2022 жылғы 15 шілдеде Алматы қаласына жұмыс сапары шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов Жетісу ауданы, Райымбек даңғылының солтүстігінде, Крылов көшесінің шығысында орналасқан «Gul-Ana» тұрғын үй кешенінің 3-кезегінің құрылысымен танысты.
Қоғам «KIK-Qurylys» ЖШС және «Gul-Ana» ЖШС Консорциумымен (бұдан әрі – Консорциум) ескірген тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде Құрылысқа инвестициялау туралы бірінші шарт жасасты.
2023 жылы 184 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осылайша, 9 үй бұзылып, 72 отбасы көшірілді, кейбір ескі үйлердің иелері «Алматы «ӘКК» АҚ-нан уақытша пайдалануға тұрғын үй алды.
Ескірген тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру Қоғамның инвестициялық қызметі бағыттарының бірі болып табылады.
Осылайша, оңтүстік астананың архитектуралық келбеті жаңа көрініске ие болады. Тұрғындар ескірген және тозған инженерлік коммуникациялары бар тұрғын үйдің орнына жаңа құрылыстардан баламалы пәтерлерді алады. Сонымен қатар, жаңа пәтерлер жайлы ас үй мен кең дәліздің арқасында заманауи бөлмелердің бөлініс жоспары бар ауданда көбірек болады. Тұрғын үй жайлардың ауданы – шамамен 9 756 шаршы метрді құрайды.
Жайлылық пен қауіпсіздік деңгейі бойынша «Gul-Ana» тұрғын үй кешенінің ғимараттары бір-біріне қарама-қарсы орналасқан және ішінара жабық аулаларды құрайды. Үй бейнебақылау жүйесімен және кіреберістерді күзетумен, өрт дабылымен және басқа да автоматтандырылған инфрақұрылыммен жарақтандырылатын болады.
Бірінші қабаттарда коммерциялық жайлардың – ауданы шамамен 478,26 шаршы метрді құрайды
дүкендер, кафелер және барлық қызметтер осы жерде орналасады. Осылайша, қажетті қызметтердің көпшілігі қадамдық қолжетімділікте орналасады.
Үйде 91 орынға арналған жерасты паркингі қарастырылған, ал үй маңындағы аумақ абаттандырылады және көгалдандырылады: ағаштар мен бұталар отырғызылады, көгалдар мен гүлзарлар, балалар мен спорт алаңдары, сондай-ақ ересектердің демалуына арналған алаң жабдықталады.
Инвестициялық құрылысты жүзеге асыру талаптары туралы шартқа Қоғам Басқармасының Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы және Концорцумның көшбасшысы Халиков Тахиржан қол қойды.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қазақстан өңірлерінде ескі тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша жаңа құрылыстарды жобалау және салу үшін аумақтарды іріктеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Төрағасының блогы