Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Мен Адилова Багдат маған 2016 жылы жеңілдікпен "Қолжетімді бағдарлама —2020" менің қызым Адилова Ботагоз Бейсембайқызы (2 топтағы мүгедек) Шығыстан 3 бөлмелі пәтерге направления берілген.Қолымызда қағаз бар. Данный компьютерде бар екен департамент жильяда тексерттім. Доходымыз жетеді. Шығыста салынып жатқан үйдің қай үйден беріледі екен соны білгім келеді.Үйдің кезегінде 2009 жылдан бастап тұрамыз. Осыған жауап беруіңізді сұраймын, жауапсыз қалдырмайды деп сенемін. Анасы Адилова Багдат Нұр-султан қаласы.
Жауап
Қайырлы күн, Багдат!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу Нұр-Сұлтан қаласында аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіздер ме. Мена Алматы облысы, Қарасай ауданандағы Асыл Арман ТК тұрғынымен, сонда 15 жылға баспананы сатып алу құқығымен жалға алғанмын. 17.03.2021 ж. info@fnsk.kz э-поштасына Зейнетақы қорында жиналған қаражатты бір бөлігін жалға алынған баспананың ақысын ішінара өтеуге пайдалану үшін арнайы формада толтырылған Өтініш жолданған едім. Сол күні кешке Өтінішімнің қабылданып, менежердің қолында екендігі туралы жауап хат алдым. Жылдам берілген жауапқа қуанып қалған едім. Содан бері ұзақ уақыт нәтиже туралы жауап болмаған соң, Өтінішімнің жайы туралы сұрап 5-сіуір күні тағы да хат жаздым. Өкінішке орай, бүгін 1-айға жуық уақыт өтті, жауап әлі жоқ. Өздеріңізге белгілі, жауап хатта күтіп отырған Анықтаманы ОтбасыБанктің арнайы порталына 45 күнде жүктеу керек. Олай болмаған жағдайда үрдісті басынан қайта өткізу керек болады. Мына 45 күнде жауап алынбаса, ондағы 45 күнде жауап алатынымызға кім кепіл? Сұрарым, берілген Өтінішке жауап ретінде Анақтаманы беруді тездетуге болады ма?
Жауап
Қайырлы күн, Гүлім!
Сіздің сұранысыңыз өңделді. Анықтама электрондық поштаңызға 01.04.2021 жылы жіберілді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Құрметті Болатқан Айтқожанұлы! 27 маусым 2016 жылы "Асыл Арман" тұрғын массиві, 21 үй, 163 пәтерді жалға алу, сатып алу шартымен алған болатынмын. Алайда, ағымдағы жылдың 05.03.2021 жылы, 3 жакты келісім шарт жасасып, жоғарыда көрсетілген пәтерден бас тарттым. Арадан 1 ай өткеніне қарамастан Сіздің мекеме тараптарыңыздан қайтарулуға жататын 840 000 тенгеге жуык қаражат осы күнге дейін қайтарылған жок. Неге Сіздің мекемеңіз заңсыз 2 ай маған тиесілі қаражатты ұстайды???? Әлде бұл мекеме әр азаматтардан осылай 2 айлық қаражаттарын коммерциялық түрде айналымға шығарады ма??? Шұғыл жауап беруіңізді сұраймын!!!
Жауап
Қайырлы күн, Азамат!
01.03.2021 жылы талап ету құқықтарын басқаға берудің үшжақты шартының 2.2-тармағына сәйкес, Жалға беруші өтеу сомасын Талап ету құқықтарын басқаға беру шарты уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде 1-Жалға алушы ұсынған деректемелерге төлейді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 32 а шағын ауданы бойынша қолданысқа берген үйлеріңізде таңғы сағат 9.00ден беоі свет жоқ қазір кешкі сағат 21.36 мен АУЭС сұрақ қойғанда олар қолданысқа берген мердігер мекеменің қателігінің салдарынан дит. Соны жөндеп жатырмыз дит. Неге дұрыстап осындай қателіктің алдын алМаска. Жауап беріңізші
Жауап
Қайырлы күн, Махаббат!
Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз, 2021 жылдың 10 сәуірінде сағат 9:45 – те "Ақтау Электр Желілері Басқармасы" МКК (бұдан әрі-АЭЖБУ) желісінде жоғары вольтты апат орын алды, осыған байланысты 32а, 32б және 32в шағын аудандарында электр қуатының өшуі орын алды. АЭЖБУ авариялық қызметі 2021 жылғы 10 сәуірде 22:18-де электр желілерінің зақымдануын жойды.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен самурык казына аркылы уй алғым келеды калай алсам болады
Жауап
Қайырлы күн, Токтар!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба! Мен актау каласынан уй алуга отиниш берейн деп кдим +7 (717) 257-55-11 осы номерге 2 куннен бери хабарласа алмай отырмын ешким алмайды консультация бермейди.
