
Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
сәлеметсізбе. өскемен қпласындағы үйлердің кв.м қаншадан? ЖССБ арқылы алуға болама жауап күтем
Жауап
Қайырлы күн, Нұржан!
Өскемен қаласындағы пәтерлерді сату нысан құрылысы аяқталғаннан кейін басталады.
Құны мен әдісі туралы шешімді Қоғамның уәкілетті органы мүлік пайдалануға берілгеннен кейін қабылдайды. Қабылданған шешім туралы ақпарат Қоғамның корпоративтік сайтында "skcn.kz" жарияланады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Саламатсыз ба!Актобе қаласының тұрғынымын.Самрук қазына бағдарламасымен үй алуға үлгермедім.Жалғыз мен емеспін көптеген адам осы бағдарлама бойынша үй алуға үміткер.Қазіргі кезде менің айналамда жиырма үміткер бар мен білетін.Батыс 2 ауданда центргрупп"Бавария"үйін салып жатыр.Сол үйді бағдарламамен беріп,халыққа жағдай жасаңызшы.
Жауап
Қайырлы күн, Аяжан!
Ақтөбе қаласында Қоғам «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінде және «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде пәтерлер салып, сатты. Жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысына қаражат бөлінген жағдайда, Қоғам Ақтөбе қаласында құрылыс салушылардың Ақтөбеде жаңа тұрғын үй кешендерін салуға қаражат бөлу туралы өтініштерін қарауға дайын.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
ЖК Адия үйлердің крышасынан су кетіп,суағырынан подвалға су кетіп жатыр. Үйдің сырты талапқа сай емес. Подьезд краскасы түсіп,жатыр. Подъезд кафелдері әлі қойылған жоқ. Балалар алаңшасы қашан істеледі? Келіп көзбен көрсеңіздер. 1ай төлемесек сразу хат жібересіздер үйді босат деп. Өз қателіктеріңізді қашан жөндейсіздер? Самрұқ Қазына.
Жауап
Қайырлы күн!
«Адия» тұрғын үй кешенінің жалпы аумағындағы ақауларды жою мақсатында АО "Samruk-Kazyna Construction" «ПМК-7К» ЖШС-мен жұмыстарды сатып алу туралы келісім жасасты. Қазіргі уақытта мердігер жұмыстарды келісімшартта белгіленген мерзімде орындауда. Тұрғын үй ғимаратының жертөлелерін жаңбыр суларымен су басу мәселесіне қатысты АО "Samruk-Kazyna Construction" «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне осы мәселені шешуге көмек сұрап өтініш жіберді. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет! -
Ассалаумағаликум. 2018 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында, Жерұйық ТК дан пәтерге ие болған едім. Енді мекен жайға тіркелу жұмыстарын онлайн арқылы жүргіздім. Сіздердің растауларыңыз керек болып отыр. Бұл әрекеттің мүмкін ба? Рахмет
Жауап
Cәлеметсіз бе, Жансейт!!
Азаматтарды тіркеу тек «Samruk-Kazyna Construction» АҚ келісімі болған жағдайда ғана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жүгіну арқылы жүзеге асырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет! -
Саламатсызба. Актобеде Аренда пәтер бітіватыр. Батыс2 1г үйінен берген уақытта бізге жетпей қалды. Біз де мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алғымыз келеді. Ұлттық қордан болінетін ақшаны неліктен халықтан аяйсыз. Актобе қаласында 700ге жуық халық тұрады. Бізге əлі де 3-4үй керек.
Жауап
Қайырлы күн, Асель!
Ақтөбеде қаласында Қоғам «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінде және «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде пәтерлер салып, сатты. Егер Қоғам "Бавария" тұрғын үй кешенін салған жағдайда, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлерді сатып алуға жалға беруге болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
Құрметті жоғарыда отырғандар! Бір уақыт халыққа көңіл болсеңіз .Мемлекеттік бағдарлама бойынша Актобе қаласында Батыс 2ауданында Центргрупп салып жатқан "Бавария"тұрғын үйін қарапайым халыққа арендаға берсеңіз жақсы болар еді.
