Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Шабай Амангельлиев

    Сәлеметсібе! Мен Амангельдиев Шабай! Сатылған үйдің ақшасы не себепті уақытында аударылмайды. Үйді сатканымызға 2 ай болды. Ал менджелер бүгін ертең 1-2 күннен соң деп әлі келе жатыр.

    Қайырлы күн, Шабай!

    Ақшалай қаражат 24.06.2021 жылы қайтарылды.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Махаббат Тасболатова

    Сәлеметсіз бе ? Сұрағым мен ай сайын бір ай алдын ала төлеп отырмын .Енді соны жеке кабиенттен көрейін десем акт сверкіде дұрыс көрсетілмеген және 6203 теңге шығып тұр төлеу керек деп ол не жөнінде екен . Сосын 6900 теңге тұр пеняда мен пеня уақытымен төлеп отырмын

    Қайырлы күн, Махаббат!

    Жеке кабинет тестілік режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта төлемдерді салыстырып тексеру жүргізілуде. Жақын арада Сіздің төлемдеріңіз сәйкестікке келтіріледі. Қосымша сұрақтарыңыз болса, сұрауыңызды Сіздің менеджеріңіз Темірғалиева Айгүлдің - a.temirgaliyeva@fnsk.kz  электрондық поштасына жібере аласыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Құндыз Кулиманова

    Сәлеметсіз бе, мен алматы қаласы бойынша пәтерге кезекте тұрмын. Пәтерді қай жерден және неше пайызбен алуға болады? Ипотека қымбат болып тұр. Мамандығым: мұғалім, үйленгенмін, 2 балам бар, жасым 38

    Қайырлы күн, Құндыз !

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу Алматы қаласында аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Майра Дюсупова

    Салеметсизбе, арендное жилье толем акысын калай билуге болады, Оскемен каласына Есенберлина 13/1 кв 93 патер алгамын, енпф тан частичное погашение жасаймын, калай болады, толемакы каншага азаяды соны билейн десем берилген телефондар мулдем алмайды, соган комектесип жиберсениз дер, жауапкершилик оте аз, звондасак уйыктап отырып жауап береди

    Сәлеметсіз бе, Майра!

    Сізге берешекті ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыру үшін өтініш жазып kense@fnsk.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Мерзімінен бұрын өтеу туралы қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-90-04 телефоны арқылы жетекшілік ететін менеджер Жолтай Әміржанға хабарласа аласыз немесе a.zholtay@fnsk.kz  электрондық поштасына жаза аласыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жадыра Урынбаева

    Құрметті Болаткан Айткожанович! Мен Урынбаева Жадыра, Өскемен қаласы, Есенберлина көшесі 13/3 тұрғынымын. Біз 2020 жылдың 28 желтоқсанында көшіп келдік. Тұрып жатқанымызға 5 айдың шамасы болып қалды, әлі күнге электроэнергиясы ШығысЭнергияТрейдке өткізілген жоқ. Қандай себептермен өткізілмегендігін білгім келеді? Қаңтар айында тұрмаған айларға да жылудың ақшасын төледік. Ал енді электроэнергиясын да солай төлейтін болсақ, желтоқсан айына дейін қаншама құрылыс жұмыстары жүргізілді, оған қаншама электроэенергия кетті. Бізге 5 айдың электроэнергиясын төлеу қиындық туғызады.

    Қайырлы күн, Жадыра!

    Есенберлин даңғылы бойындағы №13/1 – 13/8 көп пәтерлі тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынған.
    «Нұрлы жер» бағдарламасының талаптарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тұрғын үйлерге жеткізуді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Мәселен, «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі» ММ осы тұрғын ауданды электрмен жабдықтау желілеріне қосты. Алайда, «ШҚ ЭТК» АҚ энергия беруші кәсіпорны сыртқы электр желілері бойынша ескертулерге байланысты (электрмен жабдықтаудың екінші енгізілуінің болмауы), электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды ресімдемейді.
    Осыған байланысты, қазіргі уақытта ЖАО және «ШҚ ЭТК» АҚ бар кемшіліктерді қысқа мерзімде жояды, содан кейін электрмен жабдықтауға қосылуға тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделетін болады.
    Сонымен қатар, тұрғын үй салынған кезде және пәтерлерде жөндеу жүргізілген кезде электр есептегіштер қосылмаған, жалға алушылар қоныстаған кезде, есептегіштердің көрсеткіштері нөл болғаны туралы хабарлаймыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Сандуғаш Кужамбердиева

