
Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Салеметсиздерме менде сиздерге мынадай сұрақ Кызылорда қаласы Демесинов көшесі 77 үйлерге подъездердиң кире берисине сиздердиң тараптарыңыздан бақылау камералары құрыладыма? Қаладағы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы алынған үйлерге бейне бақылау камераларын қазақтелеком мекемесі келип орнатып жатыр екен осыған жауап бересиздерме алдын ала рахмет.
Жауап
Қайырлы күн,Руслан!
Қызылорда қаласы, Демесинов көшесі, 77 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үй кешенінде, жобалық құжаттар бойынша бейнекамераларды орнату қарастырылмаған. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет! -
Ассалаумагаликум Самурук Казына аркалы патер алуга болама ипотека есибинде
Жауап
Қайырлы күн, Еркін!
Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қаласындағы пәтерлерді жалға беру арқылы сатады, сонымен қатар 2020 жылдың 3 тоқсанында Өскемен қаласындағы тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату жоспарлануда.
«7-20-25» және / немесе «5-10-20» бағдарламалары бойынша кез-келген жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға болады, екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеуі арқылы. Толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 57-55-11 телефон нөміріне хабарласа аласыз.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет! -
Ақтөбе қаласынан Юнис сити районынан 1 бөлмелі уйге конкурска катысканмын.2 болып тіркелдім енді результатын кайдан білуге болады?
Жауап
Қайырлы күн, Айгүл!
Жуырда конкурстың нәтижелері Қоғамның корпоративті сайтында skcn.kz «Нәтижелер» бөлімінде жарияланады. Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет! -
Сәлеметсіз бе?! Сатып алу арқылы жалға алу үшін өтініш қалай беремін
Жауап
Қайырлы күн, Дәриға! Сізге толық ақпарат алу үшін +7 (7172) 57–55–11 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рақмет!
-
Мен Сарбухиев Дулатбек Калилоллаевич 2019жылдың қазан айының соңында келісім шартқа тұрғанмын.2 айдан астам уақытқа 2019жылға неге 9349,54 тенге төлеуім керек.Қандай негізге сәйкес ондай сумма есептелінді.
Жауап
Қайырлы күн, Дулатбек!
Сіздi біздің қызметкермен хабарласуыңызды сұраймыз: a.baisakova@fnsk.kz электрондық поштасы арқылы немесе 8 (7172) 559004 (ішкі 193) нөмірі бойынша.
-
Саламатсыз ба! Нур-Султан каласында Нурлы жер (арендное жилье) багдарламасымен кашан уйдер бериле бастайды..?
Жауап
Сәлеметсіз бе!
Нұр-Сұлтан қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2020 жылы тұрғын үй құрылысы жоспарланбаған. БІзге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Саламатсыз ба Болатхан Айткожанович .Сізге сұрағым ., мен көпбалалы отбасы ретінде очередь онлайн қалай жылдам қоюға болады ? Басында уй жоқ жинаған аздап ақшам бар , бірақ очередь қоюды ескермеппін. Бақытты отбасылық программа бойынша алайын деп ем .Айтынызшы өтінемін
Жауап
Сәлеметсіз бе, Шынар!
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша барлық ақпаратты
жергілікті атқарушы органнан біле аласыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсиздерме меним сурагым кызылорда каласы нан самрук казына дан уй алуым ушин кайда документ тапсырамыз
Жауап
Қайырлы күн, Айдана! Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Кызылорда қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын-үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.Алайда, жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін.
Жылжымайтын мүліктің қайта сатылуы туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпаратты skcn.kz сайтының "мәзір" бөлігінен алуды ұсынамыз. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Сәлеметсіз бе, құрметті Болатқан Айтқожанұлы! Мен Турлыбаев Тимур Алматы қаласынын тұрғынымын тамыз айында өткен интернет арқылы үйге өтінім бергенмін, енді маған сол өтінімді аннулировать ету қажет. Себебі 06 мамырдағы интернет арқылы болатын реализацияға өтінім беру қажет? Көрсетілген номерлерге хабарлассам ешкім жауап бермеді карантинге қатысты.
Жауап
Қайырлы күн, Тимур!
Өтінішіңіз қарастырылды (өтінім жойылды). Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсизбе мен 3 балам бар жалгыз басты анамын очередте турганыма 1 жыл болды акиматка мен арендное жилье калай заявка берем алуга боладыма по следуешем выкупом актау каласынын тургынымын пропискамда актау
Жауап
Қайырлы күн, Жулдыз!
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ақтау қаласының 32А шағын ауданында, көп пәтерлі тұрғын үйде, 3-бөлмелі пәтерлер бар. Сатып алу жөнінде келесі нөмірге хабарласуға болады: 8-701-111-22-52. Бізге хабарласқан үшін рахмет!