Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Биржан Ораз

    ассалаумагалейкум маган уйдин акшасын толеу кйындау болып отыр 4 балам бар Аллага шукир бтр кызым инвалид асма уйдин ай сайынгы толемин азайтып берсениздер менингайлыгым 50мын комектесинизши сауап тан кур калманыз колыныздан келедиго жауап берсениз

    Қайырлы күн, Биржан!

    Тұрғын үй кешендерінің құрылысы «Нұрлы Жер»мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды «сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты айсайынғы жалдау төлемдерінің мөлшерін азайту мүмкін еместігін хабарлаймыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гаухар Окасова

    Сәлеметсіз бе? Өскемен қаласында жақын арада (2-3 тоқсан 2021 ж) эксплуатацияға берілетін тұрғын үй кешендерінде арендалық баспана бағдарламасы бойынша пәтерлер болады ма?

    Сәлеметсіз бе, Гаухар!

    Бүгінгі таңда Өскемен қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/rezultaty  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Ахад Сыздык

    Болат Айтқожанұлы! Менің 2019 жылдың 11 наурызындағы №113213905 тұрғын жайды сатып алу құқығымен жалдау шарты (ары қарай - Шарт) бойынша бүгінгі таңда enpf-otbasy.kz платформасында ақша қаражаты Сіздер ұсынған 18.02.2021 жылғы №11-3/745 анықтамада көрсетілген деректемелер бойынша аударылды. Ендігі кезекте Шартқа қосымша келісімге тұру және төлемдердің жаңа графигін алу бойынша қандай органға жүгінуге болады?

    Қайырлы күн, Ахад!

    «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дан ақшалай қаражат Сіздің шартыңыз бойынша берешекті өтеу есебіне түсті. Жақын арада Сіздің электрондық поштаңызға жаңа төлем кестесі жіберілетін болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Саламатсыздар ма? Сіздер неге тел көтермейсіздер! Масқара ғой мынау деген үнемі телефон алмау деген! Мына тел жауап бермейді тіпті звонок бармайды !Маған жаңа погашение керек ЕНПФ счетымдағы ақшам аударылыд деді Отбасы банк! Сондықтан жаңа погашение берулеріңізді өтінемін ! 559004 тел алмайды неге? 575511 тоже алмайды Неге?

    Қайырлы күн, Гулзина!

    Қоңыраулардың көп түсуіне байланысты желі шамадан тыс жүктелуі мүмкін.
    24.02.2021 жылы сіздің электрондық поштаңызға төлемдердің жаңа кестесі жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айдос Қабылов

    Сәлеметсізбе Болатқан А! Қашан Өскемен қ.,Есенберлина 23 кв 99 бойынша прием докум қабылданады? 25-27 қантар аралығында конкурс болған еді.,әлі саитқа шығармады ,неге көп созылды???

    Қайырлы күн, Айдос!

    Жалға алушының Өскемен қаласы, Есенберлин даңғылы, №23 үй, № 99 пәтер мекенжайы бойынша орналасқан пәтерді жалдау шартын бұзудан бас тарту туралы өтінішіне байланысты 25.01.2021 жылдан бастап 27.01.2021 жылға дейін қабылданған № 99 үш бөлмелі пәтерді сатып алуға өтінімдері күшін жоюға жатады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Саламатсыздар ма? Мен ЖК Шығыс тұрғыны Дауетаева Гулзина Ашимхановна Сідердің мына тел неге үнемі сөндірулі ? электронно менеджерге хат жазамыз оқымайды! Мен ЕНПФ счетымдағы ақшаны аудару үшін Асел деген қызға 1 Ай болды құжаттарым әлі дайын емес рукаводствода подпистте жатыр дейді ! Уже 1 Ай болады! Телефондарыңыз үнемі істемейді Неге? Сонда мен құжаттарды алу үшін Президентке хабарласуым керек пе? Мына номер 87172559004 Шығыс тұрғындарымен жұмыс жасайтын қыздар неге жұмысына дұрыс қарамайды халықпен дұрыс жұмыс атқармайд? Менің құжаттарымды алу үшін тағы 1 ай күту керек пе?Примите меры!

    Қайырлы күн, Гулзина!

    Сіздің өтініміңіз дайын және 2021 жылғы 16 ақпанда сізге қолма-қол жіберілді. Біздің менеджерлеріміздің жұмысына қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.

    Туындаған жағдай үшін кешірім сұраймыз!

  • Сұрақ: Нұрлан Аймахан

    Ассалаумағалейкум Болатқан Айтқожанұлы мен Аймахан Нұрлан Қазуллаұлы иин.820627300882 Қызылорда қаласы Демесінов көшесі 77А _4 пәтер тұрғынымын. Мен осы үйді САМРҰҚ арқылы 20 жылға ипотекаға алған болатынмын. Ендігі жерде президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ артық артылған ақшаны байдалануға болатын бағдарламасына орай қазіргі таңда өзіме тиісілі ақша ТҰРҒЫН ҮЙ ЖИНАҚ БАНКІНЕ 1312776,00 теңге түсіп тұр . Осыған орай Самрұқ info@fnsk.kz сайтына для ЧАСТИЧНОГО ПОГАШЕНИЯ туралы ЗАЯВЛЕНИЕ жазып жіберген болатынмын. Ендігі жерде ешқандай хабар айтпай отыр ,звондасам телефон жауап берілмейді 55-90-04 .Өтініш дұрыс жаздымба ,дұрыс толтырылды ма білмей отырған жайым бар КӨМЕК БЕРСЕҢІЗ. РАХМЕТ СІЗГЕ.

