Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Али Айкенов

    Ассалаумағалейкүм, Өскемен қаласында 113/1-113/8 позициялары 2 кварталда берілу керек болатын, неге ай сайын шегіндіріп жатыр, нақты берілетін уақыты қашан???

    Сәлеметсіз бе, Али!
    Инвестициялау шартының талаптарына сәйкес, объектіні пайдалануға бергеннен кейін Құрылыс салушы пәтерлерді Қоғам меншігіне беруі тиіс, содан кейін Қоғам пәтерлерді «Нұрлы Жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес өткізеді. Қазіргі уақытта Құрылыс салушы пәтерлерді Қоғам меншігіне беруді жүзеге асыруда, оларды өткізу 2020 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Маржан Дакен

    Сәлеметсіз бе! Жалдасымыз екеуміз 2014 жылы Алматы қаласынан үй алған едік. Енді сол үйді Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырғымыз келеді. Қалай жасауға болады? Бұл жайлы толық ақпаратты кімнен алсақ болады?

    Сәлеметсіз бе, Маржан!
    "Нұрлы жер" бағдарлама шарттарында өңірлер арасында пәтерлерді айырбастау қарастырылмаған.Алайда, жалға алушылар бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша өз құқықтарын басқаға беруге құқылы. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Сол себепті барлық ақпаратты "skcn.kz" сайтынан қарап алуыңызға болады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Бибигуль Петрова

    Салеметсызбе мен не полный семья болып очередьте турмын Атырау каласынан. Сизгерде арендной жилья га тапсыра аламынба

    Қайырлы күн, Бибигуль!
    Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Атырау қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.
    Жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін. Алайда, жалға алушылар бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша өз құқықтарын басқаға беруге құқылы. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Сол себепті барлық ақпаратты "skcn.kz" сайтынан қарап алуыңызға болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Гүлбану Оынбева

    Мен жалға үй алғым келеді ол үйді өзіме қалай аударам жалғыз басты анамын маған жолын түсіндіруіңізді өтінем жауп беруіңізді асыға күтем . тел: 87763390983

    Сәлеметсіз бе, Гулбану!
    "Нұрлы Жер" бағдарламасының шарттарына сәйкес, бағдарламаға төлем қабілеттілігін растай алатын және тұратын аймақта жылжымайтын мүлкі жоқ ҚР азаматтары немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін азаматтар қатыса алады.
    Бүгінгі таңда Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Бұл кешенде жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. Осы объектідегі жылжымайтын мүлікті сату туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz." сайтында орналастырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Эльмира Нурымбетова

    Саламатсыз ба? менім қоятын сұрағым 2019 жылы қаңтар айында уйді ипатекаға алдым. Енді мен уйдің толық суммасын жапқым келеді қалған 19 жылдың пайызын алып тастай ма қалай болады толық түсіндірме алсам осы сұрақтар бойынша қай жаққа кіммен сөйлесуге болады алдын ала рахмет

    Қайырлы күн, Эльмира!
    "Samruk-Kazyna Construction" АҚ қашықтан жұмыс режиміне ауысуына байланысты, жалдау төлемдері мәселелері бойынша сіз жетекшілік ететін менеджердің электрондық мекенжайына жүгіне алады. Біздің менеджерлеріміздің электрондық мекен-жайларын мына сілтеме бойынша таба аласыз: https://skcn.kz/ru/news/news/474. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Жузимай Сатышова

    Сәлеметсіздер ме? Мен Шымкень қаласындағы Адия ТК нен баспана алған болатынмын. Созаявитель ретінде қызыммен күйеубалам қосылып еді. Олар мемлекеттік қызметкер ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекке тұрған болатын. Кезегі келіп қалса баспана алуына Самрұқ қазынада Созаявитель ретінде тіркелгені үшін кедергі болады ма болмайды ма? Енді олар өздері баспаналы болу керек қой!

    Қайырлы күн, Жузимай !
    Тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру тетігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бағдарламалары шеңберінде сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы тұрғын үй-жайды бір реттен артық сатып алуға құқығы бар ҚР азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар үшін көзделген. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бағдарламалары шеңберінде тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шарттарын жасасқан тұлғалар, сондай-ақ табыстары МСАП есебінде пайдаланылған сатып алу құқығымен жалдау шартында көрсетілген отбасы мүшелері өз құқығын іске асырған жеке тұлғалар болып есептеледі. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Галия Шабалова

    Менин сизден сурагым келген Оскеменнен квартира бар ма? Кай кезде бериледи Алу ушин кайда жазылады?

    Қайырлы күн, Галия!
    "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Бұл кешендегі жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. Осы объектідегі жылжымайтын мүлікті сату туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz." сайтында орналастырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Алия Пауен

    Мен Пауен Алия Самрук Казына Актау 32а-8-50 уй алганмын қазіргі карантинге байланысты жумыстан акысыз демалыс берілуіне байланысты төлей алмай отырмын апрель,май,июнь айларын толей алмадым енди августь айында толей алмаймын жалақымыз осы айда түспейді отсрочка бересиздерма қалай толеймін.

    Сәлеметсіз бе, Алия!
    Төлемдерді кейінге қалдыру мәселесі басшылықпен қаралатын болады. Шешім қабылданғаннан кейін корпоративтік сайтта хабарландыру жариялау арқылы міндетті түрде сізді хабардар етеміз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: София Жанесеева

    Саламатсызба медицина саласында 14жыл еңбек етіп келем қазіргі таңда балама уйде отырмын уй жалдап келдім жолдасым мынандай жағдаймен жұмыссыз қалды енді квартираны қандай мүмкіндік бар алуға

    Қайырлы күн, София!
    "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Бұл кешендегі жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. Осы объектідегі жылжымайтын мүлікті сату туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz."сайтында орналастырылады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!

  • Сұрақ: Гулмира Агынбаева

    Салеметсизбе. Інім 1 ком квартира арендное жилье с выкупом алды. 2 йга оплатасын кешіктіріп жатыр. Ұстіне пеня қосыла ма және неше қосылады? Айына 78 000 тг. Рахмет

    Қайырлы күн, Гулмира!
    Сіз сұратқан ақпарат құпия боғандықтан, біз оны ұсына алмаймыз.
    "Samruk-Kazyna Construction" АҚ қашықтан жұмыс режиміне ауысуына байланысты, жалдау төлемдері мәселелері бойынша сіздің ініңіз жетекшілік ететін менеджердің элктрондық мекенжайына жүгіне алады.
    Біздің менеджерлеріміздің электрондық мекен-жайларын мына сілтеме бойынша таба аласыз:"https://skcn.kz/ru/news/news/474". Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!