2022 жылғы 22 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ шешіміне сәйкес Түркістан облысында жалпы қуаты 1000 МВт дейін генерацияның маневрлік режимі бар бу-газ қондырғысы базасында электр станциясының құрлысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 100% сенімгерлік басқаруға берілді.

   Қоғам әсерлі жұмыс тәжірибесіне ие бола отырып, барлық өндірістік-шаруашылық қызметті басқаруды жүзеге асырады, электр станциясының құрылыс жұмыстарын тиісінше жүргізу, баға белгілеу мониторингі, қолданылатын материалдардың сапасы, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың мерзімдері орындалуын қамтамасыз ету мақсатында шаралар мен іс-қимылдар қабылдайды. Қоғамның штатында жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыру үшін тиісті сертификаттары мен аттестаттары бар жоғары білікті инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмыс атқарады. Осылайша, Қоғам құрылыс және іске қосу-реттеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қуаты 310 МВт бу-газ турбиналық электр станциясын (бұдан әрі – БГТЭС) пайдалануға сәтті енгізді. Қазіргі уақытта БГТЭС штаттық режимде жұмыс істейді, технопарк аумағындағы ірі инвестициялық жобаларды электр энергиясымен жабдықтайды.

   Түркістан облысында электр станциясын салудың ауқымды жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылуда. Қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, атап айтқанда, тапшыл энергия қуаттарының орнын толтыруға, Орталық Азияның (Өзбекстан, Қырғызстан) энергетикалық жүйесі тудыратын авариялық кернеуді теңестіруге және әлеуметтік тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды өздігімен үздіксіз энергиямен жабдықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл станция жаңартылатын энергия көздерін ұлттық энергетикалық жүйеге интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Станция құрылысы үшін 2 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

 

 

 

Төрағасының блогы