Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Салематсызба.Пәтер кезегіне тұру үшін кіріс көзі есепке алынатынын білеміз егер пенсионный тоқтап тұрған болса.Бірақ сетевой жұмыстар арқылы табыс көзі бар болса өтінім бере аламынба
Жауап
Қайырлы күн, Айнагул!
Сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы тұрғын үйді сатып алудың негізгі өлшемшарттары мынадай:
1) Соңғы 36 (отыз алты) айда тұрғын үйдің болмауы немесе жылжымайтын мүлікпен мәмілелердің болмауы, не тұрғын үй жағдайларын жақсарту, яғни отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден кем келетін осы қалада тұрғын үйдің болуы.
2) Ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі.
3) Бұған дейін өтініш беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шарттары бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алмаған болатын.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе! Біз 2020жылы августа Самурук казына компаниядан Ақтау қаласы 32а мкр 9 дом үй алған болғанмын. Ендігі мәселе үйдің тозуында. Бұл домда домофон жоқ , жақсы, тек ол болса екен ЕСІК жоқ подъездге кіретін есік жоқ! Сапасы нашар болғандықтан әлі жөндеу де немесе тағыда басқа сылтаулар болу мүмкін! Келесі мәселе Есік болмағандықтан Домға қауіпсіздік жағы қандай болатынын белгілі?! Кейінгі мәселе ЛИФТ желге лифт коп тоқтайды деп көршілер шағымдануда, ал бұл дом 14 этаждан тұрады! Жақсы біз сізден сатып алдық, бізден кейін бұны кім сатып алады? Сізден осы мәселелердің әділ және дұрыс шешімін табатынызға сенімдіміз, себебі біз КСК және осыған жауапты адамдарға телефон соктык, одан ешқандай жауап жоқ !
Жауап
Сәлеметсіз бе, Айнұр!
Өтінішіңіздегі мәселелер бойынша шаралар қабылдау үшін «ҚАЗЭКО-ЕХРО» ЖК Басқару органына Сіздің өтінішіңізде көрсетілген мәселелерге қатысты түсініктеме беруге және шаралар қабылдауға тиісті сұрау салу жіберілді. 9-үйдің №2 кіреберіс есігі жөнделіп, қалпына келтірілді. Жұмыс істемейтін домофонға қатысты «АРТ-Телеком» ЖШС көрсететін тиісті қызметтер үшін берешекке байланысты домофондар ажыратылғанын хабарлаймыз, осыған байланысты Ақтау қ., 32А ы/а мекенжайында орналасқан КПТҮ объектісін басқару органы «КАЗЭКО-ЕХРО» ЖК-не 30.10.2021 жылы домофондарға қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған ұйымды таңдау мәселесі бойынша пәтер тұрғындарының жиналысын өткізу тапсырылды.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумағалейкүм Болатхан аға! Ақтобе қаласынан Нұрлы жер бағдарламасы арқылы жалдамалы үй с правом выкупа қалай алуға болады. ЖК. Бавария тұрғын үйі сіздің компанияыңыз арқылы берілеме.
Жауап
Қайырлы күн,Асылбек !
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба ! Маған уй керек еді Актау каласынан кай жерге барып хабарласамын
Жауап
Қайырлы күн, Нелли!
Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе, сұрағым, риелторлар бұрын қарызы бар үйлерді білмеуі мүмкін бе? басқа адамға қарызы бар үйді сатуы қаншалықты заңды? Және құжат 1 -1,5 айда дайын болуы керек. 3-4 айға дейін бермеуінің орынды орынсыз екеніне жауап берсеңіз?
Жауап
Қайырлы күн, Маржан!
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) коммерциялық ұйым болып табылмайды. Қоғам риэлторлық және/немесе консалтингтік компаниялармен жұмыс істемейді.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы барлық ақпарат сілтемесі бойынша https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya сайтымыздың «Хабарландырулар» бөлімінде орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалааму алайкум қалайсыз? Ақтөбе қаласынан, үй алғым келеді арендага, Актобе қашан тағы үй беріледі, сол үй алуыма жәрдем берсеңіз, арендага алайын деп едим, Актобе де программа битти деди жұмысшыларыныз соны реттеп берсениз
Жауап
Қайырлы күн, Арман !
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсизбе. Мен уйге очередке турам немесе аренда жилье программасына катыссам димин. Квартира да уйсиз жургениме 3 жыл болайын деп жатыр.
Жауап
Қайырлы күн, Гулжан !
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
салеметсизбе Болаткан Айткожанулы ! 9. 09 2021ж арыз жазып едик. толык сатып алу соган али жауап жок. 2 ай кутиниз дейди. сол жагы калай. сатып алганнан кейн тагы 2 ай кутемизбе оформление документов. сонда калай?
Жауап
Қайырлы күн, Бейбіт!