Жауап
Қайырлы күн, Амангуль!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе, Болатқан Айтқожанұлы. Желтоқсан айында да жалдау төлемі туралы сізге сауал жолдаған болатынмын. Алайда, электронды поштама тұщымды жауап келген жоқ. Мен былтыр карантинге байланысты екі ай төлей алмадым. Сол ақшаны 2021 жылдың 31 наурызына дейін төлей алатыным туралы хат келді. Және де бұл хабарлама сайттарыңызда жарияланды. Бүгін 31 наурыз менеджерге хабарласқанда, ол: "Гарант ақшаңыздан екі айдыкі алынды. Енді екі ай гаранттық ақшаны және екі ай аренда төлемін төлеу керексіз", - деді. Мен соңғы рет 2021 жылдың 2 наурызында төлем жасадым. Енді бүгін екі айдыкін төлейін дегенмін. Әр төлеген төлемімді өзім қадағалап, есептеп отырамын. Терминалдан төлегендіктен чекте жазу кетіп қалған. Халық банкіне барасам, олар ешқандай төлем копиясын бере алмайтындарын айтты. Сонда мен не істеуім керек? Сіздерге төленген әрбір төлем жүйелі түрде неге есепке алынбайды? хабарласу өте қиын, телефон тұтқасын алмайды менеджерлер. Төлем туралы мәселемді шешіп беруіңізді сұраймын.
Жауап
Қайырлы күн, Жанаргүл!
Сіздің кепілдік жарнаңыздан 2020 жылғы қаңтардағы және 2021 жылғы қаңтардағы төленбеген екі жалдау төлемі есептен шығарылды, сондай-ақ 2020 жылғы ТЖ кезінде 2 айға кейінге қалдыру бойынша төленбеген сома бар. Салыстыру актісін алу үшін өтініш жазып info@fnsk.kz поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Құрметті Болатқан Айтқожанұлы! 27 маусым 2016 жылы "Асыл Арман" тұрғын массиві, 21 үй, 163 пәтерді жалға алу, сатып алу шартымен алған болатынмын. Алайда, ағымдағы жылдың 05.03.2021 жылы, 3 жакты келісім шарт жасасып, жоғарыда көрсетілген пәтерден бас тарттым. Арадан 1 ай өткеніне қарамастан Сіздің мекеме тараптарыңыздан қайтарулуға жататын 840 000 тенгеге жуык қаражат осы күнге дейін қайтарылған жок. Неге Сіздің мекемеңіз заңсыз 2 ай маған тиесілі қаражатты ұстайды???? Әлде бұл мекеме әр азаматтардан осылай 2 айлық қаражаттарын коммерциялық түрде айналымға шығарады ма??? Шұғыл жауап беруіңізді сұраймын!!!
Жауап
Сәлеметсіз бе, Азамат!
Үш жақты келісім-шарттың 2.2.1 тармағына сәйкес Жалдау шарты бойынша Жалгер-1 көтерген нақты жалдау төлемдері мен кепілдік жарна (бар болса), бастапқы жарна сомасы, Өзгеге беру Шарты өкілдік органнан тіркеуден өткен сәттен бастап 60 (алпыс) жұмыс күн ішінде Жалгер-1, берілген реквизитқа сәйкес Жалға беруші төлем ақыны жүзеге асырады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе,мен Қарағанды қаласында тұрамын,бірақ Нұрсұлтан қаласынан үй алғым келеді.Үйді следуший выкуппен алуға болама
Жауап
Қайырлы күн, Гулсара!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Құрметті Болатқан Айтқожанұлы! Мен Атырау қаласы,ЖК "Жеруйык" Нурсая пр 2, 3үй, 42 пәтер бойынша жалға алушымын! Мен ай сайынғы төленетін аренда төлемі басқа счетқа түсіп кетеді, немесе мүлдем счетқа түспей екі орта тұрады, соңында мені гарантиний платеждан алып, мені қарыздар етіп қояды, осымен екінші жағдай.Неге ай сайынғы төленетін платежды көріп отыратын қылмасқа, немесе бізге менеджерлер согып отырмасқа, біз ештеңеден хабарымыз жоқ отырамыз,соңында қарыз болып шығамыз.Осы сайтта личный кабинеттен қарайды екен оны да бүгін біліп отырмыз,ол бізге ыңғайлы емес!Телефонға жауап беретін менеджерлерден мардымды жауап ала алмаймыз!Электронды почтаға жазыңыз дейді хатты,ол бармайды,қабылданбайды деп келеді.Қазіргі таңда тағыда ақшаның счетқа түспеуінің кесірінен қарыздар болып отырмын.Осы хатымды жауапсыз қалдырмассыз деген ойдамын!
Жауап
Қайырлы күн, Динара!
Салыстыру актісін ұсыну үшін өтінішіңізді электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз info@fnsk.kz және төленген барлық чектерді жіберіңіз сұраймыз. Сондай-ақ, жеке кабинет тестілік режимде жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!