    Сәлеметсіз бе, Нұрлан!

    Сіздің өтінішіңіз біздің электрондық поштамызға келіп түсті, алайда оны тіркеу мүмкін болмады, өйткені өтінішке қоса берілген файлдар (құжаттар) бүлінген және оларды ашу мүмкін болмады. Өтінішіңізді қайта жіберуді сұраймыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Мурат Ыскаков

    Актаудағы самрук казынамен алған уй сапасына бағасы сай емес. Сол жөнінде камися сайлап тексеруді өтінем. Және көптеген нарушениялар бар.

    Сәлеметсіз бе, Мұрат!

    Сіз бас менеджердің электрондық мекенжайы  b.yessim@fnsk.kz  бойынша,  өтінішіңізде қозғалған мәселелер бойынша толығырақ ақпаратты көрсетуіңізді сұраймыз.

    Қызығушылық танытқандарыңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Ахад Сыздык

    Құрметті Болат Айтқожанұлы! Бүгінгі таңда, "Самұрық Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ-мен 2019 жылы 11 наурыз үйді жалға сатып алу туралы №113213905 келісім шарт жасаскан болатынмын. Мемлекеттік зейнетақы қорынан өзіме тиесілі қаражатты алуға өтініш беріп қазіргі кезде қаражат Отбасы банк шотына түсіп отыр, ары қарай қаражатты мақсатты пайдалану үшін Сіз басқарып отырған кәсіпорыннан берешекті өтеу туралы анықтама алу қажеттілігі туындап отыр. Ал сіз басқарып отырған кәсіпорыннан аталған анықтаманы алу бүгінгі таңда қарапайым жеке тұлға үшін азаппен тең, себебі арыз 15 жұмыс күн ішінде қаралады, ЕНПФ порталына түскен өтінімнің қарау күнін ескерсек Сіздің кәсіпорыннан анықтама алғанша өтінім уақыты өтіп кетері сөзсіз. Осы ғылыммен техниканың дамыған заманында осы процедураны жеңілдетуге болмайды ма? ЕНПФ 11 566 058 есеп-шотқа қызмет көрсетеді екен, зейнетақы қорына берген өтінішім 3-5 күн аралығында қаралып сапалы қызмет алдым. Менің Сіздің атыңызға берген өтінішім 11 ақпанда жолданғанына қарамастан, + 7 7172 57 55 44 телефонындағы тұлға арыздың түскенін қуаттай алмай отыр, info@fnsk.kz электрондық адресіне жолданған арыздың осы уақытқа дейін түспеуі мүмкін емес, ал бүгін түс уақытынан соң ол телефонмен хабарласу тіпті мүмкін емес. Ұлттық әл-ауқат қорына қарайтын кәсіпорын неге клиенттеріңіздің өтініштерін жылдам қарай алмайды, Бірыңғай зейнетақы қорына келіп түсетін арыздардың жанында Сіздерге келіп түсетін арыздардың саны салыстыруға келмейтін шығар, құрметті Болат Айтқожанұлы, Президент айтқандай "Сапалы қызмет заман талабы" деген қағиданы басшылыққа алып азаматтардың проблемаларын шешуді қолға алсаңыз екен.

    Қайырлы күн, Ахад!

    Біздің менеджерлер Сіздің сұрау салуыңызды кезек тәртібінде өңдеп, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша жауап береді.

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Айнагүл Жұмағұлова

    Құрметті Болат Айтқожанұлы!Саламатсыз ба? Мен Жұмағұлова Айнагүл Қуанышбайқызы "Самұрық Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ-мен 2015 жылы 27 шілдеде үйді жалға сатып алу туралы №104206244 келісім шарт жасаскан болатынмын.. Жылжымайтын мүліктің мекен жайы; Ақтөбе қаласы Юнис Сити Бокенбай батыр 155/7 пәтер 332 үй. Енді осы үйді толықтай ақшасын төлеп сатып алғым келеді ол үшін не істеуім керек ? Өтініш жазу керек пе? Қандай мүмкіндік бар?

    Қайырлы күн, Айнагүл!

    Жылжымайтын мүлікті мерзімінен бұрын сатып алу тәртібі "Сатып алу құқығымен жалдау" шартының 6-бөлімінде айқындалған.
    Сізге info@fnsk.kz электронды поштасына толық сатып алуды жүзеге асыру туралы өтініш жазып жіберу қажет.
    Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі бойынша менеджер Әсел Аминоваға хабарласуға болады.

    Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!