Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Сабит Махмутов

    Мен жалға алушы Махмутов Сабит, Қызылорда қаласы Е.Демесинов көшесі 77в үй тұрғынымын. Маған 4 қазан 2022 жылы жалға алу төлеміне қарыз екенім көрсетілген, бірақ мен төлемді бір ай ерте төлеп отырмын, барлық төлем чектері бар және үйге 3 жыл бойы үйдің салығы төленбеген деп жазылған. Үйді алу барысында жыл сайын үй салығын төлеп отыру керектігі айтылып, түсіндірмеді және қайда төлеп отыру керектігі көрсетілмеген. Неге 3 жыл өткесін хабар беріп отыр, неге жыл сайын қарыз болған жағдайда бірден хабар берілмейді. Қазір дамыған цифрлық заманда барлық хабарлама жіберу жолдары қарастырылған. Сосын төлем жасаған чектерді кіммен тексертеміз. Қызылорда қаласында филиал немесе офис барма?

    Қайырлы күн Сәбит Биімбетұлы!

    Жалдау шартының 4.3.28 тармағына сәйкес Жалға алушы мүлік салығын төлеу бойынша шығындарды өтеуге міндетті, бұл ретте өтеу кезеңділігін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) анықтайды. Пәтердің иесі бола отырып, Қоғам мүлік салығын төлейді, ал Жалға алушы бұл соманы Қоғамға өтейді, өйткені ол пәтерде тұрады және пәтерді кейіннен сатып алу үшін төлемдерді төлейді. Сонымен қатар, мүлік салығы бойынша өсімпұл есептелмейтінін хабарлаймыз.
    Өкінішке орай, Қоғамда Жалға алушыларды хабардар ету жүйесі автоматтандырылмаған, қазіргі уақытта өңірлерде Қоғамның өкілдері жоқ, алайда Жалға алушыларға ыңғайлы болу үшін колл-центр жұмыс істеп тұр.
    Жіберілген анықтаманы тексеру үшін 55-90-04 (ішкі 152) телефоны бойынша жетекші менеджер Аминова Аселге хабарласуыңызды сұраймыз.

  • Сұрақ: Багдат Жандилдаев

    Саламатсыз ба мен 1 ай алдын ала төлеп келемін бірақ маған үйге хат келді төлемей жатырсын деп мен негізі халык банк приложениесі арқылы төлеп келемін квитанция бәрі бар айма ай төлегені жөнінде енді Қызылорда қаласасында филал жоқ дейді квитанцияны кімге жіберсем болады нақты кімге жіберіп есептесемін

    Қайырлы күн Багдат!

    Біздің есебіміз қолмен жүргізіледі. Егер Сіз хабарламамен келіспесеңіз, келіп түскен барлық төлемдер туралы анықтамаға өтініш (үлгісі поштаңызға жіберілді) жазуыңызды сұраймыз. Біз Сізге бухгалтерлік есеппен салыстырылған анықтама жасап, кейін Сіздің төлемдеріңізді түбіртегіңізбен салыстырамыз. Егер қандай да бір төлеміңіз біздің анықтамада көрсетілмесе, біз ол бойынша іздестіру жұмысын жасаймыз. Ақша банк жүйесінде ілулі болатын жағдайлар бар.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Базаркул Курмангелдиева

    Менің ұйым 10.28. Конкрустан өтіп тұр, өкінішке қарай доход сұрап менің атым а әлі өткен жоқ. Бірінші алған адам доход пен алған, екінші адамға доход сурамай атына өткізген, менен даход сұрап тур. Мен зейнеткермын менде доход жоқ. Маған осы пәтерді егер мүмкін болса жылын узартсаныздар да төлем акысын азайтып доходсыз келісім шарт жасап бере аласыздар ма?

    Қайырлы күн Базаркул!

    Бұл пәтер өтініш берушілердің кірістерін растай отырып, сатудың бірінші кезеңінде сатып алумен жалға берілді.
    Бірінші Жалға алушы жалдау төлемінің ең жоғары сомасын (ТЕЖС) есептей отырып, банктен анықтама ұсынды. Осыған байланысты, іске асыру тәртібіне сәйкес, егер Жалға алушы Сізді үшжақты қайта беру шартын жасасу үшін өзінің үміткері ретінде ұсынған болса, Сізге ТЕЖС есебімен банктің ресми бланкісінің (Банк Центр Кредит) түпнұсқасын ұсыну қажет. Шарттың мерзімдері мен жалдау төлемінің мөлшері бойынша бастапқы шарттарды өзгерту мүмкін емес.

  • Сұрақ: Багаш Байжанакова

    Cәлеметсіз бе, Маулен Зарлыкович, мен Ақтау қаласы 32 А-6-69 пәтерді арендаға алып, ай сайын төлеп отырмын, ковид- пандемия кезінде төлей алмағанымды былтыр пенясымен төледім, пандемия кезінде пеня қосылмайды деп үкімет қаулы шығарса да, көктемде Сіздер Ақтауға келіп, тұрғындармен кездесу жасап, пеня қосылмайды, алынып тасталды деп едіңіздер, менің қазіргі таңда үйге қарызым жоқ, пеня шығарып қойған, не үшін, акт сверка қараған кезде төлем уақыттары сәйкес келмейді, менің мәліметтерімді қайта қарап, қате қосылған пеня жөнінде түсіндірме берулерліңізді және акт сверканы төлемдердің уақытымен сәйкестендіріп, ай сайын почтама жіберіп отыруды қамтамасыз етуіңізді сұраймын

    Сау-саламатсыз ба Багаш!

