Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Сәлеметсіз бе, Болаткан Айткожанович. Өскемен қаласы бойынша Самұрық қазынаның сату бөлімін (менеджерлерді)қай адрестен табуға болады?
Жауап
Сәлеметсіз бе, Гульмира!
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Өскемен қаласында филиалы жоқ. Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсеге 8 (7172) 57-55-11 телефон нөмірі және info@fnsk.kz электронды пошта арқылы жүгіне аласыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Болатхан Аитхожанович салеметсиз.Оскемен каласынан хабарласып турмыз.Апаиым самрук казынадан 2 болмели патер алган.Соны толеи алмаган сон улкен апаиым казыр уакытында толеп отыр.Переуступка жасауга болады ма ?СИЗДИН КОМЕГИНИЗ КАЖЕТ БОЛЫП ТУР.РАХМЕТ....
Жауап
Сәлеметсіз бе, Алия!
Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, туыстарына құқықтарды тікелей беру мүмкін емес.
Алайда, Үй-жайды сатып алу шартының 10-бөліміне сәйкес, Жалға алушы үй-жайды қайталама өткізу құқығын интернет арқылы жүзеге асыра алады.
Үй-жайды қайталама өткізу ай сайынғы жалдау төлемдерін, бастапқы жарнаны және Жалға алушы жасаған сату құнын мерзімінен бұрын ішінара өтеу сомасын қамтитын Жалға алушының шеккен шығындарының сомасын өтеуге дайын адамдар үшін https://dom.fnsk.kz/ сайтында жүзеге асырылады.
Егер Жалға алушыға өтелуі тиіс соманы төлеуге дайын Өтінім берушілердің болмауына байланысты тұрғын үй-жайлар Интернет арқылы бөлінбесе, Жалға алушы болашақ Жалға алушыдан тұрғын үй құнының бір бөлігін өтеу бойынша шеккен шығындарының орнын толтыру үшін өз үміткерін ұсынуға құқылы.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізба, Болатқан Айтқожанұлы! Маған ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде, жаңа өтеу кестесі қашан жасалады? «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның есеп шотына «Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ-нан 817 000 теңге .2021 жылдың 22 желтоқсанында түсті. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа қосымша келісім жасалама? Ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде негізгі шарттағы 6 -бөлім 6.8.-бөлімшесіне сәйкес сыйлықақы мөлшері 20% ға азаядыма?
Жауап
Қайырлы күн, Дариға!
6.6 тармағына сәйкес, бастапқы жарна және мерзімінен бұрын ішінара өтеу кезінде ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері азаяды, бұл ретте жалдау мерзімі сақтала отырып, 3.13-тармаққа сәйкес Жалдау төлемдерінің кестесі (№2 қосымша) өзгереді.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Мен Ақтау қаласында 32а мкр 9 д үй алғанмын. Договор N112218158. Қазіргі уақытқа дейін мен уақытынан бұрын арендалық төлемді төлеп келемін. Күні бүгін өзімнің жалпы төлемім нақты дұрыс түскенін анықтау үшін Самуруқ менеджеріне хабарластым(көп мендежерлер телефон көтермейді немесе өшірулі) маған Гарантинный платеждан 129000 мың теңге бергініз (долг) бар деп сонда айтты. Сонда тұрғынға ескертілмей анықтамай неліктен ұсталынады? Және неге соғып айтпайды миллионға дейін өскенше мен білмей отырамынба? Бұл Халықтың әлеуметтік жағдайын неге ойламайды? Және де мен ескеретінім әр дайым уақытылы төлеп келемін( арендный платеж алдын ала) , коммуналдық (тоқ, су, отопления, кск долг жоқ) төлеп отырмын. Налог 6000 шыққан оны да өзім сұрап біліп алып отырмын . Енді неге менен Гарантинный платеждан ақша ұсталынады?
Жауап
Қайырлы күн, Айнур!
Сіздің келісім-шартыңыз бойынша толық ақпарат поштаңызға жіберілген.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Қайырлы күн Болатхан Айтқожаұлы!Мен Алматы қаласы Наурызбай ауданы Шұғыла ықшам ауданы 341/3 үйдің тұрғынымын. 2019 жылдың наурыз айында 1 бөлмелі пәтерді жалға ала отырып сатып алу кезегімен алдым,сол пәтерді отбасын құруыма байланысты 2 бөлмелі пәтерге ауыстырғым келеді. Соған байланысты көмек беруіңізді сұраймын.
Жауап
Қайырлы күн, Куралай!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның ішкі ережелеріне сәйкес, жеке тұлға тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы сатып алу құқығын бір рет қана жүзеге асыра алады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен 2топ мугедегимин ,Уй алуга женилдик бар ма екен?