    Саламатсыз.Ораза кабыл болсын  Аллам жумыстарынызга береке берсiн. Сізге үлкен өтiнiшпен хат жолдап отырмын.. Мен Кужамбердиева Сандуғаш Нуралы кызы.Алматы каласы Аккент мкр.нан 2017жылы арендаға үй алған едім. Менің жағдайым ол кезде өте жаксы болған.. Алдында не күтіп турганын ешкім білмейді екен  Соңғы екі жылдан бері басыма үлкен сынақ келіп, ай сайынғы төлемді төлеуге шамамыз келмей киналып калдык.. Екі балам бар еді, кызым 20-жасар аяк асты жүрегі токтап кайтыс болды..Артынан өз жүрегіме ота жасалды..Ол кайгы аздай уш ағамыз кайтыс болып,ес жиа алмай калдык.. Алғаш өзім жумыссз калып, бірінші операциядан шыккан кезде, арнайы Астанаға барып, бар жағдайды көрсетіп компания басшылығынан жағдайыма карауларынызды өтiнген едім.Елбасына, Депутат Азат Перуашевка өтiнiш хат жолдап,ол кiciлер Самрук басшыларына жолдаған хатында айтқан еді.Сол себепті сiздерден жағымды жауап күтіп жүрген едім.Сонгы үмітпен сізден көмек сурап хат жолдап отырмын.. Менің осы алған пәтерiмде 85-жастагы карт атамыз,улым, жолдасым, мүгедек бауырым бар.. Басымыздагы жалғыз баспанамызды сактап калуга көмек берсеңіздер екен..Тек қана өтiнерім ай сайынғы төлемді шамамыз келгенше жасап беруді, мерзімді узартып , өсімді алып тастуга, калган сумманы толык есептеп жiберунiздi өтiнем.. Алла разы болсын  көмектесуіңізді сұраймын.. үлкен өтiнiшпен хат жолдап отырмын.Аккент мкр.Кужамбердиева Сандуғаш Нуралы кызы. 

    Қайырлы күн, Сандуғаш!

    Тілектеріңіз үшін сізге көп рахмет, бірақ сіздің мәселеңіз бойынша сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптарына сәйкес төлемдер бойынша кейінге қалдыруды ұсыну және жалға берушінің жалдау төлемдерінің кестесін қайта қарау мүмкін емес.

    Хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Абай Қайржан

    Саламатсызба! Мен ЕНПФ арқылы арендный платеж төлей аламба?

    Сәлеметсіз бе, Абай!

    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да тұрғын үйді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша толық/ішінара өтеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануға болады. Толық ақпарат сілтеме бойынша https://skcn.kz/kz/news/news/627.

    Бізге хабарласқан үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айзада Батырова

    Уй алгым келет агшам дайын комекдесинизши отиниш

    Қайырлы күн, Айзада!

    Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Багдат Адилова

    Салеметсіз бе? Болаткан Айткожанович! Маған 2016ж ЖК «Шығыс»-тан "Қолжетімді бағдарлама бойынша" қызым Адилова Ботагоз Бейсенбаевна 1985 ж 31 мамырда туған 2топ мүгедек бағдарлама мен 3бөлмелі пәтер берген. Данный комьпютерде бар сол не болды Білейін деп едім Үйдің кезегінде 2009ж бастап тұрмыз Анасы Адилова Багдат. Сот87028821504. Нұрсултан қаласы.

    Қайырлы күн, Бағдат!

    "Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Шығыс" ТК тұрғын үйді бөлуге қатысы жоқ.
    Сізге әкімдікке жүгінуді ұсынамыз.

    Хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Медет Мейрамбекұлы

    Ассалаумағалейкүм, наурыздың басында өтініш жібергем жалдамалы пәтерді толығымен жабу ,қанша қарыз туралы мағлұмат алайын деп. Өтінішті қабылдап алды, 29 наурызда хабарлама келді,өтініш қабылданбады деп, 2 ай өтті телефон шалсам алмайды, жауаб бермеді, шара қолдануынызды сұраймын.

    Қайырлы күн, Медет!

    Қоғамның корпоративтік поштасына "Kuralaioralgazina10@gmail.com" кіру хаты түспеген, өтінішіңізді info@fnsk.kz поштасына қайта жіберуіңізді сұраймыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!