Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Зинаида Таугистауова

    Мен Атырау қаласынан сіздерден арендный үй алғанмын. Сол үйдің ақшасының бір бөлігін бөлшектеп төлеу арқылы төлем аудардым, осы қаңтарда. Енді жаңа есептеліп келген кесте бойынша неліктен сыйақы мөлшерлемесі азайтылмайды? Тек өзімнің төлейтін негізгі берешек суммам ғана азайған. Ал толық жабу туралы мәліметті қарағанда қосып тұрған сыйақы мөлшерлемесі неге көп? Мен қай уақытта қарызымды жабам, сол уақытқа дейін ғана сыйақы алынбай ма?

    Салеметсиз бе, Зинаида!

    Келісім-шарттың 6.8-тармаққа сәйкес ішінара мерзімінен бұрын өтеу енгізілген кезде бірінші кезекте 20% мөлшеріндегі сыйлықақы шегеріле отырып, негізгі борыш өтеледі. Сатып алу бағасы
    тиісті кезеңнің басында азаяды, сәйкесінше сіздің кестеңізге сәйкес сыйақы азаяды.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Сауле Сейтказина

    Сәлеметсіз бе, біз наурыз айының 11 күні пенсионкадан частично төлеуге арыз жазған едік. Бұрындары 1 аптаның ішінде тез беруші еді, 2 апта бітті, біз о задолженности справканы әлі алмадық, неге өте ұзақ дайындалып жатыр? Звондасақ келесі апта дейді, интернет істемей тұр дейді, сонда дардай самрұқта интернет болмағаны ма?келесі апта кеш болып кетеді ғой, пенсионкдан болған соң неге жылдамырақ дайындалмайды. Егер 28 наурызға дейін демесе государства біз асықпайтын едік. Пенсионкадан болған соң жылдамдатуға болады ғой.

    Сәлеметсіз бе, Сауле!

    Бізде жүйелік қате туындады, 25.03.2022 г. 17:00 іске қосылды.

    Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Зинаида Таугистауова

    Қайырлы күн! Мен Атырау қаласындағы Жерұйық тұрғын үй кешенінің тұрғынымын. Неліктен жылдық налогтың мөлшерлемесі өте көп? Қандай негізге сүйеніп бекітілген бұл салық? Тіпті жер үйде тұратындар 17000 тенге налог төлемейді бір жылға

    Сәлеметсіз бе, Зинаида!

    Жалға алынған үй-жайдың меншік иесі "Samruk-Kazyna Construction" АҚ болып табылады, ол 531-баптың 1-тармағына сәйкес салықтық база осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1700000120). Сіз кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді (пәтерді) жалға алушысыз болғандықтан, жалдау шартының 4.3.28-тармақшасына сәйкес Жалға алушы мүлік салығын төлеу шығындарын өтеуге міндетті.


    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айгуль Сагатбекова

    Сәлеметсіз бе, мен жеке куәлігімнің мерізімі біткен соң жаңасына ауыстырғанмын. Фамилия аты жөнім, иин сол қалпында тек жеке куәліктің номері өзгерді. Жаңа куәлікті келісім шарт бойынша сіздерге тіркеу үшін қайда тіркеймін, арыздың үлгісін беріңіздерші.

    Сәлеметсіз бе, Айгуль!

    Жаңа жеке куәлікті келісім шарт бойынша тіркеу қажет емес, қосымша сұрақтарыңыз болса, менеджеріңіздің электрондық поштасына сұрау жібере аласыз Асель Трумова, a.trumova@fnsk.kz.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айнагүл Төлебаева

    Қайырлы күн! Отбасы банкі шотына қаражат түскеннен кейін, 40-күннен 20-күнге қысқартылуына байланысты, Қалдық сома анықтамасын тезірек алуға мүмкіндік бола ма?

    Сәлеметсіз бе, Айнагүл! 

    Сіздің анықтамаңыз 17.03.2022 ж. электрондық поштаңызға жіберілді. 

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Майрамгул Аллабергенова

    Саламатсызба Жалдамалы патер калай алуга болады Актау каласынын . Кайда барып кенес алуга болады

    Сәлеметсіз бе, Мейрамгул!

    Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына құрылыс» АҚ тұрғын үйлерін Қазақстан Республикасында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша бөлу аяқталды.  Жалға алушылар сатып алу-сату шартымен жалдау шартын бұзған жағдайда жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін. Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің веб-сайтта сілтеме бойынша «Хабарландырулар» бөлімінде орналастырылған. https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya  Байқауға қатысуға өтінімдер платформада тек онлайн форматта қабылданады https://dom.fnsk.kz/ru.  

    Бізбен хабарласқаныңызға рахмет!

  • Сұрақ: Куаныш Карабаев Карабаев

    Женiлдiкпен уй ала аламба, Ата-анасы жок деп без очеред, Алматы или облысы бойынша

    Қайырлы күн, Қуаныш !

    Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды. Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады. Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады. 

    Пәтер сатып алуға өтінімдер Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық санаттары үшін www.dom.fnsk.kz  веб-сайты арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау басталуының белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар бір мезгілде пәтер сатып алуға өтінім жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электрондық өтінімді қабылдау уақыты бойынша автоматты түрде қалыптастырылады. Басымдық уақыт бойынша бұрын берілген өтінімге беріледі, оған сәйкес Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібіне сәйкес құжаттарды «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынуға міндетті.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Каримов Куаныш

    Актауда неге представитель жоқ. Қашан болады? Переуступка жасай алмай отырмыз.

    Қайырлы күн, Қуаныш!

    Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ атынан өкілдікке үміткерлер қарастырылуда.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жансая Ержанова

    Сәлеметсіздерме! Тұрғын үйге өтінім беру тек Ақтөбе қаласында екен. Басқа қалаларда яғни Шымкент қаласынан жақын арада болама?

    Қайырлы күн, Жансая!

    Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Саламатсыздар ма? Менің сұрағым неге Енпф счетындағы ақшаны 3 айдың арендасы етіп жіберу керек? Ол сумманы арендный платеж етіп төлеуге болмай ма? Маған 3 айдың ақшасы болу керек деп түсіндірді. Бұл қаншалықты рас?

    Қайырлы күн, Гүлзина!

    Сіз алдағы жалдау төлемдерін зейнетақы жинақтары есебінен төлей аласыз.
    Егжей-тегжейлі нұсқаулық https://skcn.kz/kz/page/instrukciya-po-ispolzovaniyu-pensionnyh-nakopleniy-epv  сілтемесі бойынша сайттымызда орналастырылды.
    «Отбасы банк» АҚ платформасында өтініміңіз өңделгеннен және ақша қаражаты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шотына аударылғаннан кейін, Сізге ақша қаражатын алдағы жалдау төлемдері есебіне аудару туралы өтініш жазып, kense@fnsk.kz  электрондық поштасына жіберу қажет.

    Хабарласқаныңыз үшін рахмет!