Сатып алу құқығымен жалдау шартының 6.5-тармағына сәйкес «Жалға алушы үй-жайдың сату бағасын төлеу кезеңі басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын енгізілетін төлемнің мөлшерін көрсете отырып, толық өтеу ниеті туралы Жалға берушіні жазбаша хабардар етуге тиіс». Сіздің өтінішіңіздің негізінде берешек сомасы (жалдау төлемдері, салықты өтеу, мерзімі өткен төлемдер үшін өсімпұл бойынша бар берешекті ескере отырып) есептеледі. Содан кейін Сізге берешек сомасы және оны өтеу мерзімі туралы ақпарат жіберіледі. Берешек сомасы көрсетілген кезеңге дейін төленген жағдайда, салыстырып тексеру актісі жасалып берілетін болады.
Бұдан әрі, мәміле жасау үшін құқық белгілейтін құжаттар Сіздің аймағыңыздағы нотариусқа жіберілетін болады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сəлеметсіздерме. Мен Утелов Алмас Ақтау қаласы 32а шағын ауданы, 10 үй, 53 пəтер 2 бөлмелі (49.9 шаршы метір) тұрғыны. Желтоқсан айы 2020 жылы Жеке кабинетімде " Возмещение налога на имущество" деген жерінде 4 800 теңге қарыз деп шығып тұрды, мен 5 000 тенге толедім, сосын 1-2 айдан кейін тағы да 3 700 тенге қарыз деп Жеке кабинетіме шықты мен тағы да 4 000 теңге ақша төлеген едім. Ешқандай қарыз суммам болмаған, бірақ осы айдан бастап тағыда "Возмещение налога на имущество" дегенге 1 434 теңге қарыз деп жеке кабинетіме келіп тұр, бұл қайдан шыққан қарыз, қалай есептелініп тұр маған түсіндіріп берсеңіздер жəне жылыга қанша теңге төлену керек салық үшін???
Жауап
Қайырлы күн, Алмас!
Тұрғын үй-жайды сатып алумен жалдау шартының 4.3.28-тармағына сәйкес Жалға алушы мүлік салығын төлеу бойынша шығындарды Жалға берушіге өтеуге міндетті, бұл ретте өтеу кезеңділігін Қоғам айқындайды.
Қоғам мүлік салығын Кодекстің 521-бабының 6-тармағы негізінде есептеген кезде, Кодекстің 531-бабында («Жеке тұлғалар үшін салық мөлшерлемелері») белгіленген мөлшерлемені қолданады, себебі Қоғам Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығымен бекітілген Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген.
Осыған байланысты, Шартқа сәйкес Жалға алушы Жалға берушіге мүлік салығын төлеу жөніндегі шығыстарды тоқсан сайын өтеуге міндетті.
Бүгінгі күні жеке кабинет тестілік режимде жұмыс істейтінін қосымша хабарлаймыз.Толық ақпарат алу үшін Ақтау қаласы бойынша жетекшілік ететін менеджерге +7(7172) 55 90 04 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз!
-
Құрметті Болатхан Айтқожанұлы! Асыл Арман ТК конкурс бойынша 14үй 251пәтерді ұтып алдым. Банктен төлем қабілетін растаттым. Алматы қ.Самұрық қазынаның өкілдігіндегі маман Үсіпбекке 28 шілде 2021ж. барлық құжаттарымды өткіздім. 10.08.2021ж.өкілдіктеріңізге барсам менеджер Конурбаева Мария 14үй 251 пәтер ді менің атыма рәсімделмейтінін және құжаттарымды алып кетуімді сұрады. Себебін сұрағанда үй иесі Киргабаков Мухтар үйін сатпайтын болды деп жауап берді. 11.08.2021ж.менеджер Конурбаева Мария хабарласып 13.08.2021ж. сағат 14-30 әйелім екеуімізді келуімізді ескертті акт сверка жасап үйді менің атыма рәсідейтінін. Мен 13.08.2021ж.аталған әйелім екеуіміз бардық. Үй иесі М.Киргабаков мүдем телефонға жауап берген жоқ және келмеді. М.Конурбаевадан сұрағанда танертен хабарласқанын сағат 14-30 келетінін айтты. Сағат 18-00 ге дейін күттім ешкімнен ешқандай жауап болған жоқ және Конурбаева Мария Дүйсенбі хабарласам деп шығарып салды. Осы аталған 14 үй 251 пәтер бойынша қызметтік тексеріс жіберуіңізді және заң бұзушылықтар орын алған жағдайда шара қолдануыңызды сұраймын. Менің бір ай уақытым кетті және моральдық психологиялық қысымнан өтіп жатырмын. 14 үй 251 пәтер маған рәсімделмейтін болса келесі босаған пәтерден конкурссыз пәтер алуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Динмухамед!
Жалға алушының атына талап ету құқығын басқаға берудің үшжақты шартын жасасу бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау туралы жазбаша талап жолданды.
Бүгінгі күнде сіздің мәселеңіз шешілді. 23.08.2021 жылы "Асыл Арман" ТК 14-үй, 251-пәтер бойынша құқықты басқаға беру жөнінде мәмілеге қол қойылды.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!