2023 жылғы 17 ақпанда Түркістан қаласында жұмыс сапары барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов Түркістан облысы әкімінің м.а. – Әкімнің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаймен кездесті.

Кеңеске құрылыс, жер қатынастары, білім беру, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, қаржы және мемлекеттік активтер басқармаларының басшылары, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Жиналысқа қатысушылар жер телімдерін ресімдеу мәртебесін қарастырып, инженерлік желілерді жүргізу және жергілікті материалдар мен жабдықтар өндірушілердің ұлттық жобаны іске асыру процесіне қатысу мәселелерін талқылады.

Кеңес барысында ұлттық жобаның мониторингі бойынша ақпараттық платформа көрсетілді. Платформаның бірегей артықшылығы – барлық жауапты тараптар (орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, тапсырыс беруші, құрылысшылар, техникалық қадағалау сарапшылары және басқалар) бірлесіп жұмыс істейді, міндеттерді қояды және бақылайды, нақты уақыт режимінде артық бюрократиясыз ақпараттық жүйеде туындайтын мәселелерді жедел шешеді.

Анықтама: «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектеп салу жоспарлануда (жобалық қуаты – 57 000-нан астам орын). «Samruk – Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция бола отырып, 2023 жылы 29 мектеп, ал 2024 жылы 34 мектептің құрлысына кіріседі.

Төрағасының блогы