    «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес Қоғам Жалға алушыларға 2020 жылғы 16 наурыз бен 16 тамызды қоса алғанда, жылжымайтын мүлікті кейіннен сатып алумен бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша жалдау төлемдерін төлеуді кейінге қалдыруды ұсынды. Көрсетілген мерзімге есептелген жалдау төлемдерін жалға алушылар 31.03.2021 ж. дейінгі мерзімге сыйақылар мен өсімпұлдарды есептемей, сондай-ақ шарттарда көзделген кепілдік төлемнен есептен шығарусыз төлеуі тиіс.
    Алайда, Сіз жеңілдік кезең үшін төленбеген төлемдерді 24.06.2022 жылы өтедіңіз. Тиісінше, 01.04.2021 жылдан бастап келісім шарттың 9.2. тармағына сәйкес жеңілдікті кезең ішінде төленбеген төлемдер бойынша өсімпұлдар есептелді. Есептелген айыппұлдармен алынған барлық төлемдер туралы толығырақ ақпарат Сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
    Шарттың 9.2-тармағына сәйкес Жалгер Жалға берушінің талабы бойынша кешіктірген әрбір күн үшін жалдау төлемінің кешіктірген төлемінің кешіктірген сомасының 0,1% мөлшерінде өсімақы төлеуге міндетті.
    Сондай-ақ келіп түскен барлық төлемдер туралы анықтама Жалға Алушының өтініші негізінде ұсынылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Юсупов Бейбит

    Ассалаумалейкум Ақтау қаласы 32А ш/а тұрғынымын, ұйдің сыртын көретін жер жоқ, кафель бәрі сынып қалған, подъдезд қап-қара күрделі жөндеу қажет. Осыларды бір қолға алсаңдар, келіп өзіңіз қараңыз жылағың келеді үйдің сыртын ішін көрсең.

    Қайырлы күн Бейбит!

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 14-тармағына сәйкес қасбеттер мен кіреберістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жатады. Тұрғын үй-жайды сатып алумен жалдау шартының талаптарына сәйкес (4.3.16-тармақша) үй-жайларды Жалға алушылар тұрғын үйді басқару органымен («Қазэко-ЕХРО» ЖК) ортақ мүлікті басқаруға және ұстауға шарт жасасуға міндетті. 4.3.18-тармақша Жалға алушының пайдалану қызметтерін, сондай-ақ ортақ мүлікті күрделі жөндеуге жарналарды төлеу міндетін көздейді.
    Сонымен қатар, «Қазэко-ЕХРО» ЖК ұсынған мәліметтер бойынша Жалға алушылардың пайдалану қызметтері үшін берешегі ---- теңгеден асады.
    Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кіреберістер мен қасбеттерді ағымдағы жөндеу мәселелерін тұрғын үйді басқару органымен шешу қажет.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айнагүл Төлебаева

    Қайырлы күн! Отбасы банкі шотына қаражат түскеннен кейін, 40-күннен 20-күнге қысқартылуына байланысты, қалдық сома анықтамасын тезірек алуға мүмкіндік бола ма?

    Қайырлы күн Айнагүл!

    27.04.2022 ж. Сіздің электрондық поштаңызға анықтама жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Лаура Ауелбекова

    Саламатсыздар ма? Біздің қазіргі тұрып жатқан пәтерімізді 3 бөлмеге ауыстырсақ деп едік Өйткені пәтерді алған кезде 3 баламыз бар еді, қазір 4 баламыз бар Пәтеріміз кішкентай болып тұр Өтініш сондай мүмкіндік болса ауыстырып берсеңіздер Ай сайынғы төлем ақыны кешіктірмейміз

    Қайырлы күн, Лаура!

    Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Samruk-Kazyna Construction" АҚ тұрғын үйлерін Қазақстан Республикасында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша бөлу аяқталды.
    Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ішкі ережелеріне сәйкес, жеке тұлға тұрғын үйді жалға алу механизмі арқылы сатып алу құқығын бір рет қана пайдалана алады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айдарова Фариза

    Самұрық қазынадан ЕНФ тагы ақшаны ипотекаға аудару үшін рұқсат қағаз алу туралы 29.03.2022 жылы өтініш жібердім, жауап қашан бересіздер?

    Сәлеметсіз бе, Фариза!

    Сіздің анықтамаңыз 31.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Асемгуль Канайбекова

    Пенсионный фондтан пороговый акшамызды самрукка жартылай жабу ушин справка алу оте баяу жане 15 куннин ишинде деп созып отыр ,бул не деген справка жарты ай каралатын

    Сәлеметсіз бе, Асемгуль!

    Сіздің анықтамаңыз 29.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Алмагүл Бижанова

    Мен Алматы облысы Асыларман 11 үй 107 пәтерді жалға алып турып жатырмын. Пенсия қорындағы шектік сомадан артылған акшамен 14.12.2015 жылғы 105209129 шартымен жалға алған пыатердын кредитін жабу үшін Самұрык-қазынадан берілетін аныктаманы жасау уакытын тездетсе болмас па екен. Анықтаманы куткен уакыт 10 күннен асып кетті. Әртүрлі сылтаумен аныктама жасау уакыты созылып жатыр.

    Сәлеметсіз бе, Алмагүл!

    Сіздің анықтамаңыз 29.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!