Жауап
Қайырлы күн, Зауреш!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады. Сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы тұрғын үйді сатып алудың негізгі өлшемшарттары мынадай:
1) Соңғы 36 (отыз алты) айда тұрғын үйдің болмауы немесе жылжымайтын мүлікпен мәмілелердің болмауы, не тұрғын үй жағдайларын жақсарту, яғни отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден кем келетін осы қалада тұрғын үйдің болуы.
2) Ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі.
3) Бұған дейін өтініш беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шарттары бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алмаған болатын.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассламуалейкум құрметті Болатқан Айткожанович. Ақтау қаласы 32а ш/а 9 дом тұрғынымын. Картиндік қиындықтарға байланысты төлем жасай алмадым. Бірақ кешіктіріп 668 000₸ 01.10.2021 төлем оператордың айтуы бойынша толық төлем осы сумма деп айтты. Мен сол сумманы казпочта арқылы төледім. Енді маған 1 230 796 ₸ көлемінде қарыз бар деп хат келді. Ешқандай оператор телефон арқылы дұрыс жауап бермейді. Договор номер 112218107. Осы мәселені тез арада шешіп беруіңізді сұраймыз.
Жауап
Қайырлы күн, Батырбек!
Сіздің поштаңызға салыстыру есебі жіберілді.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, қадағалаушы менеджеріңіз – Әсел Трумоваға +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Армысыз! Пәтерді жалға ала отырып сатып алу кезінде: 1. Өсім (процент) бар ма? 2. Алғашқы жарна қажет па? Рахмет.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Зәмзәм!
«Жалға берілетін тұрғын үй» тетігі арқылы тұрғын үйді бөлу шарттары бойынша жылдық 10% мөлшерінде сыйақы көзделген. Бастапқы жарнаны төлеу бойынша талап жоқ.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба Болатқан Айтқожаұлы. Асыл арманнан сатып алу құықығымен жалға алған үйді, зейнетақы қорымдағы шекті сомадан асқан ақшамды салып сатып алсам болама? Егер болатын болса, ол үшін не істеуім керек? Алдын ала рахмет.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Жандос!
Біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын мынадай мақсаттарда пайдалануға болады: тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу үшін.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша толық/ішінара өтеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану үшін:
1)«Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ-да арнайы шот ашу;
2) enpf-otbasy.kz платформасында БЗТ алуға өтініш беру;
3)қаражатты өзінің арнайы шотына аударуды күту;
4)тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатын көрсете отырып, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға kense@fnsk.kz электрондық мекен-жайына өтінішпен (өтініш нысаны қоса беріледі) жүгіну (жеке тұлғалардың өтініштері 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады);
5)«Samruk-Kazyna Construction» АҚ берешегі туралы анықтаманы береді;
6)берешегі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасын PDF форматында enpf-otbasy.kz платформасына жүктеу қажет;
7)мақсаты расталған жағдайда, «Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ ақша қаражатын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның банк деректемелеріне аударады;
8)уәкілетті оператордан ақшалай қаражат түскеннен кейін, үй-жайды мерзімінен бұрын толық сатып алған жағдайда, меншікке беру шартына қол қойылады, ал ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде, жаңа өтеу кестесі жасалады. (*дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа қосымша келісім жасалады). Толық ақпарат сілтеме бойынша https://skcn.kz/kz/page/instrukciya-po-ispolzovaniyu-pensionnyh-nakopleniy-epvБізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Мен Асыл Арман тұрғынымын, қәзір бізде Самұрық Қазына тарапынан пәтерлерді кезектен тыс тексерілу жүргізілуде. Тексеру уақыты сағат 14:30-19:00 аралығында, бұл уақытта біз жұмыста боламыз. Самұрық Қазынаның Алматыдағы бөліміндегі қызметкерлерге хабарласып мен тұратын үйге қай күні келесіздер десем, біз оны айта алмаймыз дейді. Сізге сұрақ осы тексеруге байланысты неге кесте жасалмаған әр үйге қай уақытта келетіндігі туралы. Сізге сұрақ бізге тексеріс қай күні келетінін білмесек, сонда үйді көрсетуіміз үшін біз жұмыстан он күнге сұрануымыз қажет пе, осыған байланысты әр үйді тексеруге байланысты кесте құрылса
Жауап
Қайырлы күн, Нурбапа!
Біз кері байланыс алғанымызға қуаныштымыз, бұл ақпаратты біздің қызметкерлер ескеретін болады.
Сонымен қатар, сіз +7 (708) 222 78 88 телефон нөмірі бойынша менеджеріміз Цхе Виниаминге хабарласуыңыз керек.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!