Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
сәлеметсізбе Болатқан Айтқожа ұлы! мен өскемен қаласынан, осы жолы конкурсқа қатысып едік 3 бөлмеліге, 26кв ойнатылды, 97ші болып 10:00де бастым солай болды,енді сонда мүмкіндік ешұанда
Жауап
Қайырлы күн, Айгерим!
Сізге https://skcn.kz/ru/news/rezultaty/547 сілтемесі бойынша конкурс нәтижелерімен танысу қажет. Егер сіз қосымша кезекке тұрсаңыз, сізге құжаттарды тапсыру қажет, себебі негізгі кезектегі өтініш беруші бас тартқан жағдайда, сіз негізгі кезекке тұру мүмкіндігіне ие боласыз. Өскемен қ., І.Есенберлин даңғылы мекенжайында орналасқан ТК-дегі пәтерлерді сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы өткізудің 2-кезеңі туралы ақпарат https://skcn.kz cайтымызда орналастырылатын болады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе. Мен Өскемен қаласы бойынша үй кезегінде тұрамын. Осы жолы ЖССБ тарапынан "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша құжат өткізіп, өттім. Бірақ, берілетін үй жоқ. Сіздер тарапынан осы жолы өткізіліп жатқан конкурсқа өтінім бердім. Кей адамдар "ЖССБ тарапынан өтіп тұрсаңыз Самұрық қазына тарапынан конкурсқа қатыса алмайсыз" дейді. Бұл қаншалықты рас? Мен сіздер тарапынан өткізілетін конкурсқа қатысып, үй алғым келеді. ЖССБ да бәрібір берілетін үй жоқ.
Жауап
Қайырлы күн, Гульмира!
«Нұрлы Жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес Бағдарламаға өзінің төлем қабілеттілігін растай алатын және тұратын өңірде жылжымайтын мүлкі жоқ ҚР азаматтары немесе өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін азаматтар қатыса алады. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй-жай сатып алуға құқық бір рет қана беріледі. Демек, егер сіздің өз тұрғын үйіңіз болмаса, сіз «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бағдарламалары бойынша сатып алу құқығымен жалға алу тетігі арқылы тұрғын үй-жайды сатып алуға арналған конкурсқа қатыса аласыз.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Квартира барма алгашкы жарнасын толесем
Жауап
Қайырлы күн, Акмарал!
2020 жылдың 5 қазанынан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша Өскемен қаласы І.Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйлерде жылжымайтын мүлікті сатуға конкурс жарияланды.
Аталған бағдарламаға өздерінің төлем қабілеттілігін растай алатын және тұрып жатқан өңірде жылжымайтын мүлкі жоқ немесе өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін ҚР азаматтары қатыса алады.
Пәтерлерді өткізу туралы барлық ақпарат Қоғамның сайтында, мына сілтеме бойынша орналастырылған:https://skcn.kz/ru/news/obyavleniya/537.Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Восточка» ТК-де «Тікелей сату» бағыты бойынша жылжымайтын мүлік өткізілуде. Аталған кешендегі жылжымайтын мүлікті екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға алуға болады. Сату бөлімінің мекенжайы: Абай көшесі, 150/230-үй, (Ислам Кәрімов көшесінің қиылысы) Гауһартас ТК, 10-блок, 859-кеңсе, тел.: 8 700 350 8888, 8 700 350 9999
Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
саламатсызба Болатқан Айтқожанұлы, сізге сұрағым мен сіздердің үш айлық кепілдеме ақшасын құйып пәтер алу жөнінде көбірек мағлұматты қайдан алсам болады. Мен Шымкент қаласының тұрғынымын, мемлекеттік қызметкермін. Жақын арада сіздерден Үй ала аламынба
Жауап
Қайырлы күн, Мейрамгул!
Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Шымкент қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған.
Жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпараты "skcn.kz" сайтының "мәзір" бөлігінде алуды ұсынамыз. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
ассалаумагалейкум мен актау каласфы 32а шагын ауданнан 2 болмели уй алдык уй сапасы оте нашар кв метр оте кымбат терезе сыныватр душтан су кетпейди унитаз тесик есиктери дурыс жабылмайдлы менин 4 балам бар биреуи инвалит асматик 120мын толеу онай емес кск жумыс истемейди дом сапасыз нашар амал жок алгасын ишпей жемей толеп отырмыз каткан нан жеп нансызда отырмыз арасында комектесиниздер уй багасын тусирип 87028078821
Жауап
Қайырлы күн, Биржан!
Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген. Бір шаршы метрдің құны ҚР Ұлттық қоры қолжетімді тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражаттың Қордың қайтаруына негізделеді. Осыған байланысты 1 шаршы метрдің құнын азайтуға мүмкіндік жоқ. ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) жұмысының сапасына қатысты шаралар қабылданатын болады, ескертулеріңіз болған жағдайда, ПИК-ке өтініш қалдыруыңызға болады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Саламатсыз ба Уй кезегинде коп балалы ана ретинде турмын. алгашкы жарнасыз интернет аркылы пәтерге заявка береаламыз ба ? кашан сол багдарламалар болады. КИК багдарламасы оте тиымды болатын. Алгашкы жарна куятын жагдайым жок . Алдын ала рахмет
Жауап
Сәлеметсіз бе, Эльмира!
«Нұрлы Жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бағдарламаға өздерінің төлем қабілеттілігін растай алатын және тұратын аймақта жылжымайтын мүлкі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін ҚР азаматтары қатыса алады. Бұл ретте, аталған бағдарламаға қатысу үшін бастапқы жарна талап етілмейді. Алайда, Қоғамның жылжымайтын мүлікті өткізудің ішкі ережелеріне сәйкес, Жалға алушылар 3 айлық жалдау төлемі мөлшерінде кепілдік төлем енгізуі тиіс.
Мұндай талап Жалға алушылардың ай сайынғы жалдау төлемдерін төлемеуі жағдайына қарастырылған. Бұл жағдайда ай сайынғы төлемдер кепілдік төлемнен алынады. Бүгінгі күні Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Осы кешенде жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылғы 4-тоқсанға жоспарланған. Өткізу туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz" сайтында орналастырылады. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
Саламатсызба Курметти Болатхан Аиткожанович мен жалгыз басты анамын. Менің жағдайыма байланысты үй алу тек сиздердин компанияларыныздан ғана келип түр.. Калай отиниш берсем кайда барсам болады...???? Жилстройсбербанктен депазит аштыргам уакытылы салып турам 2016 бери...Медицина кызметкеримин туракты жумысым бар...
Жауап
Қайырлы күн, Баян!
«Нұрлы Жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бағдарламаға өздерінің төлем қабілеттілігін растай алатын және тұратын аймақта жылжымайтын мүлкі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін ҚР азаматтары қатыса алады. Бұл ретте, аталған бағдарламаға қатысу үшін бастапқы жарна талап етілмейді. Алайда, Қоғамның жылжымайтын мүлікті өткізудің ішкі ережелеріне сәйкес, Жалға алушылар 3 айлық жалдау төлемі мөлшерінде кепілдік төлем енгізуі тиіс.
Мұндай талап Жалға алушылардың ай сайынғы жалдау төлемдерін төлемеуі жағдайына қарастырылған. Бұл жағдайда ай сайынғы төлемдер кепілдік төлемнен алынады. Бүгінгі күні Өскемен қаласындағы ТК құрылысы аяқталды. Осы кешенде жылжымайтын мүлікті сату шамамен 2020 жылғы 4-тоқсанға жоспарланған. Өткізу туралы барлық ақпарат Қоғамның "skcn.kz" сайтында орналастырылады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салеметсізбе,мен последующий выкуппен уй алгым келеді,атырау каласынан. Атырауда офистарыңыз болса или менед.номері дегендей. Барып сойлекім келіп тур уй жонінде.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Аяужан!
Бүгінгі күні “Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Атырау қаласында 2020 жылы жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланбаған. Жылжымайтын мүлік қайта сатылуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Барлық ақпараты "skcn.kz" сайтының "мәзір" бөлігінде алуды ұсынамыз. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет! -
Салеметсизбе мен коп балалы анамын казир декреттемин ЖК асыл арманнан патер калай алсам болады кезекке турган жокпын
Жауап
Қайырлы күн, Умида!
Бүгінгі күні «Нұрлы жер» бағдарламасының Жалға берілетін тұрғын үй-жалары бағыты бойынша Асыл Арман ТК-дегі барлық пәтерлер өткізілді. Алайда, жалға алушылар бұрын жасалған жалдау шарттары бойынша өз құқықтарын басқаға беруге құқылы. Жылжымайтын мүлікті қайта сату туралы ақпарат біздің сайтымызда орналастырылатын болады. Сол себепті барлық ақпаратты "skcn.kz" сайтынан қарап алуыңызға болады. Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет! -
Салематсызба Болаткан Айткожанович мен Ақтау қаласынан жазып отырмын сізге сұрағым мен бюджетник катарында кезекте тұрмын арендные жилье аркылы без первоначальный взнос квартира ала аламынба жаңадан салынып жаткан домдардан 2айлык бопем бар жолдасым жумыс жасайды
Жауап
Қайырлы күн, Асель!
Қазіргі уақытта Ақтау қаласында 32А ш/а ТК-дегі пәтерлер сатылуда. Сіз біздің менеджер Таубауева Әселмен 8 775 140 3080 телефоны арқылы байланыса аласыз немесе 32 А ш/а, 8-үй мекен-жайында орналасқан «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сату бөліміне барып, сатылатын пәтерлер туралы ақпаратпен таныса аласыз. Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!