Жауап
Қайырлы күн, Айжан!
Ақтөбеде қаласында Қоғам «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінде және «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде пәтерлер салып, сатты. Егер Қоғам "Бавария" тұрғын үй кешенін салған жағдайда, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтерлерді сатып алуға жалға беруге болады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
Қайырлы күн! Мен Шуғыла бағдарламасымен 29 пәтер конкурсына қатысып, конкурсты ұтып алдым. Бірақ Центр кредит банкке құжаттарымды өткізгеннен соң, олар МСАП есептелген қағаз берді. МСАП мөлшері 130 000 тг деп көрсетілгеніне қарамастан, мен айына 200 000 төлеп тұра аламын. Тек карантин жағдайына байланысты құжаттарды толық өткізе алмадым. Менде депозитте ақша бар, бірақ оны неге есепке алмайды керек болса анамның атындағы үйді залогқа қоя аламыз. Бүгін конкурстың құжаттарын өткізетін соңғы күн дейді. Осы жағдайды тез қарастырып бере аласыздар ма, өтініш!
Жауап
Қайырлы күн, Айсауле!
МСАП-ты тек екінші деңгейлі банктер есептеп анықтама бере алады, есептеу кезінде ресми кіріс есепке алынады. Ай сайынғы жалдау төлемін төмендету үшін өтініш беруші бастапқы жарна енгізуге құқылы. Егер сіз бастапқы жарна енгізгеннен кейін ай сайынғы жалдау төлемі 130 000 теңгеден кем болса, онда сіз сатып алу құқығымен жалдау келісім-шартын жасай аласыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсизбе биз арен.жилье калай алуға болады?
Жауап
Сәлеметсіз бе Асемгүл!
Жақын арада (2020 ж. 3-тоқсан) Өскемен қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерді сату жоспарланып отыр.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі туралы хабарлама skcn.kz сайтында орналастырылады.
Қатысу үшін хабарлама жарияланғаннан кейін өтініш беру керек. Қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет! -
Сәлеметсіз бе! Мен Семей қаласынан хабарласып тұрмын. Маған 8202 тенге мөлшерінде 2020 жылғы мүлік салығын төлеу үшін хабарлама келді. Бүл салықтың мөлшерлемесі неге көп. Және де мен 3 топтағы мүгедек салық төлеуге міндеттімін бе? Алдын-ала рахмет!
Жауап
Қайырлы күн, Жанар!
Сіздің өтінішіңізге жауап электронды поштаңызға жіберіледі. Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 57-55-11 телефон нөміріне хабарласа аласыз. Қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет! -
Саламатсызба Болатқан Айтқожаұлы ! Шымкент қаласынан несиеге үй алсам деп едім. Сол үшін қайда немесе қай мекемелерге хабарлассам болады? Байланыс номерлеріңізді және осы мәселе жайында толық кеңесті қалай алуға болады? Рақмет....
Жауап
Қайырлы күн, Дана!
Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Шымкент қаласында барлық пәтерлер сатылған және 2020 жылы жаңа тұрғын-үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған. Алайда, жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін.
Жылжымайтын мүліктің қайта сатылуы туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпаратты skcn.kz сайтының "мәзір" бөлігінен алуды ұсынамыз.Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қаласындағы пәтерлерді жалға беру арқылы сатады, сонымен қатар 2020 жылдың 3 тоқсанында Өскемен қаласындағы тұрғын-үй кешеніндегі пәтерлерді сату жоспарлануда.
«7-20-25» және / немесе «5-10-20» бағдарламалары бойынша кез-келген жаңа тұрғын үй кешенінен екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеуі арқылы пәтер сатып алуға болады. Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 57-55-11 телефон нөміріне хабарласа аласыз.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рақмет!