnsk .kz почтасына пропискага отиниш жане документтерди жиберип едим. Калай билуге болады отиринишимди плды ма жок па?

    Қайырлы күн, Асель !

    Сіздің өтінішіңіз 21.01.2022ж. №305 бойынша тіркелген.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Толкын Умертаева

    Сәлеметсіз бе Болаттан Айткожанович. Сізге қалай арыз жазсақ болады. Нұсқасын көрсетіп жіберсеңіз

    Қайырлы күн,Толқын!

    Өтінішті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Марат Жағыпарұлының атына жазу қажет. Зейнетақы жинақтары есебінен мерзімінен бұрын өтеуге арналған өтініштер үлгісі мына сілтеме бойынша https://skcn.kz/ru/page/instrukciya-po-ispolzovaniyu-pensionnyh-nakopleniy-epv  сайтында орналастырылған.
    Басқа өтініштер мәселенің сипатына қарай еркін түрде жазылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Еламан Бауыржан

    құрыметті Сандыкбаев БолатканАйткожанович мырза маңғыстау облысы ақтау қаласындағы 32а-шығын ауданындағы тұрғын үйлеріңіз яғни "аренда по следуюшим выкупом" пайыздары өте қымбат, айлық табысымыздың 70%ы осы үйдің ақшасын төйлеуге кетеді. тіпті кей айлары төйлей алмай жатамын. соған орай пайызымды азайтуыңызды тұраймын

    Қайырлы күн, Еламан!

    Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды «сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты сыйақы мөлшерін қайта қарау мүмкін емес.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Анара Турсунбаеа

    Сәлеметсыз бе, Саңдықбаев Болатқан Айтқожанұлы! Ақтау қаласы 32А-10-153 үй тұрғынымын, келісім шарт №112218141, Осы күнге дейін мен уақытында төлем жасап отырмын, 20.07.2021 ішіңара бөліп төлем жасадым зейнетақы жинақ есебінен 4250000 мың теңге / төрт млн екі жұз елу мың теңге/, бір ай бұрын уақыты төлем толенуде, 06 желтоқсан 2021 ж күні зейнет ақы есебінен 680000 мыңтеңге /алты жұз сексен мың теңге/ аударамын деп өтініш жаздым, келген жауабы бұл мекеме менің төлем жасағанымды есептемей бұрыңғы суммамен өзгертпей жіберіп отыр /12/7669 08.12.2021ж/ өтініштін жауабын, сонымен қатар менің қарызым бар деп менің шотымнан гарант ақшадан 290000теңге устаған не себепті? бірде бір маман адам сияқты жауап бермейді,тіпті телефонға жауап бермейді, ол байланыс номерді неге жария қылып береді егер сойлеспесе неге??? жатқан жумбақ! АКТ сверки сурадым әлі жоқ????? НЕ СЕБЕПТІ ГАРАНТИНЫЙ Шоттан ақша ұсталынды????? Бұл жерде мамандардың жауапсыз екендігін көрсетуде, халықпен тілдесе білмейтін мамандар? сурақ қойсан жұмбақтын шешімі есепшіде дейді ватсаппен, ол бөлімде кімдер отыр деген сұрақ туындайды. Осы мәселені тез арада шешіп беруіңізді сұраймыз.

    Сәлеметсіз бе, Анар!

    Сіздің келісім-шартыңыз бойынша кепілтік шотынан ақша ұсталынбаған, менеджер сізге салыстыру актісін жіберді.

    Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, қадағалаушы менеджеріңіз – Әсел Трумоваға +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Камшат Сариева

    Саламатсызба.Мен32/а 9/57 үй тұрғыны Самұрық-Қазына арқылы жолдасымның атына үй алған болатынынмын.Үйде газ жок.Шәй тамакты плиткамен ішіп отырмыз.Кварт плат кымбат.Кска деген мекеме ай сайын 6000 тенге толеттіреді халыққа ешқандай ремонт тазалық жүргізілмейді.Тағы бір мәселе мен екі рет пенсионныймен айына толейтин кредитімді 6,7 айга толеп тастап едім.Енді келіп сенің қарызың бар дейді.Мен сіздерге хат жазып жіберген де кай айдан кай ай арылығын көрсетіп нақты жазған болатынмын. Көпбалалы отбасымыз.Жолдасымның жұмысы екі айдан бері уақытша тоқтап калып еді.Жоғарыда көрсетілген мәселелеріме көмектессеңіздер екен.

    Сәлеметсіз бе, Камшат!

    Сіздің мәселелеріңіз бойынша, келесілерді хабарлаймыз: Ақтау қаласы 32а шағын ауданда орналасқан № 5, 6, 7, 8, 9, 10 8йлерде (Бұдан әрі-Объект) газбен жабдықтау жұмыс жобасында және техникалық шарттарда көзделмеген және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының 42-бабына сәйкес, объектіге қызмет көрсететін ұйым (басқару органы) ретінде кондоминиум объектісін басқару және күтіп-ұстау үшін белгіленген тарифі - 1 м2 пайдалы алаң үшін 40 теңгемен «КАЗЭКО-ЕХРО» ЖК белгіленді. Ал ай сайынғы жалдау төлем ақыларыңыздың мәсәлесі бойынша жақын арада қадағалаушы менеджеріңіз – Әсел Трумоваға хабарласады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Асель Коржикова

    Саламатсыз ба Актобедеги юнис сити уйiме пропискага турайык деп нестесем болады? Арендатор.

    Сәлеметсіз бе, Асель!

    Тіркелуге рұқсат алу рәсімі бойынша ақпарат сілтеме бойынша орналасқан https://skcn.kz/kz/page/instrukciya-po-polucheniyu-razresheniya 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Саламатсыз ба,Болатхан Айтқожанович! Сізге сұрағым мен жк Шығыс тұрғынымын Нұр- Сұлтан. Сіздерде арендный платежға форма заяаление бар ма? Ол қашан шығады. Өйткені енпф ақшамды аударайын деген едім.Рақмет! Частичный емес оны білемін!

    Сәлеметсіз бе, Гулзина!

    Сіздің поштанызға сұрағыңыз бойынша жауап пен өтініштің үлгісі жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!